Табыс

Герберт Кэссон. Ақша табу өнері

Герберт Кэссон канадалық журналист, жазушы, қаржы кеңесшісі, әлемге әйгілі кәсіпкер.

Герберт Кэссон ақшаны орнымен жұмсап, үнемдеу арқылы тез баюдың жолдарын өмірінің соңына дейін қатаң сақтаған адам. Ақшаны орнымен жұмсау деген не? Айды айға жалғап, дәл еңбекақы алған күні қаржының 20-25 пайызын сол мезетте жұмсап жібере салатын адамдардың қатарынансыз ба? Ендеше, сіздерге Герберт Н. Кэссонның кеңес-қағидаларын ұсынамыз.

Герберт Кэссон «Ақша табу өнері» атты кітабында қаржы туралы былай деп жазады.

Герберт Кэссон. Ақша табу өнері
Герберт Кэссон

1. Мен аптаның алғашқы күнінен бастап, сол апта бойы дүкеннен ештеңе сатып алмаймын. Яғни орынсыз бір тиын да шығармауға өз-өзіме сөз беремін.

2. Ескі, жарамсыз дүниелерді де кәдеге жаратуға болатынын білемін. Сондықтан көне деп далаға тастамаймын.

3. Түрлі бәйгелерге қатысып, бақ сынағанды жақсы көремін. Мүмкін бір күні жүлделі болып қалармын. Берілме, сағыңды сындырмай қатыса бер.

4. Үйімнен бөлек тұрғылықты жерім болса, тіпті өз үйімде артық бос бөлме тұрса, оны ақшаға айналдырудың жолын іздеп, жалға беремін.

5. Банкте ашқан жеке шотымды өз атыма ашқан емеспін. Егер өз атымда болса, қайта барып алуым мүмкін ғой. Сондықтан балаларымның атына рәсімдедім.

6. Қарыз сұрап көрген емеспін. Ешқашан. Тіпті ақша қатты қажет болған жағдайда да ақшаның өзін емес, соны табатын жолдарды, ал мүлде болмағанда өзге адамнан қаржыны қайдан іздеймін деп ақыл сұраймын.

7.Кейде қалай сауда жасап қойғанымызды білмей қалатын сәттер болып тұрады. Сондықтан әмиянға артық ақша салып жүрмеймін. Қажет болмаса, бір рупий де салмаймын. Үнемшілдікке осылай үйренуге болады.

8. Өзіме жалақы алған күні киім немесе өзге де керекті дүниелерді алуға қатаң тыйым салдым. Өйткені, шынымен қолға түскен ақшаның буы көбіне алды-артымызды ойлауға мұрша бермейді.

9. Қолға ақша түскенде, ең алдымен, үйге керек азық-түліктің тізімін жазамын. Содан кейін ғана сауда жасауға барамын. Сонан соң алған әр заттың тұсына жұмсалған соманы жазып қоюды әдетке айналдырдым. Бұл  кейін шыққан шығынды есептеуге арналған оңай тәсіл. Осылайша үнемдеуге дағдыланамын.

Өте қарапайым отбасында дүниеге келіп, ақылы мен білімі, тәжирибесінің арқасында табысқа жетудің жолдарын жасаған Герберт Ньютон Кэссон айтқан қағидалардың бір легі осындай.  Олай болса, көңілге қонымды, миға салмақ болмайтын кеңестерді ескере жүрген артық етпейтін секілді.

Дайындаған: Бекзат Ғажапбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close