Біліп жүр

Балаларға арналған танымдық мультфильмдер

Балаларға арналған қызықты мультфильмдер

Балаларға мультфильм қосып әрі қарай алаңсыз өз шаруасымен айналысу – ата-ананың қалауы. Санасы толық жетілмеген балаға не болса соны көрсетуге де болмайды. Сондықтан пайдасы тиетін танымдық мультфильмдерді қосып берген жөн. Balbal.kz мотивациялық сайты балаларға арналған танымдық мультфильмдер топтамасын ұсынады.

Балабақша жасына дейінгі балалар үшін:

Малышарики

Атауынан көрініп тұрғандай әйгілі «Смешарики» мультфильмінің кейіпкерлерінің балалық шақтағы оқиғалары туралы фильм. Бес жануар және кадр сыртында жағымды әйелдің дауысын ести аламыз. Мультфильм балаға пішіндер мен түстерді тануға, оң мен солды ажырата білуге үйретеді. Достық, мейірімділік және айналадағы әлем туралы сөйлесуге көмектеседі.

Үкі тәтенің сабағы

Көзілдірікті данышпан үкі қолына таяқша ұстап, сабырлықпен балаға әліпбиді, 1-ден 10-ға дейін санауды үйретеді. Бұл мультфильмде мейірімділік, сұлулық және т.б. туралы сабақтар бар.

4-5 жас аралығындағы балалар үшін

Саяхатшы Дара және Диего

Бірінші мультфильм әлемді аралап жүрген Дараның оқиғаларына, ал екіншісі тропикалық джунглиде тұратын немере ағасы Диегоға арналған. Бұл сериялардың басты ерекшелігі – көрерменмен байланыс жасайтынында. Мультфильді көріп отырған бала оқиғаға араласып, кейіпкерлерге жұмбақтарды шешуге, жоғалған затты табуға көмектеседі. Ағылшын тіліндегі сөздерді есте сақтайды.

Микки Маус клубы

Мики Маус, Дональд Дак, Гуфи атты кейіпкерлер барлығының есінде. Ол Дисней студиясының мультфильмі. Әр серияның басында кейіпкерлер қажетті «маус құралдарын» таңдап, кішкентай көрермендердің көмегімен мәселелерді шешеді.

Мектепалды даярлық кезеңіндегі балалар үшін (5-6 жас)

Фиксики

Бұл орыс мультфильмі тек балаларға емес, солармен бірге көретін ата-анаға да пайдалы ақпарат береді. Әр түрлі құрылғылардың ішінде өмір сүретін кішкентай адамдардың шытырман оқиғалары туралы айтылады. Мультфильм баланы ерте жастан бастап техниканы дұрыс қолдана білуге және оны жасауға қызығушылығын оятады.

Хайуанаттар бағы

Жануарлар туралы жаңа нәрсе білу ешқашан кеш емес. Хайуанаттар бағының әр сериясында бала екі жануармен жақынырақ танысады, олардың немен қоректенетінін және қандай ерекшеліктері бар екенін біледі. Кейде бұл жұп күтпеген, мысалы, арыстан мен ара болуы мүмкін. Мультфильм, әсіресе, қалада тұрып, жануарларды көрмеген балалар үшін пайдалы.

Мектеп оқушылары үшін (7-10 жас)

Микрополис

Бұл орыс анимациялық сериялында тек тоғыз эпизод бар. Асүйдегі пайдалы және қауіпті микробтардың күресі туралы мультфильм. Мұны профессор Бактериуспен бірге қарап, бала қолды не үшін жуу керек, кір қайдан пайда болатынын айтады. Осы анимациядан гигиенаның маңыздылығын түсінеді.

Бәрін білгім келеді

Бүкіл әлемде танымал мультфильм алғашында BBC арнасында көрсетілді. Өнертапқыш ғалым балалары Олив және Троймен бірге Маммонттар аралында тұрады. Олар аралдан құтылу үшін күнде әртүрлі құрылғылар жасайды: кейде бұл жай кран, ал кейде тұтас бір сүңгуір қайық. Осының бәрін көріе отырып бала магнетизмнің не екенін, тұтқа механизмдері қалай жұмыс істейтінін және физикалық заңдардың не үшін қажет екенін біледі.

Ерте, ерте, ертеде…

(Жили-были…Первооткрыватели и Жили-были… Изобретатели)

Ғылым мен саяхатқа құмар балаларға арналған француз деректі мультфильмі. Ғалым Маэстро ежелгі дәуірдегі атақты ғалымдармен (Леонардо да Винчи, Ньютон, Эйнштейн) және ізашарлармен (Александр Македонский, Джеймс Кук және орыс штурманы Витус Беринг) ХХІ ғасырда кездеседі. Сол Маэстромен бірге көрермен бала да соны бақылайды.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!