Біліп жүр

Сапалы сурет ұсынатын 18 сайт

Сапалы сурет іздедіңіз бе?

Сапалы суретті іздеу және жүктеу қиындық тудырырады. Авторлық құқық пен сервистің ақылы болуы жұмысыңызға кедергі келтіреді. Назарыңызға тегін және пайдалы сайттар топтамасын ұсынамыз. Іздеген суретіңізді табу үшін іздеу жолына тақырыпты енгізсеңіз жеткілікті.

Dreamstime

«Dreamstime» тегін контенті бар жеке бөлімді ұсынады. Суреттер күнделікті жаңарып отырады. Жұмысты бастап кету үшін тіркеліңіз.

Free Digital Photos

Бұл сайттың сурет қоры мол. Олар түрлі деңгей бойынша бөлінген. Барлық суреттерді жеке, танымдық, коммерциялық бағытта қолдана беруге болады. Шағын диагональдағы суретті жүктеу тегін. Ал жоғары сапада жүктеу үшін ақша төлейсіз.

Free Images

Сайттың топтамасы 35 000-нан астам суреттен құралған. Барлығы тақырып және категория бойынша бөлініп орналастырылған. Жүктеу үшін тіркелуіңіз керек.

Free Photos Stock

Жоғарғы сападағы суреттерден құралған базалық жүйе. Сайтқа тіркелу міндеті.

Free Photos Bank

Сайт сапалы суреттер топтамасынан тұрады. Суреттерді тіркелмей де жүктеуге болады. Кілт сөз және тақырып арқылы іздеп, қажетті суретті таңдап аласыз.

ImageFree

Топтама тегін және ақылы суреттен құралған. Жүктеу үшін тіркелуіңіз шарт Бірақ тегін суреттер саны шектеулі.

IM Free

Ашық көздерден алынған тегін суреттер мен графиктер топтамасы. Суретті кілт сөзді теру арқылы табуға болады.

Morquefile

Түрлі фотографтардың суреттері жинақталған сайт. Бұл суреттерді жеке веб-жобаңызда қолдана аласыз. Жұмысты бастамас бұрын тіркелу қажет.

Public Domain Pictures

Әуесқой авторлардың суреттері жиналған тегін сайт. Қолдану үшін тіркелу керек. Бірақ үлкен суреттерді жүктеу үшін ақыл төлеуіңіз қажет.

Stockvault

Фотографтар мен дизайнерлерге арналған сайт. Мұнда сіз өз суретіңізді де жүктей аласыз. Өзге авторлардың суретін жеке және коммерциялық мақсатта қолдана аласыз.

Rgbstock

Фотограф пен графикалық авторларға арналған сайт. Тіркелу арқылы қажет топтамаларды жүктеуге болады.

Ancestry Images

Тарихи суреттер, географиялық экпедициялар мен фотокорреспонденттердің мұрағатынан алынған суреттерден құралған тегін мұрағат.

Big Foto

Суреттер географиялық белгісі бойынша деңгейлерге бөлінген. Ал жүктеу үшін ақыны қажет етпейді.

Gratisography

Жоғарғы сапалы суреттерден құралған тегін топтама. Топтама апта сайын толықтырылып отырады.

FreeMediaGoo

Түрлі суреттер жиналған тегін медиақор. Суреттер деңгей бойынша бөлінген. Қажеттісін кілт сөз арқылы іздей аласыз.

Wikimedia Commons

Медиафайлдардың тегін қоры. Бұл базалық жүйеде шамамен 21 миллион файл бар деп есептелінеді. Олар категориялар бойынша бөлініп орналастырылған.

Superfamous

Голландиялық дизайнердің сайты. Суреттерді жеке мақсатта тек авторға сілтеме қалдыру арқылы қолдана аласыз.

PicJumbo

Тегін суреттерді тіркелмей-ақ жүктеуге болатын сайт. Қор бойынша іздеу мүмкін емес. Ал суреттер категория бойынша бөлінген.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!