Біліп жүр

Карантин кезінде виртуалды түрде мұражай аралаңыз

Карантин кезіндегі мәдени шаралар

Карантин әлемдік жағдайдың өзгеруіне әкелді. Мәдени шараларға тыйым салынды. Алайда виртуалды және иммерсивті технологияың дамуы мұржайларды үйде отырып та тамашалауға мүмкіндік берді. Видеоспектакль, балет және опера қойылымдарын онлайн көруге болады. Барлығы тегін. Balbal.kz сайты виртуалды мұражайлар мен трансляцияланған опералардың сілтемесін назарыңызға ұсынады.

Эрмитаж

Эрмитаж – Ресейдегі және әлемдегі ең ірі мұражай. Бұл мұражайда әлем халықтарының тарихына қатысты сирек кездесетін экспонаттар қойылған. Эрмитаждың сайты арқылы виртуалды түрде мұражайды көре аласыз.  https://bit.ly/33nCpQg

Сонымен қатар iPhone 11 PRO телефонына бір дубльмен 4К форматында түсірілген бес сағаттық экскурссияны тамашалай аласыз. https://bit.ly/39VHDoI

Опера

«Metropolitan Opera» Live in HD атты тегін стримдерді ұсынды. Дүйсенбі күні «Кармен», бейсенбі «Травиата», 22-наурыз «Евгений Онегин» қойылымдары болады. https://bit.ly/2TTSr1f

Вена операсы

Вена операсы да өз қойылымдарын тегін эфирлік трансляциялар арқылы көрермен назарына ұсынды. https://bit.ly/39OINlQ

Radio Arzamas

15-сәуірге дейін «Radio Arzamas»-қа «КАРАНТИН» промокоды арқылы тегін тіркеле аласыз. https://arzamas.academy/promo

«Ромео мен Джульетта»

Үлкен театрдағы Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеті 29-наурызда тегін трансляция өткізеді. https://www.bolshoi.ru/about/relays/

Google

«Google» компаниясы да «Google Arts» «Culture» атты өзінің мәдениет платформаларын ұсынды. https://artsandculture.google.com/

Ван Гог мұражайы

Амстердамдағы белгілі суретші Ван Гогтың мұражайын да көре аласыз. Мұнда «Google Street View» қосымшасы да қосылған. https://bit.ly/2TRdiSQ

Третьяков галереясы

Третьяков мұражайы өз сайтында виртуалды экскурсия, лекция, концерттерді тамашалау мүмкіндігін қосты. https://artsandculture.google.com/%E2%80%A6/the-state-tretyakov-gal%E2%80%A6

Өнер тарихы мұражайы

Вена қаласындағы (Kunsthistorisches Museum) өнер тарихының мұражайын виртуалды аралай аласыз. https://bit.ly/3d08Zfm

Уффици мұрағаты

Уффици цифрлы мұрағаты да көпшілік назарына ұсынылды. https://www.uffizi.it/en/pages/digital-archives

Лувр

Париждегі ірі мұражайлардың бірі Луврды да виртуалды түрде тамашалай аласыз. https://bit.ly/2WciGBi

https://www.louvre.fr/en/media-en-ligne

Мемлекеттік мұражай

Санк-Петербургтегі Ресей мемлекеттік мұражайын тегін әрі үйден тамашалау мүмкіндігі туды. https://bit.ly/2IOQDjq

Британия Мұражай

Виртуалды экспонаттар саны бойынша ең үлкен Британия мұражайын «Ютуб» арнасынан және ресми сайтынан көре аласыз. https://www.britishmuseum.org/

https://www.youtube.com/user/britishmuseum

Прадо

«Прадо» орталығында белгілі суретшілердің 11 000-ға жуық туындысы сақталған. Оларды тамашалау тегін. https://www.museodelprado.es/

Ватикан мұражайы

1506 жылы құрылған Ватикан мұражайы мен төбе суреттері Сикстиндік капелланы тегін виртуалды түрде аралай аласыз. Мұражайдағы барлығы 54 галереяны көруге болады. http://www.vatican.va/various/cappelle/sistina_vr/index.html

МоМА

Нью-Йорк қаласында орналасқан «МоМА» заманауи өнер мұражайын тамашалау мүмкіндігі туды. Оның ішінде барлығы 84 000-ға жуық экспонат бар. https://www.moma.org/collection/%E2%80%A6

Гуггенхайм

Нью-Йорк қаласындағы Соломон Гуггенхайм негізін салған өнер мұражайы да виртуалды экскурссияға өткен. https://www.guggenheim.org/collection-online

Сальвадор Дали мұражайы

Белгілі суретші Сальвадор Далидің туындылары негізінде құрылған мұражайды тегін, үй жағдайында бағалай аласыз. https://bit.ly/33iHVmX

NASA

«NASA» орталығы да өз бейнежазбаларын тегін тамашалау мүмкіндігін ұсынды. Бейнежазбалар қысқа бірақ жоғарғы сапада ұсынылған. https://www.nasa.gov/co%E2%80%A6/ultra-high-definition-video-gallery

Смитсон мұражайы

Вашингтон қаласындағы Смитсондық Америка өнер мұражайын тамашалау мүмкіндігі туды. Оның ішінде Джон Уорденнің жеке топтамасындағы белгілі картиналар қойылған. https://www.si.edu/exhibitions/online

Краков Мұражайы

Польшадағы «Кристофор» сарайында орналасқан Краков мемлекеттік мұражайы да «виртуалды мұражай» қосымшасын ұсынды. https://bit.ly/3d29dT0

Көркем өнер мұражайы

Будапешт қаласында орналасқан көркем өнер мұражайын да тегін, виртуалды түрде аралай аласыз. https://bit.ly/3d08L80

Нью-Йорк мұражайы

Нью-Йорк мұражайы келушілерінің назарына виртуалды экспонаттар мен белгілі суретшілердің өздері айтқан оқиғалар жазбаларын, дәрістер мұрағатын ұсынды. https://34travel.me/post/nyc-museums

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!