Таным

SMM стратегия құрудың 5 қадамы

SMM стратегияның басты элементтері

SMM стратегия құру арқылы бизнесіңізді өркендете аласыз. Стратегия барысында ескеретін жайттар бар. Назарларыңызға SMM стратегия құру барысында не істеу керегін ұсынамыз.

Мақсат қою

Сату, баюдан басқа, нақты мақсат қойыңыз. Мысалы:

1.Сайттағы трафик: сайтқа кірушілер санын 5000 адамға немесе 50-100% көбейту

2.Брендтің атын таныту: 50 000 адамнан тұратын брендті қоғамдастық құру. Бұл аудиториямен қарым-қатынас жасау және кері байланысты дамыту үшін пайдалы болу мүмкін.

3.Бизнесті масштабтау: сатылым санын көбейтуіңіз керек.

Таңдалған мақсатқа сүйене отырып, алға жылжудың жалпы стратегиясы анықталады: пайдаланушы аккаунтқа кіргенде не істеу керек?

Мақсат анықталған кезде оны кішігірім тапсырмаларға бөлу керек. Әрбір тапсырма үшін оларды шешетін әрекеттер тізімін және мерзімін көрсетіңіз.

Мақсатты кішігірім тапсырмалар мен әрекеттерге бөлу нақты жүруге көмектеседі.  MindMeister сервисімен істеуге болады.

Мақсатты аудиторияны анықтау

Өнімді мұқият зерттеген соң оны кімге сататыны белгілі болады. Сонымен қатар бәсекелестерді зерттеу пайдалы. Ұқсас компаниялар мен өнімдерді табыңыз, олардың ұсыныстарын зерттеңіз.

Не сататынымыз анық болған кезде, стратегияны қайда жасайтынымызды жоспарлаймыз.

Әр әлеуметтік желіде әртүрлі аудитория бар: жасы, әлеуметтік мәртебесі, жынысы және т.б.

Әр түрлі әлеуметтік желілердің аудиториясына назар аударайық:

ВКонтакте желісі

Мұнда жас оқырмандар басым. Жалпы аудиториясы  46 617 000. Белсенді аккаунттар 18 798 000.

18-ге дейінгілер 24%

18-24 32.3%

25-34 32.1%

35-44 7.1%

45-тен жоғары 2.4%

Инстаграм

Мұнда әртүрлі жастағы қыздар / әйелдер өте белсенді. Ерлер 23%-ды құраса, әйелдер үлесі 77%.

Facebook

FB аудиториясы үлкен адамдар. Бұл платформа ТМД бойынша онша танымал емес. Бірақ ауқатты аудиторияны табуға болады.

Сіз қандай өнімді сататыныңызға сүйеніп, қай әлеуметтік желілердің жақсы екенін анықтай аласыз.

Мысалы, егер сіз ауылшаруашылық техникаларын сатсаңыз: жылыжайлар, көліктер, құралдар, мұндай өнімді ВК немесе Инстаграмға өткізудің мағынасы жоқ. Сіздің өніміңізге қызығушылық білдіретін адамдар аз. Бірақ Одноклассники-де міндетті түрде бағбандықты жақсы көретін адамдар табылады.

Парақша ашу және әсемдеу

Парақша пен жазбаның дизайны — SMM стратегиясының ажырамас бөлігі. Ол бизнестің қандай мақсаттарға бағытталғанына тікелей байланысты.

Егер парақша ірі компанияға тиесілі болса, онда минималистік көзқарасқа сай ету керек. Компанияның түсі ескеріліп, логотип пен брендтің стиліне сәйкес дизайн жасалады.

Егер парақша шағын кәсіп үшін болса, онда сіз оның бүкіл дизайнын аудиторияны тарта алатындай етіп жасауыңыз керек.

Контент-жоспар әзірлеу

Көрермендер туралы ақпаратқа сүйене отырып, сіз клиенттермен қарым-қатынас жасайтын форматты таңдауыңыз керек.

Мүмкін болатын нұсқалар:

1.Интернет-журнал;

2.Пайдалы ақпараты бар блог;

3.Сарапшының жеке блогы;

4.Көңілді тақырыптық арна.

Көрермендердің белсенділігін арттыру үшін сіз коммерциялық посттарды ойын-сауық пен ақпаратпен араластыруыңыз керек.

Нұсқаулық;

Шолу;

Көңіл көтеру;

Тест;

Презентация.

Бастысы жазбаның саны емес, сапасы.

SMM  стратегиясын қолдану

Біз аудиторияның қызығушылығын қалыптастыратын және жазылуға негіз болатын жазбалардың базасын құруымыз керек. Алғашқы посттар сіз кім екеніңізді, не ұсынатыныңызды айтасыз. База қалыптасқан кезде, сіз жарнаманы бастай аласыз. Танымал жандардың пікірі, таргет жарнама, жарнамалар мен сайыстар көмектеседі

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!