Біліп жүр

 FOMO синдромы – маңызды дүниені жіберіп алудан қорқу

FOMO синдромы: 6 белгісі мен одан құтылудың 11 жолы

FOMO (Fear of missing out) синдромы «бір маңызды дүниені жіберіп алудан қорқу» деген мағына білдіреді. Әлеуметтік желі дамыған сайын бұл синдромға шалдығатындардың саны артып келеді.

FOMO синдромының 6 белгісі

  • Смартфоныңыз қолыңызда жоқ сәтте дискомфорт сезіну;
  • үнемі әлеуметтік желіні тексеру;
  • өзгелердің өміріне шектен тыс назар аудару;
  • жоспарлаған ісіңіз оң нәтижесін бермегенде қапалану;
  • өкіну;
  • мүмкіндікті пайдалана алмағаныңыз үшін стресске ұшырау.

FОМО-дан құтылуға көмектесетін 11 кеңес

Психологиялық кітаптардан демалыңыз. Мұндай жанрдағы кітаптар, әрине, пайдалы. Бірақ мотивация алудан да демалу керек. Миды шаршатпаңыз. Күннің берекелі не босқа өтуі жайлы әркімде әртүрлі түсінік қалыптасқан.

 — Еліктемеңіз. Сүйікті блогеріңізден мотивация, үлгі алыңыз. Алайда ол сияқты боламын деп тырыспаңыз.  Әлеуметтік желіде әдетте көретініміз — әдемі кейіп. Негатив аламын, қызғана бастаймын десеңіз, ол парақшаға кірмеңіз.

Бір мезетте бірнеше істі бітіре аламын деп ойламаңыз. Әйтпесе шаруаны шала тындырып, діттеген мақсатыңызға жетпейсіз.

— «Спортпен айналысыңыз» дегеннен гөрі «Денеңізге көңіл бөліңіз» дегім келеді. Ішкі жан дүниеңізде хаос болғанда кардио жаттығуларға қарағанда йога/медитацияның көмегі зор болар. Себебі бұл практикалар рухани дүниеңізді байытуға арналған.

Дұрыс демалыңыз. Жұмыс кестесін қалай жоспарласаңыз, демалыста да солай жоспарлауға болады.

«Жоқ» дей біліңіз. Иә, сіз кеше бара алмаған іс-шара жоғарғы деңгейде өтті. Бірақ ол сізге аса қажет емес еді. Барлық ұсынысқа ойланбай келісе берсеңіз, өзіңізді жоғалтып аласыз. Сондықтан саралап, керек емес дүниеден бас тартыңыз.

Жатар алдында, ұйқыдан тұрғанда ұялы телефоныңызды қолыңызға алмаңыз. Ойлаңызшы, ас ішірде де, дәретханаға барарда да, көшеде де смартфоннан көз алмайсыз. Телефонды мүлдем өшіру тәуелділіктен шығатын жол емес. Тек уақытты шектесеңіз, кез келген іске деген концентрацияңыздың қалай артатынын байқайсыз .

Өзіңізге сын көзбен қарай бермеңіз. Мықтымын дегендердің де күш-жігері өлшеулі. Мысалы, бүгін күнімен төсектен тұрмай сериал көріп жаттыңыз. Ол кезде әріптесіңіз болса  жоспарлаған жұмысын аяқтады. Сіз ештеңе жоғалтқан жоқсыз. Сіз жай ғана демалдыңыз. Бұл демалыс сізге керек еді. Ал ертең қалыпты өміріңізге қайтып ораласыз.

Қорқынышқа тура қараңыз. Ақ қағазға өзгелермен өзіңізді неге салыстыра беретініңізді жазыңыз.

Манипуляцияға берілмеңіз. «Соңғы күн! Марафонды жеңілдікпен сатып алуға үлгеріңіз» деген посттарға мән бермеңіз. Бұл — жарнама жасайтындардың қолданатын тәсілдері. Теңдесі марафонға жазылып үлгермедіңіз бе? Өкінбеңіз, асықпаңыз, саралаңыз.

Өзіңізге сарапшы емес, адвокат болыңыз. «Бұйырған кетпейді, қуған жетпейді».

Дайындаған: Диляра Ерланқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!