Біліп жүр

Таңғы әдеттер – табысты болу кілті

Таңғы әдеттер күннің сәтті өтуіне тікелей байланысты. Табысты әйелдердің айтуынша, арман, мақсаттарыңды іске асыру үшін, өз уақытыңызды басқаруды және оны тиімді пайдалануды үйренуіңіз керек. Назарларыңызға 5 табысты, ықпалды әйелдің таңғы әдеттерін ұсынамыз.

Дженнифер Энистон – ұйқыдағы ару емес

Табысты адамдардың күн шыққанға дейін, таңмен таласып оянатыны жайлы бірнеше рет естіген боларсыз. Актриса Дженнифер Энистон бұны әдетке айналдырған. Оның таңы 4:30-да атса, ары қарай балалар сабынымен бет жуып, аш қарынға лимон қосылған жылы су ішеді екен. 20 минуттық медитацияны да қолға алған. Тіпті, актриса өз рөлдерін сомдамас бұрын медитацияның көмегіне жүгінетінін айтып берді.

Опра Уинфри медитациясыз күнін елестете алмайды

Опра ханым Дженни қыздан қалыспайды. Оның айтуынша, медитация стресстің алдын алып, күндізгі істерге берекет сыйлайды және шығармашылық ойлау қабілетін арттырады. Опра күнде таңертең 20 минутын медитацияға арнайды. Опра Уинфри әлемдегі ең беделді әйелдер қатарынан өз орнын ойып алғаны да бекер емес.

Кейд Хадсон мұзды сумен жуынады

Сымбатты актриса тұра сала мұзды сумен жуынатынын айтты. Актриса алдымен ыдысқа бірнеше мұз түйіршіктерін салып, кейіннен суық ваннада бірер секунд тұрады. Оның айтуынша, бұл әдіс ұйқысын ашуға және терінің жарқырауына көмектеседі. Дегенмен, бұл әдісті қолдану кезінде абай болу керек. Суық тигізіп алу қаупі бар.

Джессика Альба күнін таңғы жаттығулардан бастайды

Таңғы жаттығулардың пайдасы бәрімізге белгілі. Джессика Альба күнін саябақта жүгіруден бастайды. Бұл әдет күннің сергек басталуы мен тың идеяларға себін тигізеді. Джессика ханымның сымбатты болуы да спортқа деген махаббаттың нәтижесі.

Лиа Мишель ыстық душ қабылдайды

Лиа Мишель Кейд Хадсонның әдісін керісінше қолданатын сыңайлы. Актриса таңғы кофесінен кейін ыстық душ қабылдайды екен. Тіпті, шаршап тұрған күндері де бұл әдетінен бас тартпайды. Лианың айтуынша, бұл таңғы әдет денені артық токсиндерден босатады. Ыстық су бұлшық еттерді босаңсытып, өзіңізді жеңіл сезінуге септігін тигізеді.

Ерте оянып, күніңізді біз ұсынған кеңестерден бастаған ерекше сезім сыйлайды. Табысты болу үшін деніңіз де сау болу қажет. Таңғы әдеттер сіздің өміріңізді де өзгертіп, жаңа арнаға бұрады деген үміттеміз.

Дайындаған: Айдана Алмаханова

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!