Таным

Астанада «Алтын домбыра» иегері анықталды

Дода жеңімпазына 5 миллион теңге беріледі

Астана қаласының 20 жылдығы мен Тәуелсіздік мейрамына орай ұйымдастылрған VII «Алтын домбыра» ақындар айтысы мәресіне жетті. «Астанам, сенсің айбарым» тақырыбында өткен сайыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының ақыны Жансая Мусина «Алтын домбыра» иегері атанды.

«Алтын домбыра» иегерінен бөлек, жалпы қорытындыға сәйкес қарағандылық Дидар Қамиев бірінші орынды, түркістандық Еркебұлан Қайназаров пен Шиеліден келген Мейірбек Сұлтанхан екінші орынды алды. Ал, үшінші орынға Аягөздің тумасы Ринат Зайытов, семейлік Рүстем Қайыртайұлы мен қарағандылық Мақсат Ақанов жайғасты.

Осымен жетінші рет ұйымдастырылған «Алтын домбыра» додасының жеңімпазына 5 миллион теңге сыйақы беріледі. Бұған дейін аталған жүлдені Жандарбек Бұлғақов екі рет, Мұхтар Ниязов екі рет, Аспанбек Шұғатаев пен Балғынбек Имашев бір реттен иеленген.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!