Табыс

Табысты адам оқуы тиіс 7 кітап

Табысты адам оқуы тиіс кітаптардың ішінде сізді жетістікке жетелейтін көрінбейтін көпір бар.

Табысты адам оқуы тиіс кітаптар тізімі көп болғанымен, арасынан өзіңізге тиімдісін таңдап оқу пайдалырақ. Кәсібін дамытып, несібесін арттырып отырған әрбір табысты адам жан азығын кітаптан іздейді. Көп оқыған адамның ой-өрісі ғана емес, жүріс-тұрысы мен сөйлеу мәдениеті өзгелерден дараланып тұрады. Ал табысты болғыңыз келсе, balbal.kz сайты ұсынған 7 кітаптың бірін оқудан бастаңыз. Бәлкім, біз ұсынған кітап сіздің өміріңізді өзгертіп, табысқа бастайтын жолдың бағдарын нұсқар.

1. Брайан Трейси «Миллион доллар алып келетін әдеттер» (Привычки на миллион долларов)

Бұл кітапта  бизнес саласының танымал маманы Брайан Трейси табысқа жетудің біз білмейтін құпияларын ашады. Өмірді өзгерту үшін, өзіңіздің әдеттеріңізді де өзгерту керектігін білесіз бе? Тіпті Аристотельдің өзі «әдеттер – біздің екінші меніміз» деп айтып кеткен. Автор әр тарау сайын әдеттердің табиғатын қызықты етіп береді. Дұрысын айтқанда, табысты адамдарда «табыс алып келетін әдеттер» болады. Ал сіздің бойыңызда миллион доллар алып келетін әдет бар ма? Білгіңіз келсе, Брайан Трейсидің кітабын бас алмай оқып шығыңыз.

2. Роберт Г. Аллен, Марк Виктор Хансен «Минут ішінде миллионер атан» (Миллионер за минуту)

Жеңіл тілмен жазылған  мотивациялық әрі сторителлинг жанрындағы кітап оқырманның көңілінен шықпауы мүмкін емес. Қазақшалап айтқанда, бұл миллионер әйелдің хикаясы. 90 күннің ішінде миллион доллар табу мүмкін бе? «Мүмкін емес» дейсіз бе? Ал егер сізге «90 күннің ішінде қолма-қол миллион доллар таппасаң, ана құқығыңнан айырыласың, балаларыңды тартып аламыз» десе, не істейсіз?!

3. Роберт Кийосаки «Бай әке, кедей әке» (Бедный папа, богатый папа)

Америкалық бизнесмен Роберт Кийосакидің көп адамдардың өміріне өзгеріс алып келген кітабы. Кітапта: «адамдардың барлығы жылдар бойы табысты өмір сүруге тырысады, алайда ақшаның қандай заңмен жұмыс істейтінін білмейді», —  дейді автор. Және біздің байлық жайлы таным-түсінігімізге ата-анамыздың ықпалы әсер ететіні жөнінде айтылады. Бай әке мен кедей әкенің бала тәрбиелеу тәсілі бір-біріне керағар. Әрине біздің ата-анамыз өздерінің бар білгенін үйретіп, қатарынан кем етпей тәрбиеледі. Алайда көпшілігіміз есейе келе кедей әке тәрбиелеген жүйенің шеңберінен шыға қойған жоқпыз. Кітапты толық оқып шықсаңыз, бұл сөзімізге лажсыз қосылатын боласыз.

4. Джордж Клейсон «Вавилондағы ең бай адам» (Самый богатый человек в Вавилоне)

Джордж Клейсонның осы кітабын мақтамайтындар аз. Тіпті Кийосакидің өзі аталмыш кітапты өз еңбегінде бірнеше мәрте атауы елең еткізеді. Кітап story telling мәнерінде жазылған. Қабылдауға өте жеңіл. Вавилондағы ең бай адам Аркад ханның бір ауыз сөзін жерге тастамай, қала тұрғындарына бай болудың формуласымен тегін бөліседі. Қарапайым халықпен білім бөлісуден аянбаған Вавилонның ең бай адамы Аркадтың жиналған қауымға айтқан байлықтың 7 ережесі туралы білгіңіз келе ме? Ендеше  кітапты қолыңызға алыңыз. 7 ережені біліп алсаңыз, табысқа алып барар жолдың мүмкіндіктері есігін айқара ашады.

5. Джон Кехо «Ақша, табыс және сіз» (Деньги, успех и вы)

Ақша, табыс және сіз. Аты айтып тұрғандай, кітап табыс туралы, ең бастысы сіз туралы.  Джон Кехо аталмыш кітабында қаржылық жетістік пен өзіңді жетілдірудің өмірде қатар жүргені қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді. Кітапта кез келген бизнесте табысқа жетудің психологиялық негіздері көрсетілген. Автор оқырмандарға табысқа жету үшін психологиялық ойлауды іске қосу керек деген кеңес береді. Бизнесте табысқа жету үшін қандай ойлар керек? Сіз де ізденіп көріңіз…

6. Ричард Брэнсон «Қолға ал да істе!» (Берись и делай)

Ричард Брэнсон – Virgin брендін қалыптастырған ерекше тұлға. Ол әрдайым қозғалыста болып, бір орында отырмайтын адам. Брэнсонның ұраны – өмірден барлығын алу! Табысты автор «Істегің келген дүниені жүзеге асырудан қорықпа!» деген кеңес береді. Білімің мен тәжірибең аз болса да қалаған ісіңді бастаудан қашпа! Өзіңе деген сенімділік пен жүрегіңде үлкен дайындық болса, адамның қолынан келмейтін қайран жоқ.

7. Уоттлз Уоллес «Бай және Ұлы болу ілімі. «Құпия» неден басталды?» (Наука быть богатым и виликим. С чего начиналась тайна?»

Кітапта байлықтың қарапайым негіздері айтылған. Бұл жерде ешқандай қосымша салым және қаржы пирамидалары туралы сөз қозғалмайды. Шағын ғана кітап өмірде қолдануға кеңес берілген іс жүзіндегі тәжірибелерге толы. Олар қалай жұмыс істейді деп ойланудың қажеті жоқ, бірден іске кірісу керек. Соңында міндетті түрде нәтижесін көресіз. Кітап сізді алдымен бай болуға, содан кейін ғана өзгелерге ақыл айту керектігін үйретеді. Оқырман үшін өте қызықты. Сол үшін оқуға кеңес береміз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close