Біліп жүр

Алматыда гольфтан турнир өтті

Алматыда гольфтан 7-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында кезекті жарыс өтті, деп хабарлай balbal.kz порталы.

Оған қала әкімдігінің қолдауымен басталған гольф ойнауды тегін үйрету бағдарламасының жеткіншектері қатысты.

Жаңадан келгендер мен әуесқойлардың арасында болған жарыс «Нұртау» гольф-клубындағы чиппинг грин, паттин грин, тэйн роундж алаңдарында өтті.

— Осындай турнирлер маған қатты ұнайды. Жарысқа екінші рет келіп тұрмын. Бірақ, әлі де жүлдегер атанбадым. Өкінішті, әрине, алайда жеңісті күндер алда екеніне сенімдімін. Басында маған гольф қызықсыз ойын болып көрінген, ал, қазір оны түсініп, ұнатып жатырмын, — дейді 12-жасар Эльдар Невлютов.

Айта кетер жайт, былтырдан бастап «Нұртау» гольф-клубында қала әкімдігінің қолдауымен 7-17 жасар балалар мен жасөспірімдерге гольфті тегін үйрету сабақтары өтіп жатыр.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!