Табыс

Ақбота Аюпова: «Өкпе-ренішке кететін энергияны ақша табуға жұмсаңыз»

Ақбота Аюпова және оның қаржылық әрі жеке даму марафоны

Ақбота Аюпова – қаржылық және жеке даму жөніндегі кеңесші, қаржылық сауаттылықты психологиямен байланыстырып бірнеше марафон мен курс өткізетін тренер. Ол бүгінде өз кәсібін сәтті жүргізіп отыр. Balbal.kz мотивациялық сайты Ақбота Аюпованың Youtube арнасындаға бейнелердің желісі бойынша материал дайындады.

«Шешімін тапқың келсе, өзіңе сұрақ қой»

2015 жылдан бастап өзіммен жұмыс істеуді қолға алдым. Оған дейін таңнан кешке дейін жұмыс істеймін. Қосымша дүкенді жалға бердім. Бірақ ақша тауып отсам да, аз болып көрінетін. Ішкі түйсігім қанағаттанбады. Жеке қарым-қатынаста да ешқандай өзгеріс болмады. Сол уақытта жасым 24-те еді. Бірақ ешқандай жігітпен сөйлесіп көрмегем. «Неге олай?» деген сұрақтар мазалады. Өз-өзіммен тілдесіп көрдім. «Ал әкеммен қарым-қатынасым қалай?» деп сұрақ қойғанымда, жылап жібердім. Менің ата-анама деген бала күнгі реніштерім болды.

Психологияға келу жолы

Осы реніштеріммен күресу үшін психологиялық техникалар іздедім. Соларды үйреніп алам деген ниетпен психологиялық тренингтерге қатыса бастадым. 23 наурызда Қарағандыда Ресей психологы үш күндік тренинг өткізбекші екен. Соны естіп, Астанадан Қарағандыға жол тарттым.

Тренингте 40 адам болды. Техникаларды мысал етіп көрсететін болды. Сол кезде мен шығайыншы деп өтіндім. Барша адамның көзінше өз өкпе-ренішімді жылап айтып бердім. Ішімдегіні толық шығардым. Тренингке қатысушылар мені құшақтап, осының бәрін айта алғаныма таңғалысты.

«Өкпеге кеткен энергия ақша табуға кететін болды»

Бір айдан соң психолог Астанаға келді. Бір айдың ішінде мен 8 килограммға арықтаппын. Өкпе-реніштің бәрі осы уақытқа дейін менің бойымда салмақ болған. Содан кейін менде өзіме деген сенімділік пайда болды. Ақша табу көзі өзі келетін болды. Тіпті клиент іздемесем де, «бизнес-жоспар жазып беріңізші» деп ұсыныстар түсті. Жағдайыма қанағаттана бастадым.

Қаржылық сауаттылықтың маңызы

Ақша көп тапқаныммен, қаржылай сауатсыз болдым. Киім, машина алуға қызығатынмын. Іштегі комплексті осылай жоямын деп ойлайтынмын. Жұрттан қалмаймын деген оймен жүрдім. Осылай несие ала бастадым. Бірнеше банктерден, анамнан, достарымнан, сайып келгенде 15 миллион қарыз болдым. Бір күні бұлай жалғаса бермейтінін түсіндім. Өз-өзімді қолға алып, қарыздан құтылу жолдарын қарастырдым.

Неге халық қарыз алуға бейім?

Қазақтардың 60-70%-ында қарыз бар. Расымен себептері осындай: машина, үй алу, жұрттан қалмау, той жасау, т.б. Ол мидағы мәселе. Бізді бала кезімізден жұрттың балаларымен салыстырған. Жұрттың балаларымен жарыс біздің миымызда қалып қойған. Тіпті өскен кезде жұрттан қалмауға тырысамыз.

«Жақсы идеялар кенеттен келеді»

Өзімді дамыту үшін курстарға, тренингтерге қатыса беретінмін. Анам бұл әрекетімді алғашында нәтижесіз деп санады.

Мәскеуде жұмыс істеп жүрген кезім. Бір тренингте орыс қыз жаныма келіп, «сіз коуч немесе психологсыз ба» деп сұрады. Бір-екі күн осы идея ойымнан кетпеді. Мәскеудегі құрбыларымнан бастап көремін деп ойладым, бірақ көбісі бас тартты. Екі қыз ғана келісті. Екеуіне өткізгеннен соң, құрбым осыны Инстаграмға салуымды өтінді. Құрбыларым өз пікірлерімен бөлісті. Осылай адамдар назар аударып, алғаш Мәскеуден бастадым. Кейін өзіміздің қазақтарға өткізуді жөн көрдім. Қазіргі таңда 1000-дай жеке терапиядан өтті. 67%-ы өз табыстарын ұлғайтты.

Мидағы блоктар

Менікі сияқты кез келген адамға да идея кенет келеді. Бірақ мидағы блоктар оны жауып тастайды.

Блок дегеніміз – арманды жүзеге асыртқызбайтын кедергі. Сіздің бизнеске деген құлшынысыңыз болса, оны қорқыныш тежейді, сылтау айтады. Бұл – блок. Себебі ми өте ақылды, бізді қорғағысы келеді. Ал бизнестің қауіптерін білгесін ол сіздің тәуекелге барғаңызды қаламайды. Осылайша блоктарды іске қосады.

Мысалы, ата-анасы жаман қарым-қатынаста болғанын көрген қыз болашақта өзінің отбасын құра алмауы мүмкін, т.б.

Осы блоктарды жеңіп шығу үшін өзіңізге сұрақ қойыңыз: неден қорқамын, неге қорқамын, қорқыныш қашан басталды, т.ю.

«Ішкі жағдай сыртқа да әсер етеді»

Адамдарды депрессия, негатив билеп кетеді. Әсіресе карантин кезінде көбісі құлазуда. Бірақ оны шешуге ұмтылу керек. Ішкі жағдайыңыз жаман болса, неге олай екенін анықтаңыз. Себебі сіз ашулы болсаңыз, ол қарым-қатынасқа әсер етеді. Жақындарыңызға, жұмыстастарыңызға ауыр сөз айтасыз. Балаңыз оны жақын қабылдаса, болашақта психологиялық жарақат ретінде көрініс табу мүмкін. Жұмыста жағымсыз көрінсеңіз, ол табысыңызға да әсер етеді.

Сол үшін «Неге?» деп сұраңыз. Не үшін өзіңізді жағымсыз сезінетіңізді, не әсер еткенін және оны не сейілте алатынын сұраңыз.

Балалық шақтағы эмоция немесе гештальт

Жеті жасқа дейін бала «губка» сияқты бәрін сіңіреді. Ода анализдеу болмайды. Егер бала білместікпен ақша ұрласа, ал оны сол үшін жазаласа, ол оны түсінбейді. Бірақ «ақша жамандық әкеледі» деп ойлайды. Ең пайдасыз эмоция – өзін кінәлі сезіну пайда болады. Өскенде ауқатты болуға деген қорқыныш туады. Ал ештеңе демесе, әдетке айналады. Бұл саланы психологияда гештальт деп атайды. Балаға ұрыспай, жай түсіндіру керек. Ақша табудың басқа көздері бар екенін айтыңыз.

Ой да тұқым қуалай ма?

Бізде айна нейроны бар. Адам көргенін істейді. Ата-анамыздың сырт келбетінен бөлек осы нейрондары да беріледі. Себебі ми қайталағанды жақсы көреді. Кеңес заманында біздің ата-бабамызды қорқытты. Бай болу жаман деді. Бизнеске тыйым салды. Осылай ақшаға қатысты негатив қалыптасты.

Ой біздікі емес. Ой беріледі, бірақ берілген нәрсені өзіңізге сәйкестендіріп өзгерту керек. Осы тұқым қуалаған негативті жою үшін мимен жұмыс істеңіз. Осы арқылы өзіңізді де, ұрпағыңызды да құтқарасыз.

Бала тәрбиесі бойынша

Ми қысымды жақтыртпайды. Егер оған шектен тыс үйретіп, тыя берсеңіз, ол кері әсер ете бастайды. Сол үшін жеке шекарасынан бұзбаңыз. Егер сіз балаңыздың шекарасын бұзсаңыз, басқалар да оның шекарасына кіре бастайды. Ал өскенде, ол осындай қысым, ұрыс, жаман әрекетті қалыпты жағдай деп қабылдайды. Өзі де басқалардың жеке шекарасын бұзады.

Ақша үнемдеу дұрыс па?

Бізде үнемшілдік деген бағдарлама қалыптасқан. Ақшаны бітіп қалады деп қорқамыз. Солай қорқа берсеңіз, онда жағымсыз жағдайды өзіңізге тартасыз. Ақша – ол қағаз. Қағаз ағаштан жасалады. Ал ағаш көп. Демек ақша бітпейді. Өзіңізді соған сендіріңіз. Шығынды емес, кірісті ойлаңыз. Сол кезде миыңыз «қалай үнемдеймін» деп ойланудың орнына ақша табудың жолдарын іздейді.

Ақша жинаймын деп жоспар құрсаңыз…

Ақша жинау қиын емес. Адамдар оны өздері қиындатады. Ақша жинау жолдары:

Күнделікті әдетке айналдырыңыз. Кем дегенде 200-1000 теңгеден салып тұрыңыз. Жағымды эмоция сыйлаңыз, марапаттаңыз, мақтаңыз.

Мақсат қойыңыз. Ақшаны не үшін жинайсыз, қанша уақытта сома жиналу керек? Егер ми нәтижені көретін болса, онда оңайырақ болады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!