Таным

Бизнес әлемінің кәсіби терминдері

Бизнесмендер білу керек терминдер

Бизнес, өзге салалар секілді, өзіндік терминдерден тұрады. Бұл терминдерді кез келген бизнес бастаймын деушілер білуі керек. Balbal.kz мотивациялық сайты назарыңызға негізгі бизнес терминдерді ұсынады.

А/В тестілеу – тауардың екі нұсқасын салыстыру. Бұл арқылы қай тауардың тез сатылатынын немесе тиімді екенін тексереді.

Блеймсторинг – мақсатқа жетуге кедергі болған факторды немесе адамды ұжым болу іздестіру әдісі.

Бутстреппинг – компанияны сырттан қаржы іздемей-ақ, өз қаржысымен қамтамасыз ету.

Бенчмаркинг – компанияның көрсеткішін жалпы саланың орташа көрсеткішімен, бәсекелестердің статистикасымен салыстыру.

Ашық мұхит (гроубой океан) – бәсекелестер мүлде жоқ жаңа сала.

Дауншифтинг – жалақы және мансаптан бас тартып, «өзі» үшін өмір сүруді дәріптейтін өмірлік философия.

Дисижнмейкер – шешім қабылдайтын маман. Бұл термин сату бөлімінде  маңызға ие.

АТ-евенгелист – ақпараттық технологиялар саласында насихаттаумен шұғылданатын маман.

Краудинвестинг – онлайн-сервистер арқылы инвестиция жинау процесі.

Краудшиппинг – қажетті маршрут арқылы жүретін қарапайым турист немесе жолаушы арқылы тауарды жеткізу.

Маркетингтік лид – сайтта байланыс нөмірін қалдырған тұрақты клиенттер немесе тауарға қызығушылық танытқандар.

Митап – тәжірибе алмасуға немесе мәселелерді талқылауға бағытталған мамандардың кездесуі.

Необанктер – қызметті ғаламтор арқылы көрсететін банктер.

Перфоманс-менеджмент – мамандардың кәсібилігін, мақсатқа жету процесін бақылауға бағытталған басқару үлгісі.

Пивот – бизнес-үлгіні, тауарды немесе стартаптың саласын өзгерту.

Прекариат – уақытша міндетті орындайтын мамандар.

Роадмап – компанияның алдағы әрекеттерін жоспарлау.

Токен – инвестордың кәсіпорыннан алып отыратын цифрлық активтері.

Трекшн – белгіленген уақыт аралығындағы жобаның алға жылжуын, коммерциялық көрсеткіштерін бақылау.

БСҰ (бірегей сауда ұсынысы, уникальное торговое предложение) – компанияның бәсекелестерден артықшылығын көрсететін ұсынысы.

Экзит – компаниядағы үлесті сату.

ARR (Annual Recurring Revenue) – жылдық жаңарып отыратын табыс.

Burn rate – ай сайынғы компанияның шығыны, орта есеппен алынады.

MVP – тауардың қарапайым прототипі. Бұл нарықтағы сұранысты тексеруге арналады.

CPC – ғаламторда жарнама беру. Сайт иесі өз сайтында жарнаманы орналастырады. Ал клиент оның қаржысын төлейді.

Churn rate – компаниямен қарым-қатынасты тоқтатқан тұтынушылар саны.

Deadlock – бірнеше процесстің бір-біріне бөгет жасағандықтан тығырыққа тірелуі.

MRR – ай сайынғы өзгеріп отыратын табыс мөлшері.

NPS – клиент тәжірибесін және компаниямен қарым-қатынасын бағалауға мүмкіндік беретін құрал.

ROI – инвестицияның ақталуы. Әрбір жұмсалған қаржыдан түскен пайда мөлшері.

UGC – тұтынушылық контент. Клиенттердің пікірі негізінде пайда болған контент.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!