Таным

Бір жылда 100 кітап оқуды мақсат еткендерге 5 кеңес

Кітап оқу бойынша кеңестер

Бірнеше кітап сатып алыңыз

Кітаптарды инвестиция деп ойлаңыз — үйіңізде қанша кітап болса, соғұрлым көп пайда аласыз.
Егер сіздің үйіңізде кітап көп болса, онда сізде таңдау көп. Бұл сізге жиі оқуға көмектеседі. Сіз кітапты аяқтап болғаннан кейін екіншісіне көшесіз. Көбіне кітап таңдап уақыт өткізіп аламыз. Ал осы арқылы уақыт үнемдейсіз және зауқым соқпай қалады деп қорықпайсыз.

Кез келген уақытта кез келген жерде оқыңыз

Күніне кем дегенде бір сағатты оқуға арнау керек. Ал демалыс және мереке күндерін толық соған арнаңыз. Уақыт табу үшін арнайы уақыт белгілеңіз сол кезде «уақыт жоқ» деп сылтау айтпайсыз.

Кітап оқуға болатын сәттер бар: қоғамдық көлікпен жүргенде, тамақтанғанда, кезекте тұрғанда, үзіліс уақытында, тіпті дәретханада оқуға болады.

Басқалары Twitter парақшаларын аралап немесе Инстаграмды күніне 113 рет тексеріп жатқанда, бірнеше парақты оқып шығыңыз. Осылайша уақытты әлдеқайда пайдалы өткізесіз.

Өзіңізді қинап оқымаңыз

Жаман кітап болмайды, бірақ сіздің талғамыңызға келмейтін кітап болуы мүмкін. Өзіңіз қаламайтын нәрсені оқымаңыз. Егер сіз кітапты бастағаннан кейін қызығушылығыңыз оянбаса, уақытты ысырап етпеңіз.

Мамандығыңызға, хоббиіңізге, қызығушылыққа байланысты немесе сіз сыйлайтын адамдар жазған кітаптарды іздеп көріңіз.

Бір уақытта бірнеше кітапты қатар оқыңыз

Таңертең бір кітаптың 50 парағын, ал кешке басқа кітаптың елу парағын оқуыңызға болады.
Кейбіреулер бір кітапты мұқият оқып шығуды жөн көреді, содан кейін ғана жаңа кітапты бастайды. Егер сіз бір уақытта бірнеше кітаптың сюжеттерін түсіне алатын болсаңыз, көріңіз. Бастысы, шығармалар сіздің қажеттіліктеріңізге және талғамыңызға сай келсін. Егер жұмыс күндері күрделі шығарма оқыған болсаңыз, онда демалыс күндері жеңілірек кітапты таңдай аласыз.

Оқыған нәрсені есте сақтаңыз

Егер сіз жылдам оқысаңыз, онда не оқығаныңызды тез ұмытасыз. Оқыған нәрсені есте сақтаған кезде ғана оның пайдасы тиеді.
Оқылған ақпарат сіздің ұзақ есте қалу үшін арнайы жүйе бар.
Кітап оқығанда әрдайым қалам ұстап отырыңыз. Маңызды ойлардың астын сызып қойыңыз.
Егер сіз есіңізде сақтағыңыз келетін нәрсені оқыған болсаңыз, беттің бұрышын қайырып қойыңыз.
Кітапты оқып болғаннан кейін белгілеген жазбаларыңызды қайта оқыңыз.
Кітап не туралы болғанын, автор қандай кеңес бергісі келетінін өз сөзіңізбен дәптерге не блокнотқа жазыңыз.
Сізге ұнаған цитаталарды қайта жазыңыз.
Сіздің мақсатыңыз – кейін осы ақпаратты пайдаға жарату.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!