Кітап

Интернет-маркетинг туралы 4 кітап

Интернет-маркетинг туралы кітап оқыңыз

Интернет-маркетинг және контекстік жарнаманы зерттеушілер осы тақырыптағы біршама әдебиеттермен танысқан шығар. Бірақ бұл саладағы кей кітаптар тым күрделі жазылған. Интернет-маркетинг туралы білемін деген адам түсінбей қалады. Осы себепті интернет-маркетинг жайлы жеңіл жазылған кітаптар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Ең бастысы, бұл кітаптарды интернеттен табу қиын емес.

Дамир Халилов «Әлеуметтік желідегі маркетинг» (Дамир Халилов, Маркетинг в социальных сетях)

Кітаптың атауынан-ақ әңгіменің әлеуметтік желі төңірегінде болатыны белгілі. Бұл кітапта «Вконтакте» желісінде топты қалай ашуға болатыны егжей-тегжейлі жазылған.

Кітап әлеуметтік желідегі маркетинг жайлы болғанымен маркетингтің не екендігі қарапайым сөзбен түсіндіріледі. Кітаптың артықшылығы – практика жүзінде сыналған стратегиямен таныстырушы автордың жазуы. Кітапты оқи отырып мұнда теорияның емес, практиканың басым екендігін ұғынасыз.

Митч Мейерсон «Интернет-маркетинг негіздері» (Mitch Meyerson, Mastering Online Marketing)

Мұнда интернет-дүкен ашуға арналған барлық ақпарат бар. Мысалы, «Яндексте» іздеуді тиімді етудің арзан жолдары немесе ғаламторда жарнаманың басқа түрін іске қосу секілді.

Кітап сапалы аударылған. Интернет-маркетингтің құрылымын толық түсіндіреді. Ал тақырыпқа шын қызыққандар интернет-дүкен ашу жайлы құнды нұсқаулыққа ие болады.

Майкл Стелзнер «Контент-маркетинг. Интернет дәуірінде клиент тартудың жаңа әдістері» (Michael Stelzner, Launch: How to Quickly Propel Your Business Beyond The Competition)

Интернет-маркетинг жайлы кітаптардың ішінде бастаушы маманға барлығын толық түсіндіре алатындары сирек кездеседі. Күрделі терминдер барлығына ұғынықты болмауы мүмкін. Өйткені барлық авторлар маркетингтегі «КРІ»-дың не екендігін қарапайым тілмен түсіндіре алмайды. Бірақ Майкл Стелзнердің қолынан бұл келді. Себебі ол маркетинг саласындағы маман ғана емес, әлеуметтік желідегі маркетинг жайлы блогтарды жасаушы ретінде де белгілі. Осы блогтар арқылы оқырмандарына күрделі тақырыптарды түсіндіреді.

Бұл кітапта контенттің негізгі түрлері, ерекшеліктері жайлы айтылады. Сайттағы тиімді жарнаманы қалай жасау керектігі толық түсіндіріледі. Бастаушы және тәжірибелі маман үшін сапалы нұсқаулық бола алатын кітап.

Джим Кокрум «Интернет-маркетинг. Үздік тегін құралдар» (Jim Cocrum, Free Marketing)

Бұл кітап тек интернет-маркетингке қажетті ұралдар жайлы жазылған. Солардың қатарында сайтты дамыту, SEO-құралдар, олардың бағасы да келтірілген.

Джим Кокрум өз кітабында кәсіпкерге аз шығын алып келетін үздік құралдармен таныстырады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!