Таным

Хобби іздеп жүргендерге арналған пайдалы 26 сайт

Хобби деп алғашқы велосипедті де атаған.

Хобби сөзі ағылшын тілінен аударғанда «сүйікті іс» деген мағына береді. Бастапқыда хобби деп балалар мініп алып шапқылайтын ойыншық атты атайтын. Бас жағы ат, аяқ жағы таяқ болып келетін ойыншық аттарға комедианттар да қызығатын. Тіпті алғашқы велосипед те алғашында хобби деген атауға ие болды. XVIII ғасырда Лоренс Стерн хоббидің мағынасын кеңейтті. Ол хобби деп кейіпкерлердің бос уақытта айналысатын сүйікті істерін тізіп шықты. Стерн хоббиді қиялмен алысқа жетелейтін ойыншық айтқа теңеді.

Бүгінде хобби деп кез келген адам бос уақытында өз қалауымен қуана-қуана айналысатын сүйікті ісін меңзейміз. Ең қызығы, хоббиім деп налитындар қазіргі кезде баршылық. Шындығына келгенде, әр адамның өз сүйікті ісі болғаны өте маңызды. Хоббиі бар адам бизнес-Идея ойлап табудан еш қиналмайды. Осыны ескере отырып, Balbal.kz мотивациялық сайты оқырманына қызық болуы мүмкін хобби түрлерін үйрететін сайттарды назарға ұсынады.

Жұмсақ қуыршақтар жасау

Алғаш рет маталы қуыршақтың дизайнын 1999 жылы норвег суретшісі Тони Финнангер ойлап тапқан. Бұл стильде тек қуыршақтар ғана емес, жануарларды да, тіпті интерьер заттарын жасауға болады.

Mir Tilda – көптеген қуыршақ дизайндарының үлгілері, сонымен қатар жаңадан бастаушыларға арналған кеңестер бар. Кәсіби мамандар үшін әр ойыншықтың құнын есептеуге мүмкіндік беретін арнайы калькулятор бар.

Tildamaster – мұнда сіз әр түрлі қуыршақтардың үлгілерін таба аласыз, оның ішінде мастер-кластер түрінде қадамдық нұсқаулықтар бар.

Tilda-mania – бұл сайт матамен жасалған ойыншықтарды ұнататындарға арналған. Сайттың тіркелушілері өз туындыларымен бөлісе алады.

Әдемі қаріптерді салу

Баннерлерге, жазбаларға керемет дизайнды өз бетімен жасау мүмкіндігі бүгінде сөзсіз танымалдыққа ие. Әр әріп бөлек жазылады, сондықтан оның баспа әріптерінен өзгеше көрінісі бар.

Fontspace – сайтта көптеген қаріптерді таба аласыз.

Letterday – шрифт, типография және әріп туралы ақпарат жинауға арналған жоба.

Гүлдерді негізсіз әдіспен өсіру

Топырақ, грунт сияқты дүниелермен үйді де, өзіңізді де ластағыңыз келмейтін болар. Бірақ үйде гүл тұрғанын қалайсыз. Ендеше ешқандай топырақсыз, өскіндерге қажетті қоректі арнайы ерітінділер арқылы құя аласыз. Осы әдіспен барлық өсімдік түрін өсіруге болады.

Gidroponika.com – негізсіз әдіспен өсірілген өсімдіктер туралы көптеген ақпараттар алуға болады. Сонымен қатар жылыжайдағы өсімдіктерді тікелей эфир арқылы көрсетеді.

Бағдарлама жасау

Бағдарламамен жұмыс, бәлкім, хобби емес, заман талабы болар. Компьютер тілін аса қатты түсінбей, қиналатын жандар үшін өте қарапайым түсіндіретін сайттар бар.

Stuck.io – программамен жұмыс жасауды ең басынан үйрететін сайт.

Udasity – Google, Facebook, AT&T және т.б. компаниялардың тегін курсын беретін сайт.

Code School – программалау жүйесі бойынша практикалық тапсырмалар беретін сайт.

TreeHouse – HTML,CSS, IOS қосымшаларын дамытуға арналған құрылғы.

Udemy – компьютерлік мамандықтарға арналған курстар жарияланған сайт.

Посткроссинг

Посткроссинг – бұл бүкіл әлемнен ашықхаттар алуға мүмкіндік беретін жоба. Сонымен қатар жобаны қолданушылардың барлығының бірыңғай базасы, сондай-ақ мекенжайларды тауып беру механизмі бар. Жазылған кітабыңыздың қаншалықты тез таралатынына таңданасыз!

Postcrossing – ашық хаттармен алмасуға арналған ең үлкен сайт.

Postcross.ru – ресейлік посткроссинг қоғамдастығының сайты.

Postcross.me – ашықхаттар алмасуға арналған тағы бір сайт.

Оригами

Оригами – бұл уақытыңызды қызық өткізумен қатар, ойды дамытудың керемет тәсілі. Мұндай хобби үшін қосымша қаражат қажет емес. Бастапқыда оригамиды жасап шығу қиындық тудырады, бірақ бір бастап кетсеңіз, қызығына кіріп кетесіз.

Paper-life.ru – сайтта оригами жасап шығудың түрлі сызбасы көрсетілген.

«Оригами – Мир своими руками» – сайттан қағаз парақтарын бүктеу диаграммалары мен бейнелерін таба аласыз.

 «Оригами» – енді үйренейін деп жатқан адамдарға арналған көптеген қарапайым сызбалары бар сайт.

Әуесқой радиоэлектроника

Әуесқойлық радио қабылдағыштар ескінің көзіне айналғанымен, оларды қолданып көру қызық. Бұл сіздің радио туралы біліміңізді іс жүзінде тексеріп қана қоймай, бүкіл әлемдегі адамдармен қарым-қатынас орнатуға үлкен мүмкіндік. Бастапқыда өзгелермен сөйлесу үшін рацияны жасап көріңіз, кейін одан да қиынырақ жобаларды іске асыра аласыз.

Go Radio – радиоэлектроника әлемін ашқысы келетіндер үшін өте жақсы сайт.

Паяльник – бұл сайтта көптеген радиоэлектрондық тізбектер, жаңадан бастаушыларға арналған мақалалар, бағдарламалар, желідегі калькуляторлар мен шолулар және радиобөлшектер сататын дүкендердің мекенжайлары көрсетілген сайт.

Радиоэлектроника және Электротехника – сайтта әртүрлі теориялық ақпараттарды, физикалық процестердің толық ағымын, сондай-ақ ортақ қызығушылықтағы адамдармен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін форумды таба аласыз.

Ой-өріс кеңейту

Ғылыми ашылуларға, танымдық дүниелерге қызықсаңыз, көптеген видеолар, сайттар бар.

TEDed – Ted конференциясынан алынған ең үздік танымдық видеолар.

Learnist – көптеген сарапшылардың мәтіндік және видео түріндегі дәрістері мен тәжірибелері шығатын платформа.

Lynda – бизнес, технология және креатив туралы онлайн курс.

edX – әлемнің ең үздік университеттерінің онлайн курсы.

Аспаз карвингі

Аспаз карвингі көкөністер мен жемістерді оюлап, түрлі бейнемен кесу, дастарханды сәндеу өнері. Бұл қыз-келіншектерге қонақ шақырып, дастархан әзірлегенде қажет болады. Бұндай хобби жүйкені жақсартады және өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді.

Домашний карвинг – мұнда сіз жаңадан бастаушыларға арналған оюлау сабақтарын, құралдардың сипаттамаларын, техникасын, кеңестерін, көкөністер мен жемістерді қалай дайындауға болатындығын біле аласыз.

Supercook.ru – карвинг туралы ақпараттардың тамаша теориялық сипаттамасы. Қандай жемістерді үйлестіріп қоюға болатынын және ыдыс-аяқты қою түрлері туралы да ақпарат береді.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!