Салауат
Бүйірлік амиотрафикалық склерозға қатысты 3 факт
Бүйірлік амиотрафикалық склерозға қандай факторлар тікелей әсер ететінін ғалымдар толық айта алмайды. Десе де қорғасынның, инсектицидтердің және формальдегидтің жоғары дозалары әсер етеді деген күдік бар. Бұл фактор әзірге ғылыми түрде дәлелденбеді.
Кімдер БАС ауруына жиі шалдығады?
Зерттеулер нәтижесі ер адамдардың әйелдерге қарағанда 1,5 есе жиі ауыратынын дәлелдеді. Сарапшылар мұның себебін ер адамдардың экологиялық зиянды жұмыс орындарында қызмет етуімен байланыстырады. Темекі шегетін адамдардың зиянды әдеті жоқ адамдарға қарағада жиі ауыратыны да белгілі. Ал шылым шегетіндердің көбі – ер адамдар.
БАС генетикалық тұқым қуалай ма?
БАС науқастарының 10 пайызында ғана ауру генетикалық жолмен берілген. Сол себепті аурудың тұқымқуалауы сирек кездеседі. Бірақ гендердің мутантты нұсқалары ауруды қалай тудыратыны әлі белгісіз.
Жақынымның бүйірлік амиотрафикалық склерозға шалдыққанын қалай анықтаймын?
Ауру белгілері көбінесе 40 жастан кейін жылдам дами бастайды. Алғашқы симптомдардан диагнозды нақтылауға дейінгі аралықта бірнеше ай, тіпті жылдар өтуі мүмкін. Көбінесе адамдар жүріп-тұруы қиындаған кезде аурудың нақты себебін біле бастайды. Бұған негізгі себеп БАС анықтауға арналған бірыңғай зертханалық сынақ жоқ. Тек аурудың симптомдарын жеке-жеке талдау арқылы ғана диагноз қоюға болады.
Бүгінгі күнде БАС диагностикасының негізгі әдісі – электромиография. Екінші реттік ретінде МРТ, биохимиялық қан талдау, жұлын сұйықтығын зерттеу және бұлшықет биопсиясы қолданылады. Мұның бәрі басқа ауруларды болдырмау үшін қажет.
Бастапқы кезеңде дәрігерлер жүйке жасушаларының қысылуы, инфекциялар (сифилис, Лайма ауруы, С гепатиті), электролиттік бұзылулар (мысалы, бұлшықет әлсіздігін тудыратын гипокалиемия), миопатияның әртүрлі формалары (бұл бұлшықетте болатын бұзылулар) бар науқастардан күдіктенеді.
Дайындаған: Әсел Болатқызы