Біліп жүр

Анимация – Жапон мәдениетінің басты символы

Анимация мультфильмдерін жиі көресіз бе?

Анимация отаны Жапония. Анимациялық мультфильмдер тек балаларға ғана емес, ересектерге де арналған. Сондықтан бұл жанр бүгінде бүкіл әлемге танымал. Balbal.kz сайты осы жайлы материал дайындап, назарыңызға ұсынады

 

Алғашқы анимация

1907 жылы «Кацудо Сясин» мультфильмі жарыққа шықты. Авторы белгісіз. Аниме 5 кадрдан тұрады. 1928 жылы Осаму Тэдзукенің «Tetsuwan Atom» атты анимациялық мультсериалы танымал болады. Тағы бір танымал жоба  Хаяо Миядзакидің «of the Valley of the Wind» атты мультфильмі. Осы анимациялардың арқасында аудитория кеңейіп, әр түрлі көзқарастар пайда болды.

Анимацияның түрлері

Анимация жанрға байланысты 5 түрге бөлінеді.

Кодомо-аниме кішкентай балаларға арналған. Ана тілі мен қоршаған ортаны тану, тәрбие жайлы баяндалады.

Сэнен-аниме 12 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін. Анимация сюжеті жақсылық жамандықты жеңеді деген тақырыпқа суреттеледі.

Седзе-аниме 12 мен18 жас аралығындағы жасөспірім қыздарға арналады. Махаббат хикаясы баяндалатын жанр.

Сэйнен-аниме үлкен жастағы ер адамдар үшін. Бұл жанрдың бағыты – психология.

Дзесэй-аниме жапон әйелінің өмірінде кездесетін оқиғаларды сипаттайды.

Үздік анимациялық мультфильмдер

Құбыжықтың шәкірті (The Boy and the Beast)

Жануарлар әлеміне тап болған жетім бала жайлы. Жаңа ортаға үйреніп, аман қалу үшін оған жануарлар тілін табу қажет. Мотивацияға толы аниме сізді бей-жай қалдырмайтыны анық.

Уақытты бағындырған қыз (The Girl Who Leapt Through Time)

Макото Конно 17 жастағы мектеп оқушысы. Емтихан тапсырмайды, сабақ оқығысы келмейді. Кім болатынын білмейді. Бір күні қыз ерекше қабілетке ие болады. Өмірі 180 градусқа өзгереді. Қандай қасиетке ие болғанын білгіңіз келсе міндетті түрде мультфильмді көріңіз. Көрерменді мектеп оқушысының оқиғасы қызықтырары анық.

Болашақтан келген Мирай (Mirai of the Future)

Мирай есімді баланың қарындасы дүниеге келеді. Сюжет отбасы мен психология бағытына арналады. Осы уақытқа дейін жалғыз өскен балаға бұл оқиға қалай әсер етеді? Ата-анасының  махаббатын қарындасымен бөлісе ме? Мирай қарындасын жақсы көре ала ма?

Оттардың қабірі (Grave of the Fireflies)

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде анасынан айырылған Сэйта мен оның қарындасы жайлы суреттеледі. Мультфильм шынайы оқиға желісі бойынша түсірілген. Фильм бауырмалдылық қасиетіңізді арттырып, көңіліңізден шығары анық.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!