Табыс

 Жанар Әбдірайымова. «Бизнес сауат» көзімді ашты

Жанар Әбдірайымова желі бизнесіне келудегі құпиясымен бөліседі

Жанар Әбдірайымова – «Бизнес сауат» компаниясының лидері, медицина саласының қызметкері. Бүгінде Шымкеттен бастау алып, аз ғана уақыт ішінде әлемдік аренеға жол тартқан «Бизнес сауат» желілік кәсібінен мақсатын айқындап, арманын орындаған бизнес леди. Ол өзінің желі бизнесіне келудегі құпиясымен бөліседі.

Жанар Әбдірайымова:

Желілік бизнестегі алғашқы қадам

Өзім медицина саласында 20 жыл қызмет еткенмін. МРТ аппаратымен жұмыс жасайтынмын. Жалақым да жаман болған жоқ. Дегенмен, әйел болған соң әдемілікке қашан да құмартып тұрамыз. Содан желілік бизнесте өзіндік орнын қалыптастырып үлгерген бір компанияның өнімдерін қолданып көріңіз деген ұсыныс түсті. Бұл осыдан 6-7 ай бұрын болған оқиға. Сөз жоқ, маған өнімдері ұнады. Тұтынған дүние көңілден шыққан соң, сол туралы жан-жақты іздене бастайсың ғой. Түп негізі қайдан шықты, бұл қандай бизнес, маркетингтік жоспары қалай екен секілді сұрақтар мазалады.

Осы қызығушылықтың арқасында белгілі ақынның инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жарияланған  компания жайлы ақпараттармен таныса бастадым. Тікелей эфиріндегі сабақтарға қатысып, біраз ақпарат алдым. Сабақтарды тегін тыңдап жүргендей көрініп, өзімді ыңғайсыз сезіндім. Өнімдері көңілімнен 100 % шыққаннан соң «компания мүшесі болып тіркелгім келеді» деп ниет еттім. Ортам, таныстарым көп болған соң желіні тез құрдым. Тіпті 1 ай ішінде жалақы алдым.

Желілік бизнестен көңілім қалды

Бірақ бір кемшін тұсы бар екен. Әрдайым 100-200 мыңдай қомақты ақша салып отыруың қажет. Тұрақты жалақы алып тұру үшін өнімдерді сата бастадым. Алайда біразы қарызға алатын болғандықтан не бірнеше рет  бөліп төлеуге келісетіндіктен қиын болды. Енді біріне өнімдер мүлде көмектеспеген болып шығады. Ұнамаған соң ақшасын да толық төлегісі келмейді. Ал мен біреумен сөз таластырып тұрғаннан бойымды аулақ ұстауға тырысамын. Сол үшін де «жарайды, ем болсын!» деп бұрылып кетіп қалатынмын.

Ең қиыны, бір балл жетпесе, жалақың күйіп кетеді, сондықтан пв-ді толтыру үшін ақша салуым қажет болды. Сөйтіп, қолдағы бар алтынымды ломбардқа тапсырдым. Барлық тапқан-таянғанымды компанияның жолына құрбан еттім. Уақыт өте қарызға батып кеттім. Ақын қыздың «Жанар ханым, сіз өте жақсы жұмыс істеп жүрсіз» деген қолдау-қошеметін естіп, мотивацияға беріліп, ақшаны сала беріппін.

Тығырықтан шығар жол

Осылай күндер жылжып өте берді. Қаңтар айында жолдасым жеке куәлігімнің суретін сұрады. Ол өзі компанияға 11-ші болып тіркелген екен. Ал мені 24-ші болып тіркепті. Күйеуімнің айтқаны: «Керемет бір бизнес ашылып жатыр. Қажылыққа баруға мүмкіндік береді. Шетелдіктердің емес, Қазақстанның экономикасын көтерейік. Шымкентте алғаш рет бастау алғалы тұр. Сені жаздырып кеттім. Сол жерге бар».

Бизнес сауат

Мен негізі енді желілік бизнеске жоламаймын деп өзіме серт бергенмін. Біреу маған желілік кәсіп туралы айта бастаса болды, көңіл-күйім түсіп кететін. Қазір халық бұрынғыдай аңқау емес. «Жабылып қалмай ма?», «ақшамыздан  айырылып қалмаймыз ба?» деп сұрап алады. Мен мұндай сұрақтарды мүлде қоймаппын.

«Бизнес сауатқа» алғаш қадам басқандардың бірі менмін. Мен халықты осында сенімді түрде шақыруымның бір себебі – жолдасыма сенуім. Себебі ол кез-келген жерге барып басын бәйгеге тікпейді, көрінгенге ақша салмайды. Сондықтан бастапқыда чат ашып, бизнес сауатқа тіркелуге шақыра бастадым. Ал чаттағылардың бәрі таныстарым, туыстарым, достарым. Бірақ олар бірінен кейін бірі чаттан шыға бастады. «Бұл не? Осындайлар көбейіп кетті» деген әңгімелер айтылды.

«Бизнес сауат» 2019 жылы 12 ақпанда ҚР мемлекеттік тіркеуінен заңды түрде өткен компания.  Құрылтайшысы кәсіпкерлер Нұрлан Батанов пен Дина Жандарбекова.

Әр адам 5200 теңге төлеп кіреді және өзінен кейін 2 адам ғана тіркейді. Болды. Жүйе әрі қарай екі адамның тағы екі адам тіркеуімен жалғасады. Бұл жерде ешкім ұтылмайды. Әрбір жазылған адамнан 500 теңге бонус түсіп отырады. Сондай-ақ, тіркелген 5200 теңге де далаға кетпейді. Бар болғаны 5200 теңгеге сіз мамандардан білім аласыз.

Бизнес бойынша, психология бойынша семинарларға қатысып, өзіңізді дамытып отырасыз. Сіз қай қалада болғаныңыз маңызды емес, себебі дәрістердің барлығы онлайн форматында ұйымдастырылады. Сабақты елімізге танымал тренерлер өткізеді.

                 Жоқшылық – ұрыс-керістің басты себебі

«Бизнес сауатқа» келуімнің басты себебі келіндерім болатын. Біздің әке-шешеміз дүниеден ерте өтті. Отбасы болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Ал, келіндерім інілеріммен ренжісіп қалса, өзім барып татуластырамын. Көбіне, ұрыс-реніш ақша жоқтықтан орын алады. «Мен ешқайда шықпаймын», «ақша жоқ», «неге жетпейді?» деген сұрақтар төңірегінде мәселе өрбиді. Жалпы, осы өте өзекті мәселе, бүгінгі таңда көп отбасының басынан өтіп жатқан қиындық. Мені қиналтатын да, жиі ойландыратын да осы жағдай болатын.

«Бауырларым араздаспаз үшін не істесем екен?», «олардың бір-біріне деген сенімдері мен сезімдерін жоғалтпауына қалай көмектесе аламын?» деген сансыз сұрақтар санамды торлап жүретін.

Әдетте айлық ақшамызды алғанда қатты қуанамыз ғой. Ал, бұл жерде жалақы небары 3 күнде түседі. Сол үшін де мен жұмыс істеймін деп шештім. Бұл шешімім дұрыс болыпты. Осы «Бизнес сауаттың» арқасында бар жағдайымды жасаймын, автокөлік аламын және басқаларға да машина сыйлаймын деп талпындым. Аллаға шүкір, дегеніме жеттім. Бастысы – ынта, жігер, сенім. Армандар орындалады!

Келесі материалда Жанар Әбдірайымова «Бизнес сауат» арқылы қалай табыс табуға болатындығы жайлы әңгіме қозғайды.

Дайындаған: Бекзат Ғажапбекқызы                                            

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close