Біліп жүр

Зейін қоюды жақсартуға арналған жаттығулар мен тәсілдер

Зейін қойып үйреніңіз

Зейін қою жұмыс істеу барысында назарыңыз бен қабілетіңізді жақсартады. Кейбір адамдар зейінін бір нәрседе ұзақ уақыт ұстай алмайды. Бұл жаман қасиет. Себебі жұмысыңызға кедергі келтіріп, ойыңызды жинақтай алмайсыз. Зейін өмірдің барлық кезеңінде қажет. Бұл қасиетті өз бойыңызда жақсарту жемісті жұмыс істеудің кепілі. Назарларыңызға зейін қоюды жақсартуға арналған жаттығуларды ұсынамыз.

Бірінші жаттығу

Кез келген кітап немесе журналды алыңыз. Оның бір бетінде неше сөз бар екендігін санап шығыңыз. Мұны бірнеше рет қайталап көріңіз. Жаттығуды қиындату үшін 2 немес 3 бетті қатар санап көріңіз. Санау барысында кітап немесе журнал бетіне қолыңыз тимеуі тиіс.

Бірнеше көп таңбалы сандарды таңдап алыңыз: 5842, 9622, 5792,6728 т.б. Оларды керісінше оқып шығыңыз. Жаттығу оңай болса, санау барысында 1, 3, 5 сандарына кемітіп отырыңыз.

Бір қанатты сөзді таңдаңыз. Оны ішіңізден 5 минут көлемінде қайталап көріңіз. Өзіңіздің басқа нәрсеге алаңдап немесе басқа нәрсені ойламауыңызды бақылаңыз. Осылайша сіз кішігірім медитациямен қатар зейініңізді жаттықтырасыз. Жаттығудың уақытын 10 минутқа дейін ұзартуға болады.

Екінші жаттығу

Ойыңызды толығымен тазартыңыз. 5 минут көлемінде ешнәрсені ойламауға тырысыңыз. Медитациядан өзгешелігі – жаттығу барысында отырудың қажеті жоқ. Бұл жаттығуды кез келген жерде жасауға болады.

Қолыңызға кез келген жемісті алыңыз. Оны барлық жағынан зерттеп көріңіз. Назарыңыз тек жемісте болуы шарт. «Қайдан алдым?», «Қаншаға сатып алдым?» секілді ойлардан аулақ болыңыз. Оның көлемін, иісін, дәмін зерттеңіз. Бұл жемісті сезіне алуыңыз маңызды.

Ыдысқа су құйыңыз. Оны қолыңызға алып, қолыңызды алдыға созыңыз. Бар назарыңыз ыдыста және суда болсын. Оның ауырлығын, температурасын, ыдыстың өзін сезініңіз.

Үшінші жаттығу

Қағазды алып оған үшбұрыш, тіктөртбұрыш немесе шеңбердің суретін салыңыз. Оны кез келген түске бояп шығыңыз. Көзіңізді бұл фигурадан 2-3 минут бойын алмаңыз. Ойыңызда тек фигура ғана болсын. Көзіңізді жұмып, бұл фигураның барлық бөліктерін елестетіңіз.

Орындықта қимылсыз отырыңыз. Бұл оңай болып көрінуі мүмкін. Таймерді 5 минутқа қойып, барынша қимылдамауға тырысыңыз.

Серуенге шығып, айналаны бір қарап өтіңіз. Иіске барынша назар аударыңыз. Тек өсімдіктердің ғана емес, өзге де заттардың иісін сезініп көріңіз. Иістердің бір-бірінен айырмашылығын байқаңыз.

Айна алдында тұрып, өз көзіңізге қараңыз. Ешнәрсені ойламауға тырысыңыз. Бірнеше минуттан соң өзіңізге өзге адамға қарағандай қарап көріңіз. Басыңызды тік ұстаңыз. Бұл жаттығуды 3 минут жасау жеткілікті.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!