Саяхат

Гоа: Үндістанның курортты аймағына саяхат

Гоа штатына саяхат жасаушыларға арналған нұсқаулық

Гоа – Үндістанның оңтүстік-батысында орналасқан демалыс аймағы. Мұнда пальма ағаштарын, керемет кештерді, жайлы қонақүйлерді, көне шіркеулерді, ерекше дәмді теңіз өнімдерін кездестіре аласыз. Balbal.kz мотивациялық сайты саяхаттауды жоспарлап жүрген оқырманға Гоа штаты туралы кеңінен ақпарат береді.

Ауа райы

Гоа – туристер көп демалатын аймақ. Ауа температурасы +20°-тан төмен түспейді. Ерекше көзге түсетін 3 жыл мезгілі бар: жаз, қыс және мунсун(жаңбырлы маусым). Мунсун мезгілі маусымнан басталып қыркүйекке дейін созылады. Қыс айлары қазанның соңынан сәуірдің басына дейін, ал жаз мамыр мен қыркүйектың аралығында өтеді. Гоа уақыты Астана уақытынан 30 минутқа артта.

Қонақүйлер

Оңтүстік Гоа

Аумағы үлкен және жоғары деңгейдегі қымбат қонақ үйлерден тұрады. Олардың көбі теңізден 250 метр қашықтықта орналасқан.

Солтүстік Гоа

Бұл аймақтағы қонақ үйлердің бағасы оңтүстікке қарағанда арзан. Олар жағажайға апаратын жолдардың жиегінде орналасқан. Мейрамхана, дүкен, сауда орталықтары өте көп. Алайда жағажайдағы демалыс орындары ақылы.

Демалыс орындары

Гоа штаты 3 бөліктен тұрады: Солтүстік, Орталық, Оңтүстік. Көңіл көтеретін орталықтары мен көрсететін қызметтеріне байланысты олар бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Оңтүстік Гоада бай еуропалықтар, Солтүстікте саяхатшылар мен шығармашыл жастар, Орталық бөлікте штаттың басқа бөліктерінен келген демалушылар жиналады. Бұл жерде аэропорт, темір жол, порт, автобекеттер орналасқан.

Солтүстік Гоа

Солтүстіктік Гоада Ресейден келген туристер вилланы жиі жалға алады. Үндістандағы ең керемет кештер, арзан тұрғын үйлер және шығармашылыққа толы атмосфераны осы жерден таба аласыз.

Демалыс орындары: Анджуна, Арамбол, Арпора, Ашвем, Бага, Вагатор, Калангут, Кандолим, Мандрем, Морджим.

Оңтүстік Гоа

Оңтүстік Гоада Еуропадан келген отбасылар балаларымен тынығады. Солтүстік бөлікке қарағанда туристерге қызмет көрсету жоғары деңгейде дамыған.

Кеңінен танымал демалыс орындары: Бенаулим, Беталбатим, Варка, Кавелоссим, Колва, Маджорда, Мобор, Палолем, Уторда.

Қасиетті Екатерина шіркеуі

Сәрсенбі және жұма күні Гоада ірі сауда орталықтары жұмыс істейді. Аптаның осы күндері Мапусаға барып, түрлі-түсті киімдер, кәдесый, дәмдеуіштерді сатып алуға болады.

Азиядағы ірі христиан шіркеуі Қасиетті Екатерина осы аймақтың ең көрнекті жері болып саналады.. Мұнда орналасқан Иисус базиликасы тек Гоада ғана емес, Үндістанға да танымал.

«Сав» бақшасы мен Дудхсагар сарқырамасы

Ең керемет экскурсия «Сав» дәмдеуіштер бақшасырамасыы мен сарқырамаларға жасалады. Бұл бақшалар туристерді тамақтандырып, міндетті түрде карри мен хош иісті шөптерден дәм таттырады. «Сав» Панаджи штатынан 23 шақырым қашықтықта орналасқан.

Дудхсагар сарқырамасы 300 метр биіктіктен ағады. Оны кейде «сүтті мұхит» деп те атайды. Ол Гоаның шығыс бөлігінде орналасқандықтан, автобуспен бірнеше сағатта баруға болады.

Китагао қорығы

Китагао қорығы сізді көпқабатты джунглиге алып барады. Ол Оңтүстік Гоадағы Палолем жағажайынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан.

Аюрведа

Гоада аюрведаның көптеген орталықтары бар. Онда сіз құрамы табиғи заттардан тұратын дәрілік шөптермен, массаждармен және дәрі-дәрмектермен емдейтін жеке бағдарламаңызды жасай аласыз.

Судағы спорт түрлері

Ашық ауада демалуды ұнататындарға судағы спорт түрлерін ұсына аламыз. Парасейлинг – қайық соңына ілескен парашютпен ұшу. Сонымен қатар виндсерфинг пен кайтинг жақсы дамыған.

Қоғамдық көліктер

Туристер байктарды жалға алғанды дұрыс деп санайды. Ол үшін кепілге 60-тан 200 долларға дейін тастап кетесіз. Жүргізуші куәлігі қажет емес. Гоада жанармай жоқ, сондықтан оны жол бойындағы шатырлар мен дүкендерден сатып аласыз.

Байкті қауіпті санағандар такси қызметін пайдалана алады. Бағасы тым қымбат. Есептегіш мүлде жоқ.

Тағы бір нұсқа – автобуспен қыдыру. Қоғамдық көліктер дамыған. Тіпті шалғай ауылдарға да барады. Бағасы арзан, 5-40 рупийге дейін. Автобустар ескі, оларда салқындатқыш жоқ, терезелер торлармен қапталған. Аялдамалар салынбаған, кез келген жерде тоқтайды. Олардың қозғалыс аралығы – орташа есеппен 15 минут.

Автобекеттер: Мапуса, Панаджи, Васко да Гама, Маргао.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!