Таным

Түрлі жанрдағы үздік кинофильмдер тізімі

Түрлі жанрдағы күшті киноларды көріңіз

Түрлі жанрдағы кинолардың тізімін жасадық Карантин кезінде кино көру көңіл-күйді көтерудің бар амалы. Түрлі жағдайдарға байланысты терең ойға шомылып, депрессия болып жүргендер қаншама. Мұндай да кино көрген пайдалы. Жалпы, кино көргенді ұнатасыз, бірақ өзіңізге керегін білмей жүруіңіз де мүмкін. Balbal.kz мотивациялық сайты түрлі жанрдың ең үздік фильмдерін қарап  шығуға кеңес береді.

Саясат

  1. Билік «Vice» (2018)

Фильм адамның жасырын түрде билікке көмектесе отырып, тарихтың өзгеруіне әсер еткені туралы баяндалады. Фильм «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша Оскармен марапатталды.

  1. 12 жыл құлдықта «12 Years a Slave» (2013)

Қара нәсілділерге бағытталған теңсіздік туралы фильм. Қара нәсілді ақылды ер азамат бір сәтте қалай құлға айналғанын көрсетеді.

  1. «Арго» операциясы «Argo» (2012)

1979 жылғы 4 қарашада Ирандағы төңкеріс ең жоғарғы шегіне жетті; исламистер АҚШ-тың Тегерандағы елшілігін шабуылдап, 52 америкалықты тұтқындады. Осы кезде ЦРУ агенті Тони Мендес стратегия құрады.

  1. Шотландияның соңғы патшасы «The Last King of Scotland» (2006)

Жиль Фоденнің романына сүйеніп түсірілген фильм. Оқиға шын өмірден алынған.

Экономика

  1. Қысқа ойын «The Big Short» (2015)

Бұл 2008 жылғы әлемдік экономикалық дағдарысты Уолл-стрит төңірегіндегілерден бұрын алдын-ала болжаған бірнеше адамның өмірлік оқиғасы. Болжамдап, олар одан ақша таба бастады. Өздері оны қаламаса да…

  1. Бәрін өзгерткен адам «Moneyball» (2011)

Кино бейсбол құрамасын құрмақшы болған жігіттің оқиғасын баяндайды. Спортқа қаржының қатысы қаншалықты екенін кинода көре аласыз. Басты рөлді Брэд Питт сомдайды.

  1. Уолт-стрит қасқыры «The Wolf of Wall Street» (2013)

Джордан Белфорт 1987 жылы ең ірі брокерлік үйлердің бірін құрды, бірақ он жылдан кейін қаржылық қылмыстары үшін сотталды. Уолл-стриттің алаяқтық кезеңінде пайда болған алкоголь мен нашақорлықты жеңе отырып, екі кітап жазып, жетістікке қалай жетуге болатыны туралы дәрістер оқыды.

  1. Қаруланған барон «Lord of War» (2005)

Ағайынды Орлов Юрий мен Виталийдің ата-анасы Украинадан кетіп, Брайтон жағажайына көшіп келді. Онда олар шағын мейрамхана ашты. Балалар ата-аналарының жолымен жүруге құштар емес еді. Юрий не істеу керектігі туралы ойланып, қорытындыға келді: ең тиімдісі — қару-жарақ саудасы. Себебі агрессия толып жатқан дүниеде қару ешқашан артық болмайды.

Әлеуметтік

  1. Жасыл кітап «Green Book» (2018)

Талғампаз әлеуметтанушы, бай және талантты музыкант жүргізуші және күзетші ретінде Тониді жалдайды. Тони – аузына ие бола алмайтын, бірақ күші көп жігіт. Бұл сапар екеуінің өмірін мәңгі өзгертеді.

  1. Паразит «Gisaengchung» (2019)

Осы жылдың ең атақты азиялық кинофильмі. Ки Тэк жертөледе пицца қораптарын жинап, күн көреді. Ұлы жалған диплом арқасында бизнесменнің қызына репетитор болып жалданған кезде жағдай өзгереді.

  1. Капернаум «Capharnaüm» (2018)

Бейрут отбасысында дүниеге келген Зейннің шынайы оқиғасы. Ол кедей өмірдің тауқыметін көріп, өмірге келгеніне өкінеді. Ол өз ата-анасын сотқа береді.

  1. Дангал «Dangal» (2016)

Махавир Сингх атты шын өмірдегі спортсмен әдеуметтік жағдайы төмен болғандықтан, спортты тастайды. Оның арманы болашақта ұлын чемпион етіп шығару болатын. Алайда оның 4 қызы болады.

Ғылым мен техника

  1. Еліктеу ойыны «The Imitation Game» (2014)

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістер ерекше құрылғы ойлап табады. Ол хабарламаны Ұлыбританияның ақылды адамы табады. Бірақ олардың стратегиясы ғалымдар ойлағандай оңай емес, құрбандықты талап етеді.

  1. Шексіздікті таныған адам «The Man Who Knew Infinity» (2015)

Фильм математиканы өз бетімен меңгерген үнділік Сриниваса Раманужанның қысқа өмірі туралы баяндайды. Әлемдік премьера 2015 жылы Торонто халықаралық кинофестивалінде өтті.

  1. Интерстеллар «Interstellar» (2014)

Жердің ғұмыры күннен-күнге азаюда. Зерттеушілер тобы адамзат тарихындағы ең маңызды миссияны өз мойнына алады: адамзаттың жұлдыздардың арасында болашағы бар-жоғын білу үшін біздің ғаламшардан тыс жерлерге саяхатқа шығады.

Шешендік өнер

  1. Патша сөйлейді «The King’s Speech» (2010)

Ұлыбритания патшасының тілінде ақаулық бар. Ол көпшілік алдында сөйлеу алу қорқынышын жеңуі керек.

  1. Ұлы пікірсайысшылар «The Great Debaters» (2007)

Фильмде қара нәсілділерге бағытталған теңсіздік туралы көрсетіледі. Қара нәсілді студенттер өз құқықтарын қорғау үшін үлкен пікірталасты жеңіп шығу керек.

  1. Патшалық билік «All the King’s Men» (2006)

Өз мақсатына жету үшін кез-келген қатыгез әдістерді қолданатын қатал саясаткердің тарихы туралы баяндалады. Оның ұраны: «Жақсылықты тек жамандықтан жасауға болады, өйткені одан басқа себеп жоқ». Кітап Луизиана губернаторы Хью Лонгтың өмірбаянына негізделген.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!