Біліп жүр

Франшиза сатып алғысы келетіндерге 4 кеңес

Франшиза бойынша бизнес бастаңыз

Франчайзингтің пайда болу тарихы

 «Singer Sewing machine company» компаниясының басшысы  Исаак Зингер қазіргі заманғы франчайзингтің негізін салушысы. 1851 жылдан бастап Зингер фирмасы франшиза тапсыру үшін жазбаша шарт түрінде дистрибьюторлармен бітім жасауды қолға алған. Шартта Американың елгілі бір аумақтарда тігін машиналарының сату және жөндеу құқығы белгіленген.

Әлемдегі ең табысты, бай франшиза

Mcdonald’s компаниясына жаһандық жетістікке жетуге және әлемдік бизнесте жетекші позицияны иеленуге мүмкіндік берген франчайзинг. АҚШ-та  бұл желінің  мейрамханаларының 80%  – франшиза, ал Еуропада  шамамен 50%.Бүгінгі уақытта 120 мемлекеттегі 36 000-нан астам McDonald’s мейрамханалары күнделікті қызмет көрсетеді. 1,7 миллионға жуық қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан бойынша, Нұрсұлтан, Алматы, Қостанай және Ақтөбе қалаларында бар.

Франшиза сатып алғысы келетіндерге кеңес

Әрбір тұлға жеке бизнесін бастауды көздейді. Ойластырып жүргендер үшін ұтымды мүмкіндік –франшиза сатып алу. Бұл екі жаққа да тиімді ұсыныс екені дәлелденіп келеді. Франшиза сатып алсаңыз, сіз дизайн ойластырмайсыз, мәзір де құрмайсыз, жаңашылдық енгізбейсіз. Тек бар күшіңіз бен уақытыңызды жұмсайсыз.

Франшизаны сатып алу кезінде сауаттылық таныту қажет. Коммерциялық концессия келісімшартын жасасқанда сақ болыңыз! Себебі, өтірік франшизаларға кезігуіңіз мүмкін.

Негізі табысты франшайзорды яғни брендке айналған компаниямен байланысқан абзалырақ. Оның танымалдылығы да рөл ойнайды.

Іс алға басу үшін геолокацияны дұрыс таңдаңыз. Бизнесті ашар алдында сол орында тұратын адамдардың тұрмыстық жағдайын зерттеу керек.

Ең соңғы әрі маңызды қажеттілік  капитал мен бизнес-жоспар. Алдын ала даму стратегиясын жоспарлап, соны орындауда, әлбетте, қаражат керек. Франшизаны сатып алған соң сіз ол брендтің әрбір сауда маркасын пайдаланған сайын төленетін төлемдер де бар.

Франчайзинг терминдері

Франшиза арқылы жұмыс жасасаңыз, сіз міндетті түрде «роялти» және «паушальды жарна» ұғымдарына тап боласыз. Роялти мен паушальды жарнаның аса бір айырмашылығы жоқ.

Роялти – сатып алушының компания иесіне бренд логотипін және басқа да белгілерін әрбір қолданғаны сайын берілетін төлем. Оны құқық иесі өзі тағайындайды.

Ал, паушальды жарна тек бір-ақ рет, келісімшарт жасалғанда төленеді.

Франшиза қанша тұрады?

Франшиза шамамен кемінде 1 млн теңге капиталды қажет етеді. Бұл әдіспен елімізде 350-ге жуық компания табыс табуда. Бренд атауы танымал болған сайын оның құны да өсе береді. Франшайзинг қауымдастығының мәліметінше Қазақстанда алға бастап тұрған бизнестер – киім-кешек және азық-түлік бизнесі. Бизнес іздесеңіз, kz.bonplan.biz сайтынан таба аласыз.

Дайындаған: Мадина Тілекова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!