Таным

Журналистика жайлы фильмдер

Журналистика туралы кино көрейік

Журналистика қыр-сыры көп мамандықтардың бірі. Кино саласы да бұл мамандықты айналып өтпеді. Қысқа метражды фильмдер, көп бөлімді телехикаялар көрерменді артынан ерітіп, журналистиканың құпиясы мен қиындықтарын көрсетеді. Назарыңызға журналистика жайлы фильмдер топтамасын ұсынамыз.

Қайырлы түн және сәттілік, 2005 (Good Night and Good Luck)

Американың қоғамдық-саяси өміріне журналистердің әсерін айтудан Голливуд әлі де жалықпайды. Фильм репортерлердің қатысуымен орын алған тарихи оқиғаны баяндайды. «Қайырлы түн және сәттілік» тарихи драмасы журналист Эдвард Мэрроу мен 1950-ші жылдары өзінің радикалды көзқарасы арқылы белгілі болған сенатор МакКартидің арасындағы текетіресті баяндайды. Ал Джорж Клуни бұл оқиғаларды экран арқылы керемет көрсете алды.

Әзәзіл Prada киеді, 2006 (The Devil Wears Prada)

Кәсіби журналистика саясатқа ғана әсер етпейді. Ол қоғамдық өмірдің телевизия мен радио үшін есігі жабық бөлімдеріне енеді. 2006 жылы Дэвид Френкел «Әзәзіл Prada киеді» фильмін көпшілік назарына ұсынды. Фильм сән үйлері мен белгілі журналдардың жабық есігінің артындағы өмірін сипаттайды.

Зодиак, 2007 (Zodiac)

2007 жылы жарыққа шыққан бұл фильм «Сан-Франциско Кроникл»  газетінің қызметкерлерінің жұмысын сипаттайды. Олар қалада «Зодиак» атты кісі өлтірушінің қылмыстарын тергейді. Газеттің карикатурашысы Роберт Грейсмит Зодиактың өз хаттарында қолданған құпия шифрдың құпиясын ашады. Дәл осы адамның тынбай еңбектенуі арқылы Зодиактың қылмыстары полиция мен қала тұрғындарына белгілі болып отырады.

Фрост Никсонға қарсы, 2008 (Frost/Nixon)

Журналистика мен саясат арасындағы текетірестің тағы бір көрінісі. Фильм журналист Дэвид Фрост пен билігін асыра пайдаланды деп айыпталған АҚШ президенті Никсонның арасындағы сұхбаттан құралған. Ұзақ уақытқа созылған сұхбатты Фрост керемет шахмат ойынына айналдырады. Ал көрермендер костюмдегі қос алпауыттың текетіресін бақылаудан танбайды.

Қайырлы таң, 2010 (Morning Glory)

Таңғы ойын-сауық шоуының сахна сыртындағы өміріне назар салып көрейік. Біз оларды тек жақсы жағынан ғана көреміз. Ал камера өшкенде жағдай толығымен өзгереді. Жүргізушілердің бір-бірін көре алмауы, қол астындағыларға ұрысқан редактор, телеарна мәселесімен арпалысқан продюсердің жұмысы осы фильм арқылы керемет сипатталған.

Жаңалықтар қызметі, 2012 (The Newsroom)

2000 жылдардың басында өзіндік ренессансты өткерген телехикаялар журналистиканы да сырт айналмады. «НВО» арнасының кезекті телехикаясы жаңалықтар қызметінің жұмысын шынайы оқиғалар негізінде көрсетеді. Керемет жазылған диалогтар, мықты актерлік ойын көрермендерге үздік телехикаяны сыйлады.

Стрингер, 2014 (Nightcrawler)

Дэн Гилрой ұсынған триллер шұғыл репортаждар мен экстрималды түсірілімдер әлеміне жол ашады. Луйс есімді басты кейіпкер жұмыс іздеу барысында телеарнаның штаттан тыс репортері, «стрингер» атану мүмкіндігіне ие болады. Шексіз мүмкіндіктер, қауіп-қатер сезімі журналистикадан құтылуға болмайтынын көрсетті.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!