Таным

Брайан Трейси. «Максимумға жету»

Брайан Трейсидің жетістік қағидалары

Брайан Трейси — канадалық кәсіпкер және жазушы. Ол қазір үш үлкен компанияға жетекшілік етеді. 6 шет тілін меңгерген полиглот, 40-тан астам кітап жазып, 5000-нан астам дәріс оқыды. 30 видео курстары жүргізіп, 20 тілге аударылған. Онлайн университет ашып, миллиардер атанды. «Іс жүзінде ақша табыңыз, сол бақаны жеңіз», «Жетістік психологиясы» кітаптарымен танымал.

Максимумға жету

Кітап 2002 жылы жарық көрген. Онда Брайан Трейси жетістікке жетудің қағидаларын ұсынды. Сіз өзіңіздің мақсаттарыңызға әрдайым жетуге көмектесетін дұрыс адамдарды, құнды идеялар мен мүмкіндіктерді қалай тарту керектігін үйренесіз.

Жетістіктің жеті заңы

Өмірде қалағанның бәріне жету үшін белгілі бір психикалық заңдылықтарды ұстану жеткілікті.

Бақылау заңы

«Сіздің келісіміңізсіз ешкім сізді қорлай алмайды».

Элеонора Рузвельт

Сіздің өзіңізге деген қарым-қатынасыңыз өміріңізді қаншалықты позитивті бағалайтыныңызға байланысты. Ал сіз негативті сезімдеріңізге ерік беріп, өзіңізді басқара алмасаңыз, өзгелер сізді басқарады.

Басқаша айтқанда, сіз өз өміріңізді бақылағанда, бақыт пен сенімділікті сезінесіз, ал өміріңізді басқалар басқарғанда сіз өзіңізді дәрменсіз және құрбан ретінде сезінесіз.

Екі жағдайда да өміріңізді бақылау өз ойларыңыздан басталады. Жағдай туралы ойлауыңыз сіздің сезіміңізді, ал сезім сіздің мінез-құлқыңызды анықтайды.

Себеп-салдар заңы

«Не ексең, соны орасың»

Сүлеймен

«Себеп-салдар» заңы біздің өміріміздегі кез-келген істің себептері бар дейді. Табыс пен сәтсіздікке, денсаулық пен ауруға, бақыт пен бақытсыздыққа нақты себептер бар. Сіздің өміріңізге не керек екенін анықтаңыз және оны көбірек жасаңыз. Кайсысы керек емес, соны аз жасаңыз немесе жаңа әдіспен жасаңыз.

Осы заңның маңызды қолданылуы: ойымыз — себептер, ал жағдай мен талаптар  — осы ойлардың салдары.

Сенім заңы

«Сенгеніңше беріледі»

Библия

Сенім заңында сенген барлық нәрсе шындыққа айналады деп жазылған. Сіздің сеніміңіз көзқарасыңызды тудырады. Cенген нәрсені ғана көресіз. Сенім не жетістікке жетелейді, не сәтсіздікке ұшыратады.

Күту заңы

«Мен бүгін керемет нәрсе болатынына сенемін»

Сіз күткен барлық нәрсе шындыққа айналады. Өмірден қалағаныңызды емес, күткен нәтижені аласыз.

Тартылыс заңы

«Адам өз ұнатқанын тартады»

Сіз тірі магнитсіз. Адам өзінің ойымен үйлесетін адамдар мен жағдайларды тартады. Сондықтан өз мақсаттары мен нақты идеясы бар адамдардың өміріне керемет адамдар мен ыңғайлы жағдайлар енеді.

Сәйкестік заңы

«Бақты жемістеріне қарап тануға болады»

Библия

Сәйкестік заңында былай делінген: ішіндегі нәрсе сыртқа да көрінеді. Бұл сыртқы әлем ішкі әлемнің көрінісі екенін білдіреді. Бұл заң айналаңызда не болып жатқанын бақылау арқылы сіздің ішіңізде не болып жатқанын тануға мүмкіндік береді. Арнайы ішкі қалауыңызға мақсат қою арқылы айналаңыздағы жағдайды өзгерте аласыз.

Психикалық эквиваленттік заңы

«Ойлар заттана алады»

Майк Дули

Бұл заңда ойлардың пайда болатындығы айтылған. Жанды қиял мен эмоционалды қалау арқылы ой шындыққа айналады.

Біздің не және қалай ойлайтынымызға мұқият болу керек. Сонда барлық мақсаттар мен тілектер орындалады.

Қарым-қатынас, денсаулық, мансап, қаржы, ішкі тыныштықтың барлық саласында қол жеткізгіңіз келетін бір мақсатты таңдаңыз. Заңдарға сүйене отырып, оларды қалай қолданатыныңызды талдаңыз. Егер өзіңізге шыншыл болсаңыз, белгілі бір салада өзіңізді қалай шектейтіндігіңізді түсінесіз Сіздің шектеулеріңізді білу — олардан құтылудың алғашқы қадамы.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!