Таным

Кәсіпкерлерге арналған тайм-менеджмент

Кәсіпкерлерге

Кәсіпкерлерге өз кәсібі үшін көп еңбектену қажет. Кәсіп алға жылжып, жаңа деңгейге көтерілуі үшін тайм-менеджменттің негізгі қағидаларын білуі шарт. Күнді дұрыс жоспарлау сенімді әрекеттер мен жеңістерге алып келеді. Бар жұмысты бір күннің көлеміне сыйдыру қиын. Бірақ жұмыстарыңызды әр күндерге бөліп аяқтай аласыз. Назарыңызға кәсіпкерлерге арналған тайм-менеджменттің нұсқасын ұсынамыз.

Ерте тұру

Көптеген зерттеулердің нәтижесі бойынша күннің жемісті өтуі ерте тұруға байланысты болады. Бірақ кәсіпкерлердің нағыз өмірлік тәжірибесі, жұмыстың тиімділігі көптеген факторларға байланысты екенін көрсетеді. Мысалы, Мэнни Хошбин күнін таңғы 4:00-де бастайды. Илон Маск жұмысын 7:00-де бастайды екен. Бастысы, өзіңізге ыңғайлы уақыт графигін жасаңыз. Жұмысыңызды осы график төңірегіне шоғырландырыңыз. Ерте ұйықтап, ұйқыдан ерте ояну жемісті күннің кепілі.

Ойластырылмаған процестер

Күнделікті алдымыздан біз ойластырмаған процестер мен жұмыстар шығып қалады. Оларды орындау үшін көп уақытымызды жұмсаймыз. Бірақ қазіргі таңда жұмысты тиімді етуге арналған сервистер саны күннен күнге өсуде. Егер банктік есепшотқа қолма-қол ақша салу керек болса, банктің бөлмішесіне баруға тура келеді. Бұл шағын кәсіп иелері үшін тиімсіз. Күнделікті банкке барып, сан жетпейтін қағаздарды толтыру көп уақытты қажет етеді. Бірақ банктер өз қолданушыларына ақшаны инкассациялауға арналған қосымшаларды ұсынады. Оларды қосымшадағы жеке кабинет арқылы жүзеге асыруға болады. Осылайша сіз қаржыңызды кез келген банкомат арқылы кез келген уақытта есепшотқа аудара аласыз.

Кездесулер

Күніне 2-3 кездесуден артық жоспарламаңыз. Тек осы жағдайда ғана алға қойылған міндеттерге назарыңызды сала аласыз. Дұрыс стратегия құрып, кәсіпті күйіп кетуден сақтайсыз. Кездесулерді аяқ асты ұйымдастырмаңыз. Мұндай жағдайда кездесуді тиімсіз уақытқа қойып қоюыңыз мүмкін. Кездесулер санын азайту арқылы поштамен тиімді хат алмасулар, шағын конференциялар кезінде көптеген міндеттерді атқара алатыныңызды байқайсыз.

Қызметкерлерді бақылау

Кәсіп иесінің қалауы – барлық процестердің ортасында болып, міндеттердің дұрыс орындалуын бақылау. Бірақ әріптестер мен қызметкерлерге сенімсіздік таныту «жұмысты өзіңізден басқа ешкім орындай алмайды» деген ойдың тууына әкеп соғады. Сіз жұмыстарыңыз мен орындалуы тиіс міндеттерге толық зейін қоя алмайсыз. Телефонды және компьютерді күніне кем дегенде 2 сағатқа өшіріп қойыңыз. Осы уақытта компанияның жұмысы тоқтап қалмайды. Ал сіздің өзге де шаруларға уақытыңыз қалады. Оның үстіне қызметкерлер жұмысын да бақылап үлгересіз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!