Табыс

Sony: Әлемдегі «кәрі» компаниялардың бірі қалай құрылды

Sony компаниясының тарихы

Sony – жапониялық трансұлттық компания. Кәсіпорын тұрмыстық электр қондырғылары, ойын приставкаларын өндірумен шұғылданады. Компания қазіргі уақытта ірі медиаконгломерат болып отыр. Оның құрамына «Sony Music Entertainment», «Columbia Pictures» және «TriStar Pictures» киностудиялары кіреді. Назарыңызға «Sony» компаниясының құрылу тарихын ұсынамыз.

Құрушылары

Кез келген брендтің басында шешім қабылдаудан қорықпайтын жандар тұрады. Бұл компанияда бастаушы Масару Ибука болды.

Оқу оқып жүргенінде-ақ Масару өз қатарластарын өнертапқыштығымен таңқалдырған. Ол инженердің ұлы болғанымен, әке жолын қумады. 1933 жылы Масару Васэда Университетінің электротехникалық факультетін аяқтайды. Оның дипломдық жұмысы Париж көрмесінде жүлде жеңіп алған.

Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытында Масару Ибуки Жапонияның теңіз әскери флотында офицер болады. Мұнда ол суасты қайықтарын анықтауға арналған құрылғыны ойлап табады. Бұл жерде Масару талантты жас физик, өзінен 13 жасқа кіші Акио Моритамен танысады. 1946 жылы олар бірігіп Токио Телекоммуникациялық Инженерия Корпорациясын құрады.

Қарапайым ұсыныс, жоғарғы нәтиже

Компанияның штаб-пәтері Токионың орталығындағы өртенген дүкеннің төртінші қабаты болды. Аз уақыттан соң штаб-пәтер қала сыртына ауыстырылды.

Кәсіпорында барлығы 20 адам жұмыс істеді. Алғашқы құрылғылар электрлі күрішқайнатқыш пен жастық болды. Бұдан кейін компания радио пен аудиоқұрылғыларға ауыса бастады.

Қарапайым цехте радиоқабылдағыштар жөнделді. Тақтада аудиомикшердің сызбасы сызылды. Жұмыс істеуге жағдай жасалмағанымен, сапа жағынан компания ешқандай ескертулер естімеді.

Алғаш инвестор деп Моританың әкесін атауға болады. Ол ұлына ісін жалғастыру үшін бірнеше рет қаржы берген. Нәтижесінде оның салымы ақталды. Сакэ сатумен шұғылданатын Акионың әкесі «Sony» компаниясының ірі акционері атанды.

Ақылға қонымсыз идеялар

1949 жылы Морита америкалық магнитафонды сатып алады. Жаңа өнімді бірден зерттей бастайды. Зерттеу арқылы олар дыбыс жазғыш ретінде қымбат сымның қолданылғанын анықтайды.

Ибуки бұл магнитофонды алмастыра алатын құрылғыны жасау жайлы ойлайды. Қымбат сымды өзге нәрсемен алмастыру арқылы сапалы әрі арзан магнитафон жасағысы келеді.

Өз ойын іске асыру үшін өнертапқыш тәжірибеге көшеді. Алдымен дыбыс жазғыш ретінде құрамы өзгертілген целлофанды қолданады. Алайда бірнеше рет айналған соң дыбыс өзгеріске ұшырай бастайды.

Алғашқы тәжірибе сәтсіз болған соң, целлофанды қағазға алмастырады. Бірақ бұл әдіс те сәтсіз болады. Бұдан кейін инженерлер пластикпен жұмыс істей бастайды. Қарапайым табада темір оксалатын қыздыру арқылы лентаға қажетті магниттік қасиетті береді.

1950 жылы корпорация алғашқы ленталық магнитафонды шығарады. Оның бағасы 472 долларды құрайды. Құрылғы үлкен әрі салмағы 35 килограмм болды. Құрылғы жаңа болғанымен, сатылым деңгейі ойдағыдай болмады.

Бұл жағдайдан соң Морита маркетингке аяқ басады. Ол Жапонияның жоғарғы сотына 20 данасын сатады. Жоспар бойынша келесі кезек мектептерде еді.

1952 жылы Масару АҚШ-қа іссапармен барады. Мұнда транзисторлар технологиясы көзіне түседі. Бір жылдан соң Нью-Йоркке барып, патентті сатып алуды мақсат етеді.

Әлемдік танымалдылық

Транзистор жетістіктің кепілдігі болды. Алайда патентті сатып алып, дайын технологияны қолдану аздық етті. Олар радиотехника саласындағы шығынды азайтқысы келді. Компания қызметкерлері проблеманы тереңірек зерттей бастайды.

Әлемдік танымалдылық алдында компания атын өзгерту керек болды. Негізі латынның «sonus» (дыбыс) сөзі болды. Бұл сөз sonny-boy (ақылды бала) сленгін еске түсіріп тұратын. Атаудан  бір «n» әріпін алып тастады, себебі «sonny» жапон тілінде «ақшадан айрылу» дегенді білдіретін. Осылайша әлемге белгілі «Sony» атауы пайда болды.

Kомпанияға атақты 1955 жылы жарық көрген TR-55 транзисторлық қабылдағышы алып келді. Екі жылдан соң АҚШ нарығында TR-63 қалта радиоқабылдағышы пайда болды. Бұл құрылғы сатылым бойынша алғғашқы орныда тұрды.

Үш жылдан соң компания нарықта тағы да төңкеріс жасайды. Жапондықтар әлемдегі алғашқы транзисторлы теледидарды таныстырады. 1961 жылы «Sony» алғашқы портатиптік теледидарын сата бастайды.

«Sony» кино әлемінде

1989 жылы компания «Columbia Pictures» студиясын 3,4 миллиард долларға сатып алады. 1991 жылы сатып алынған студия негізінде «Sony Pictures Entertainment» құрылды.

2005 жылы белгілі киностудия құрамына «Metro-Goldwyn-Maye» қосылды.  Ал «Sony Music Entertainment» үлкендігі бойынша әлемде екінші орынды алады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!