Таным

Қыран құс туралы мақал-мәтелдер

Бүркіт туралы мақалдар

  • Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
  • Бүркіттің сайрағаны – өлгені.
  • Қырандарын қинаған – даласын да сыйламас, ұландарын қинаған – данасын да сыйламас.
  • Түлкі алмас қыран жоқ, құсбегісі кезіксе, жақсы болмас жігіт жоқ, ақылшысы кездессе.
  • Жеріне қарай бұланы, тауына қарай қыраны.
  • Қыран ұясының ауызынан жем іздемес, қоян інінің аузындағы шөбін жемес.
  • Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады.
  • Кәрі қыран – аңшының бастаушысы.
  • Ақиық қыран қартайса, жас жағалтайдан тепкі көреді.
  • Сыншы сырын айтпайды, бүркітші шынын айтпайды.
  • Алса – құсым, алмаса – желпуішім.
  • Ажалды қарға бүркітпен ойнар.
  • Саятшы бапшыл болса, бүркітке бақ.
  • Құс тұзаққа жем үшін түседі.
  • Бүркіт аш болса алады, тазы тоқ болса алады.
  • Бүркіт бабына келгенде қасқыр алады, қаршыға бабына келгенде түлкі алады.
  • Бүркітін мақтағанның ұясын сұра, жігітін мақтағанның нағашыын сұра.
  • Құстың алғанынан салғаны қызық.
  • Қыран құс – ер жолдасы.
  • Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.
  • Алжыған бүркіт тышқаншыл.
  • Сонаршыға із керек, із танырға көз керек.
  • Қыран құсты баптау қиын, тәтті тағамды сақтау қиын.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close