Таным

Дьяченко мен Сидоренко жұбы Әлемдік турда тарихи жеңіске қол жеткізді

Иранда өткен үшінші World Tour турнирі

Жағажай волейболынан Иранда өткен үшінші World Tour турнирінде қазақстандық жұп Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко ел қоржынына алтын жүлде салды. Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының және «Буревестник» командасының бас бапкері Денис Ровкин айтып берді.

– Сидоренко-Дьяченко жұбы туралы айта кетсеңіз…

– Сидоренко мен Дьяченко еліміздің үздік волейболшылары және олар Иранда ең күшті турнирді жеңіп алды. Ақтық бәсекеде жерлесетеріміз соңғы Азия чемпионатының күміс жүлдегерлерімен кездесті. Жалпы алғанда, біздің спортшылар турнирді жақсы бастап, тарихи жеңіспен аяқтады. Бұл жайт, әлемнің ең мықты командалары үшін тосын сый болды.

– Волейболдан Каспий сериясына кіретін үшінші World Tour турнирінде Дьяченко-Сидоренко жұбынан басқа қазақстандық волейболшылар ел намысын қорғады. Олардың ойынын қалай бағалайсыз?

– Сіз айтып өткен спортшылар құрлықтық жағажай волейболының көшбасшыларының арасында бұрыннан бар және біздің спорттағы элита. Алексей Кулешов пен Артем Петросяндар ширек финалға шықты, бірақ, өкінішке қарай, олар ирандық Салеми-Вакели жұбынан 12:21, 19:21 есебімен жеңілді. Ал біздің басқа жұбымыз Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев ойындарға шығу кезеңіне жолдама алды, бірақ жартылай финалда олар Дьяченко-Сидоренко жұбымен кездесті. Бұл ойын қызықты өтті. Тартысты кездесуде жас спортшылар еліміздің маңдай алды волейболшыларына 19:21, 21:23 есебімен жеңілді. Осының арқасында олар әлемдік жарыста тәжірибе жинап қайтты. Қазіргі таңда Алматыда, Ақтауда осы спорт түрі қарқынды дамып келеді. Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бізге көмектеспесе, осындай жетістіктерге қол жеткізе алмас едік.

– Волейболшылар 2018 жылдың аяғяна дейін қандай жарыстарға барады?

– Алматыда қарашаның 1-і мен 5-і аралығында «Буревестник» спорт клубының жүлдесіне арналған турнир өтеді. Қазақстандық командалардан басқа, волейбол бәсекесіне көрші елдердің клубтары қатысады деп күтілуде. Менің ойымша, бізде өте қызықты турнир болады. Ол отандық ойыншыларға тәжірибе жинауға және техникалық-тактикалық дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді. Келесі жылы біз барлық жоспарланған жарыстарға қатысуға және 2020 жылы Токиода өтетін төртжылдықтың басты додасына жолдама алуға тырысамыз.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close