Біліп жүр
Жеке қаржылық жоспар: Арманды қалай жүзеге асыруға болады
Жеке қаржылық жоспар құраудың тәсілдерімен танысыңыз
Жеке қаржылық жоспар ақшаңызды үнемдеу үшін ғана керек емес. Мұндай жоспар арқылы арманыңызды іске асырасыз. Демалысқа барып, көлік сатып алу үшін қаржыңызды есептеп, нақты мақсат қоясыз. Назарыңызға жеке қаржылық жоспарды жасаудың әдісін ұсынамыз.
Неден бастаймыз?
Алдымен арманымызды мақсатқа айналдырамыз. Оның бағасын белгілеп, қанша ақша қажет екенін анықтайсыз. Мысалы, сіз жақын арады балалы боласыз делік. Бұл үшін сізге отбасылық көлік қажет болады. Мұны қалай мақсатқа айналдырасыз?
- Қажетті көліктің сипаттамасын жасайсыз: үнемшіл, жүк салғышы кең және т.б.;
- Нарықтағы көліктері зерттеп, лайықты бірнеше нұсқаны таңдап алыңыз;
- Көлік салонындағы үлгілерді сараптап шығыңыз;
- Мұндай салонның ұсынысы қандай? Трейд-ин жүйесі немесе жеңілдетілген несие шығынды азайтуы мүмкін;
- Таңдап алынған көлікті салып алуға 1 миллион теңге жетпейді тұр делік. Балаңыз 6 айдан кейін дүниеге келеді. Демек сізде 6ай уақыт бар.
Бұл енді жәй арман емес. 6 айдың ішінде 1 миллион теңге жинау сіздің мақсатыңызға айналды. Өзге армандарыңызды осы жүйе арқылы мақсатқа айналдыруға болады.
Мақсатты маңыздылығы мен қажеттілігіне қарай бөлу
Әдетте барлығына бірден қол жеткізгіңіз келеді. Көліктен бөлек пәтер де қажет болуы мүмкін. Ал жазда теңізгі барып демалғыңыз келеді. Барлығының тізімін жасаған соң, маңыздылығы бойынша бөліп шығыңыз. Демалысты күзге қалдырған дұрыс. Себебі бұл уақытта жолдамалардың бағасы төмендейді. Ал пәтерді алдағы үш жылда сатып алу керек. Бұл уақытта сіз ипотеканың бастапқы жарнасын төлеп үлгересіз.
Мұндай тізім арқылы мақсатыңыздың тізімін жасап, уақыт пен маңыздылығы бойынша оңай бөліп шыға аласыз.
Өз қаржыңызды есептеу
Барлығын бірден ала алмайсыз. Сол үшін алдымен қаржыңызды есептеп алыңыз. Кіріс пен шығыс мөлшерін сараптап, ай сайын қанша ақшаны жинақтауға болатынын анықтаңыз.
Белгіленген мерзімге дейін қаржы жинап үлгеру үшін қанша ақшаны шигеріп отыру керектігін біліп алайық. Бұл үшін жалпы сомманы ай санына бөліңіз. Бұл ай сайын жинақтау керек ақша. Енді екі көрсеткішті салыстырып көріңіз. Олар қаншалықты сәйкес келеді?
Қарапайым ережелер
Сауатты қаржы жоспарын жасау үшін нақты уақыт пен нақты қаржы көлемін біліп алыңыз. Оларды маңыздылығы бойынша дұрыс бөліңіз. Мәселені шешудің жолдарын қарастырыңыз.
Әр уақытта кіріс пен шығыс есебін жасаңыз. Өзіңіздің қаржылық жағдайыңызды бақылауда ұстаңыз.
Жоспарды жасау жұмыстың бір бөлігі ғана. Ең қиыны – бұл жоспармен өмір сүру. Мақсатыңыздың орындалуы үшін артық шығыннан аулақ болғаныңыз дұрыс.