Таным

Түстер психологиясы: Сіз жайлы түс қандай ақпарат береді?

Түстер сіз жайлы қандай ақпарат береді?

Түстер өзіндік құпияларға толы. Олар өзіндік мағына береді. Сіздің киген киіміңіз бен түстерді өмірде қолдануыңыз сіз туралы көптеген ақпарат береді. Сәйкесінше сіз де өзгелер жайлы қосымша ақпарат ала аласыз.

Түстердің психологиясы

Күлгін түс романтика мен үмітті білдіреді. Әйелдер үшін бұл түс ерекше болып табылады. Үмітті бейнелейтін жерлерде көптеп қолданылады. Кейде балалар түсі ретінде де бейнеленеді.

Сарғылт түс байлық пен молшылықты білдіреді. Көркемдік пен астамшылықты көрсетеді. Сарғылт түстің көп қолданылуы эгоисттік қасиеттің бар екендігін айқындайды. Қосымша түстің қызметіне жақсы келеді.

Қара түс элита, билікті көрсетеді. Мықты әрі өзгеге жақсы әсер ететін түс. Іс-әрекеттің маңыздылығы мен салмақтығын білдіреді. Адамның лауазымы жайлы ақпарат береді.

Қоңыр түс – қорғаныс түсі. Салмақты түстердің бірі. Отбасы, қауіпсіздік, қолдау секілді салаларда қолданған дұрыс. Қара түске ұқсас болып табылады.

Сұр түс тепе-теңдік пен бейтараптықты көрсетеді. Топтық ортада көптеп қолданылады. Веб-парақшада қабылдауға жеңіл. Сұр түстің көп қолданылуы іш пыстыруы мүмкін.

Ақ түс – медицина түсі. Таза ақ түс әмбебап болып табылады. Еркіндік пен бостандық сезімін беретін орта жасайды.

Қызыл түс – тоқтау белгісі. Назарды өзіңізге аудару кезіндегі ең жақсы амал. Жаман пікірлерден аулақ болу үшін бұл түсті өз орнымен қолданыңыз.

Сары түс – күлкі мен жақсы көңіл-күйдің түсі. Назарды тез аудартады. Достық пен күлкіні білдіретін түс. Қолданыс аумағы кең.

Көк түс сенім мен суықтың белгісі. Негативті көзқарасты тудырмайды. Назар аударта алмайтын түс.

Қызғылт сары түс спорт пен жемісті білдіреді. Көңіл-күйді көтеріп, күш-қуат сыйлайтын түс. Бұл түс адамда тәбет шақыра алады.

Жасыл түс – экономика мен денсаулық. Табиғат, денсаулық, байланысты көрсетеді. Қаржы саласында кең қолданыс тапқан.

Түстер мен эмоциялар

Қызыл түс адамда махаббат, сезім, күш пен қалау эмоцияларын тудырады. Сонымен қатар ашулану, қауіп, ескерту секілді кері эмоцияларды да тудырады.

Қызғылт сары түс достық, оң әрекетті, баяулық пен ебедейсіздік секілді эмоцияларды оятады.

Сары түс қуат, бақыт, жақсы көңіл-күй мен қатар сенімсіздік жауапкершіліксіздік секілді сезімдерге әсер етеді.

Жасыл түс балғындық, ақша, қызғаныш, кінәлілік эмоцияларын тудырады.

Көк түс сенім, қорғаныс, адалдық, ерлік секілді эмоциялармен байланысты.

Күлгін түс ойнау, балалық эмоцияларын тудырады.

Сарғылт түс байлық, дәстүр, эгоизм секілді эмоциялармен байланысты.

Қара түс сенімділік пен өлім, бақылау мен билік белгілерін көрсетеді.

Ақ түс қайырымдылық пен кеңшілік, жеңілдік тазалық, бос орта секілді сезімдермен байланысты.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close