Біліп жүр

Қажетті компьютерлік бағдарламалар

Қажетті программалар

Қажетті құрылғыларды білу арқылы компьютермен оп-оңай жұмыс істей бересіз. Бастысы бағдарламалардың не үшін керек екенін және қалай қолданатынын үйреніп алсаңыз болды. Balbal.kz мотивациялық сайты компьютермен жұмыс барысында қажет болатын тиімді бағдарламаларды ұсынады.

Драйверлер

Драйвер — компьютердің сыртқы құрылғысын басқаруға арналған бағдарлама.

AMD Catalyst

RADEON отбасының ATI шығарған бейне карталарға арналған барлық драйверлердің жиынтығы. Бұл бейне карталардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді.

DirectX

Мультимедиялық мазмұнды қолдайтын бірқатар технологиялар.

Driver Booster Pro

Әртүрлі құрылғылардың драйверлерін жаңартуға арналған бағдарламаның тегін нұсқасы.

Графикалық редакция

Adobe

Adobe Photoshop, Adobe Illustrator, Adobe Photoshop Lightroom бағдарламалары фотоны өңдеу, фотошоппен жұмыс, цифрлы фотоларды жасауға бағытталған.

The Gimp

Кескін, бейне және фотоларды өңдейтін тегін құрылғы.

Picasa

Google шығарған тегін құрылғы. Ол графикалық редакциямен айналысады.

Аудиомонтаж

Audasity

Қолданылуы қарапайым. Аудио жазбаларды өңдеуге арналған құрылғы.

Adobe Audition

Аудио жазбалармен айналысатын кәсіби бағдарлама.

TagScanner

Автоматты түрде ретке келтіру, аудиотректерді ауыстыру сияқты бірнеше функцияларды атқара алатын құрылғы.

Видеомонтаж

Adobe

Adobe Premiere Pro, Adobe After Effects бағдарламалары арқылы видео монтаж жасап, визуалды эффекттерді қолдануға болады.

Video Mach

Бағдарлама көмегімен бейнебаян жасауға, жазылған материал сапасын жақсартуға және файлдарды түрлендіруге болады.

Ulead Media Studio Pro

Видео түсіруді кәсіп ретінде қарастыратындар үшін тиімді бағдарлама.  Онда видеоматериалдарға арналған кеңестер мен функциялар көп.

Тор 

Тор — есептеу құрылғылары арасында мәліметтер алмасуды қамтамасыз ететін жүйе.

StaffCop

Компьютерлерді бақылау жүйесі. Пайдаланушының қызметі туралы ақпарат жинап кейін оны талдайды.

Traffic Inpector

Интернетке кіруді ұйымдастыруға, компьютерді қорғауға және басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыздандыру.

cFosSpeed

Windows желілік қосылыстарын басқаруға және желілік протоколдарды оңтайландыруға арналған бағдарлама.

Жою бағдарламасы (деинсталлятор)

Жою бағдарламасы деп аталатын қондырғы бұл басқа бағдарламалық жасақтаманы немесе оның бөліктерін компьютерден алып тастайды.

Uninstall Tool

Көп орынды алатын ыңғайсыз қондыру бағдарламаларын ауыстырады.

Revo Uninstaller

Қарапайым түрде өшірілмейтін бағдарламаларды өшіріп, компьютердітазалайды.

Driver Sweeper

Драйверлер жүйесін толық тазартатын бағдарлама.

 Антивирус

Касперский антивирусы

Ең атақты антивирус бағдарламасы. Пайыздық жүйемен кез-келген қауіптің алдын алады.

Eset Nod32 Antivirus

Компьютердегі тыңшылық, жарнамалық вирустардан эффективті қорғайтын бағдарлама.

AVG Antivirus Free

Бұл бағдарламаны жүктеп алу тегін. Ол үй жағдайында қолдану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Қалпына келтіру

Recuva

Байқамай өшіріліп қалған материалдарды қайта қалпына келтіретін тегін құрылғы.

Diskinternals Uneraser

Жәшіктен тазартылып тастаған файлдарды қалпына келтіреді. Форматталғаннан кейін компьютерді қалпына келтіреді.

Search and Recover

Өшіріліп қалған немесе зақымдалған файлдарды жылдам қалпына келтіретін құрылғы.

 Ақпараттық диагностика

Everest

Компьютерге тексеріс жүргізіп, ол туралы толық ақпарат береді.

Aida

Aida 32, Aida 64 бағдарламалары компьютер жүйесіне анализ жүргізіп, оның жұмысын бақылайды. Windows операторлық жүйесінде жұмыс істеу күшін анықтайды.

SIW

Компьютердің аппараттық тәсілі мен ондағы бағдарламалардың қамтамасыз етілуін қадағалайды.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!