Табыс

Сайлау Абайділданов. Сіз бай болуға міндеттісіз!

Сайлау Абайділданов.Сіз бай болуды ойласаңыз семинарға келіңіз!

Сайлау Абайділданов сіз бай болу үшін жұмыс істейтін аса тәжірибелі жеке қаржы кеңесшісі. «Жеке қаржы тәуелсіздігіне қол жеткізудің психологиялық алғышарты» семинарын ұйымдастырып жатқан қаржыгер семинардың берер пайдасы туралы сөз қозғады.

Сайлау Абайділданов:

Ғаламторда не көп, қаржы сауаттылығы бойынша ақыл-кеңестерге толы материалдар көп. Барлығында қаржы сауаттылығы мәселесі жалпылама қозғалады. Оларды оқу сізді бір мезет шабыттандыратыны рас. Алайда бір сағаттан соң сіз айтылғанды ұмытып қаласыз. Неге?

Себебі сондай материалда айтылған дүниелердің көбі күнделікті өмірде қолдануға сай келмейді. Айлығынан артық тиын артылмайтын адамдар қалайша қаржысын әртүрлі мақсатқа бөліп жұмсамақшы? Ақшаны жоспарлауды үйрететін технологиялар «ақшаны су көретін» адамның өмірін өзгерте қоя ма?

Көз алдыңызға ағаштан жасалған қоңыр есікті елестетіңізші. Оны ашсаңыз, іші толған жақұт-гауһар тас. Сіз есікті ашуды армандайсыз, алайда кілтіңіз жоқ. Неге?

Тура сол ситуацияны қайтадан қарастырайық. Алдыңызда есік тұр қасқайып. Сіздің қолыңызда кілт те бар. Алайда сіз кілтті қалай бұратыныңызды білмей, кіргенде сізді не күтетініне сенбей, жүрексініп, артқа қарай шегіне бастайсыз. Неге?

Екі ситуацияда да сізде психологиялық дайындығыңыз әлсіз. Бірінші ситуацияда сіз нені қалай жасайтыныңызды білмегендіктен абдырайсыз. Екінші ситуацияда сіз көп ақшаға кенелуден қорқасыз. «Байлыққа белшемнен батсам, қайтемін? Өзгеріп кетпеймін бе?» деп алаңдайсыз. Адамның көбі ақшаның көп болуын армандағанмен, нақты көп ақша табуға ұмтылмайды. Олар ол соманы иеленетініне өздері күмәнмен қарайды. Ащы шындық та осы – айлығыңыздың мөлшері сіздің психологиялық дайындығыңыздың деңгейі әрі сенімділігіңіздің көрсеткіші.

«Жеке қаржы тәуелсіздігіне қол жеткізудің психологиялық алғышарты» семинарын ұйымдастыруыма сенімділігі аз, алайда алып арманы бар адамдар шабыттандырды.

Егер сіз осы уақытқа дейін:

Айлықтан айлыққа өмір сүрсеңіз;

Долларды байлық деп келсеңіз;

Банктің берген пайызына мәз болып жүрсеңіз;

Өзіңізді емес, өзгелерді өзгертуге тырысып жүрсеңіз;

Мемлекеттің өзгеруін қалап жүрсеңіз.

Сізге бұл семинар ауадай қажет

Жеке қаржы мәселесі – бұл біздің өміріміз. Кез келген дүние айналып келгенде жеке қаржымызбен етене байланысты. Сондықтан қаржы сауаттылығы семинарларына миллионер болғысы келетіндер ғана емес, жай ғана өмірін сапалы еткісі келетіндер келіп қатысуы шарт. Біле білсеңіз, сіз өзгермейінше, сіздің байлық пен дәулетке қатысты ойыңыз өзгермейінше, капиталыңыз да сол қалпы қала береді. Өзіңізге өзіңіз жауапкершілік артқан күні мемлекеттен қолдау мен шапағат күткенді қоясыз.Бұл семинарға қатысқан адам қаржылық жағдайын сараптай отырып, тіпті өзінің кім екенін біліп  қайтады.

Мұндай семинарлар бүгін пайда болған жоқ, әрине. Алайда олар тек қаржы мамандары мен кеңесшілері үшін арналған болатын. Қарапайым адам үшін бұл есік жабық болды. Енді біз мұны ашық форматта ұйымдастыратын боламыз.

Өзіңіз білетіндей, адам жаман не жақсы болып бөлінбейді. Адамның бәрі жақсы. Алайда өмірге деген көзқарастары қана өзгеше болып келеді. Позитивті адам күдерін үзбейді, үнемі алға жылжиды, өмірін өзгертуге тырысады. Ал пессимист сәтсіздіктер мен қиындықтармен күресудің орнына бәріне қолын бір-ақ сілтей салады, әлсіздік танытады.

Бұл семинарға келетіндерді 100 % позитивті адам деуге болады. Ал пессимистер «бұлар ақыл сатушылар» деп қаша жөнеледі. Пессимистер неге бүйтеді деген сұрақ туындайды осы сәтте.

Жауабы – жауапкершілікте

Адамның назары үш уақыт кезеңімен ұштасады екен. Ол өткен сәт, осы сәт және ертең туатын сәт. Бүгін сіз қаржылай дербестікке қол жеткізбесеңіз, сіздің назарыңыз осы сәтте яки ақшада еместігін, сонымен қатар ертеңгі күнде еместігін біле аламыз. Демек сізде өз өміріңізге деген жауапкершілік жоқ. Сіз өмірден не қалайтыныңызды, не істейтініңізді әлі білмейсіз, тіпті ойластырған жоқсыз. Өміріңізді ойыншық көресіз. Өзіңізді бағаламайсыз. Себебі бүгінін ойлап, болашаққа көз тастаған адамдар жетістікке әлдеқашан жетіп үлгерген. Не нәрсе оларды жетістікке жеткізді? Әрине, өздеріне деген, сапалы өмір сүруге деген жауапкершіліктері.

Бұрын қазақ бай болған. Бір бай бүтін бір ауылды асырап отырған. Ол жауапкершілікті сезінген және сол жауапкершілікті көтере білген. Совет үкіметі байлардың көзін құртты, оларды жаман адам қылып көрсетті. Содан біздің байларға деген көзқарасымыз түбегейлі өзгерді. Ал қазір бізге шұғыл арада байларға деген құрметімізді қайтадан жаңғырту керек.

«Жеке қаржы тәуелсіздігіне қол жеткізудің психологиялық алғышарты» семинарына келген адам жауапкершілікті сезінуді, сабырлы болуды үйренеді. Сабырлық деген шыдамдылықпен шектелмейді. Өз эмоциясын бақылайтын адам ол сабырлы. Ондай адамдар істі бастайды, бастаған ісін орта жолдан тоқтата алады және сол істі аяғына дейін жеткізеді. Сабырлы адам өз денесін яки іс-қимылын бақылай алады. Өзін кез келген ортада, ситуацияда дұрыс ұстай алады.

Сіз өзіңіз жайлы «жауапкершілігі мол, аса сабырлы, сауатты» деген пікірлерді естігіңіз келе ме? Сіз біреуді, мемлекетті кінәлауды қойып, қалауыңызша өмір сүргіңіз келе ме? Онда бай болуға міндеттісіз! Онда біз сізді күтеміз!

Дайындаған: Жазира Байдалы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close