Компас

Елдос Айбеков 30 баласы бар угандалық шалды қалай қуантты?

Елдос Айбеков ауызсуға мұқтаж халыққа құдық қазып берді

Елдос Айбеков Африка құрлығындағы ауызсуға мұқтаж халыққа құдық қазып берді. Кәсіпкер Уганданың The Ngali Development Foundation (Нгали дамыту қоры) компаниясымен байланысып, нәтижесінде құдық қазу үшін екіжақты келісімге келген. 

Елдос Айбеков – кәсіпкер. Қазақстан, ТМД бизнес нарығында 15 жылға жуық кәсіппен айналысып келеді. Ол  – «Райымбек батыр» қайырымдылық мекемесінің демеушісі.

Елдос Айбеков құдық қазды
Угандадағы қазақ қазған құдық

Соока Шариф (ауыл тұрғыны, 30 баласы бар.  63 жаста):

Біз таза суға қол жеткізе алмай отырған ауыл тұрғындарымыз. Қарапайым тұрмыс кешеміз. Азын-аулақ ешкі ұстаймыз. Қазір суды 5 шақырым жердегі өзеннен тасып ішіп отырмыз. Бұл, әрине, таза су емес. Мұның бәрін балаларымыз тасып әкеледі. Мотоцикл, велосипеді бар адамдар сирек. Көбіне жаяу тасимыз.

Бүгін Елдос Айбек деген мырза жерімізге келіп, ауылдың қақ ортасынан үлкен құдық қазып берді. Алғысымызда шек жоқ. Балалардың қалай қуанғанын көрдіңіз бе?!

Қазақстан деген мемлекет жайлы мүлде білмейтін едік. Осы жағдайдан кейін ешқашан ұмытпастай болдық. 

Елдос Айбеков
Елдос Айбеков құдық қазды

Елдос Айбеков: «Құдық қазуға қатысты бізде екі таңдау болды. Бірі – Уганда, екіншісі – Кения. Екеуі де Шығыс Африкада орналасқан. Алғашында құдықты Кениядан қазамыз деп ойладық. Ойлана келе құдықты таза суға шын мұқтаж халыққа қазып берейік деген қорытындыға келдік. Тұрғындардың, балалардың қуанышын көріп ерекше толқынысқа толы күй кештім».

Ашылу салтанатына аталған қайырымдылық шараға қолдау көрсету мақсатында қазақстандық саяхатшы-блогер Яков Федоров та барды.

Яков Федоров: «Уганда 5 патшалықтан құралған. Олар мемлекет билігінен тыс жеке патшалықтарға бөлініп өмір сүреді. Ең үлкен патшалық – Буганда. Екіншісі – Бусога. Құдық дәл осы бусогалықтарға тиесілі жерден қазылды. Олар лусога тілінде сөйлейді.

Мен Елдос мырзаға көп алғыс білдіремін. Ол кісі ғаламдық мәселеге өз үлесін қосты. Су – Африка халқының ең үлкен мәселелеріңің бірі. Бүгін аядай ғана ауылдың проблемасы шешілді».

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!