Таным

Балаға арналған кітап. Қай жаста нені оқыту керек

Балаға кітап оқып беріңіз

Балаға білім берудің төте жолы – кітап оқыту. Бүгінгі таңда қазақ және орыс тіліндегі балаға арналған кітап көп. Олар жас ерекшелігіне байланысты бірнеше бөлімге бөлінген. Дұрыс таңдалған кітап бала қызығушылығын оятып, керек біліммен сусындатады. Әр жаста әр түрлі тақырыптағы кітап оқытқан жөн. Бұл оның қабылдау мен түсінуін жеңілдетеді.

0-2 жас

Бала туған кезінен бастап қоршаған ортаны зерттей бастайды. Бұл жаста бала көру және ұстау арқылы ақпаратты қабылдайды. Ал кітап бала зерттеуінің тек көмекшісі ғана болады. Балаңызға инфографикалық кітаптарды берген жөн. Кітап осы жаста балаға жанды және жансыз заттарды, пішін мен дыбысты ажыратуға көмектеседі. Сондықтан келесі кітаптарды сіздің балаларыңызға ұсынамыз:

«Дауысқа құлақ асайық» кітаптарының сериясы («Аруна» баспасы);

«Теңіз әлемі» («Аруна» баспасы);

«Пішіндер» («АлСафи» баспасы, «Аруна» баспасы);

«Балақай» сериясының кітаптары («Аруна» баспасы);

2-4 жас

Бала екі жасынан бастап есту арқылы қабылданатын ақпараттарға қызыға бастайды. Ертегілер мен әңгімелер, жырлар тыңдауға әуестенеді. Өлең жаттауды екі жасынан асқан балаларға үйреткен жөн. Себебі осы кезде олардың есте сақтау қабілеті жетіле түседі. Балаларға әдептілік пен қоғамдық өмірге араласуға үйрететін кітаптарды оқытқан дұрыс:

«Анау не? Мынау не?/Почемучка?» сериясының кітаптары («Аруна» баспасы);

«Саяхатшы Дара» сериясының барлық кітаптары («Аруна» баспасы);

«Керемет жапсырмалар мен ойындар» топтамасының кітаптары («Аруна» баспасы);

«Тамақ қайдан келеді?» (Асель Сапакова «Идан» баспасы);

«Кел, ертегі тыңдайық» топтамасының кітаптары («Аруна» баспасы);

«Көңілді жауапқұмар» сериясының кітаптары («Аруна» баспасы).

4-6 жас

Мектепалды жасындағы балаға әліппе мен сандарды үйрете бастаған дұрыс. Қарапайым амалдарды оқыту, логикалық жаттығуларды орындатқан жөн. Әрине, ертегілерді де ұмытпаған жөн:

«Әліппе» («Big Dreams» баспасы);

«Әлем ертегілері» топтамасы («Аруна» баспасы);

«Ғажайып тапсырмалар» («Аруна» баспасы);

Ертегілер жинағы.

7-10 жас

Мектеп жасындағы бала сиқырлы ертегілер мен түрлі тақырыптағы энциклопедияларға қызыға бастайды. Жануарлар әлемі мен қазақ балалар әдебиетін оқытқан жөн:

«Қазақ халық ертегілері» топтамасы («Фолиант» баспасы);

«1100 қызықты деректер» сериясының кітаптары («Аруна» баспасы);

«Динозаврлар энциклопедиясы» («Аруна» баспасы);

«Жануарлар туралы үлкен энциклопедия» («Аруна» баспасы).

11-15 жас

Он жастан асқан бала өзіне қызықты жанрларды таңдай бастайды. Мұндай кезде балаңызға қаза мен шетел жазушыларының туындыларын оқытыңыз. Бұл балаңыздың ой-өрісінің жетілуіне көмектеседі:

М.Әуезов әңгімелер жинағы;

Ғ.Мүсірепов әңгімелер мен повесттер жинағы;

Антуан де Сент-Экзюпери: Кішкентай ханзада;

Ч.Диккенс: Оливер Твист;

Д.Дэфо: Робинзон Крузо;

А.Дюма: Үш Ноян;

Э.Несбит: Теміржол бойының балалары.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close