Таным

Логотип жасауға арналған сайттар мен қосымшалар

Логотип жасауда экономдауға болады

Логотип – компания мен өнеркәсіпті таныстыратын басты құрал. Сол арқылы клиент өнімді таниды. Оны жасатуға біраз ақша кетуі мүмкін. Бірақ ешкімге тапсырыс бермей-ақ логотипті өзіңіз жасай аласыз. Balbal.kz сайты логотип жасауға арналған сайттар мен қосымшалар тізімін дайындады.

Launchaco

Launchaco сайтында логотип жасау қиындық тудырмайды. Компания атауын енгізсеңіз жеткілікті. Сайттың өзі сізге бірнеше нұсқаны дайындайды. Түс палитрасы мен иконкаларды жасауға көмектеседі. Бірнеше секундтан соң жүздеген нұсқа алдыңызда дайын тұрады. Оларды бірден визит картасында, футболкада, сайтта тексеріп көруге болады.

Hatchful

Hatchful арқылы логотип жасау өте оңай. Бұл үшін алдымен компания атауы, жұмыс саласы, визуалды стильді енгізсеңіз жеткілікті. Логотиптің қай жерде қолданылатынын да енгізуді ұмытпаңыз. Сервис оншақты нұсқаны дайындайды. Егер қажет болса, жазу түрін өзгерте аласыз.

Hipster Logo Generator

Минималистік логотип жасауға арналған сайт жұмысы өте оңай. Эмблеманың түрін, жазу үлгісін таңдай аласыз. Логотипті жазып алу тегін. Бірақ жоғарғы сапада көшіру 10 долларды қажет етеді.

Canva

Логотип генераторының мобильді қосымшасы да бар. Сайт дайын шаблондар мен суреттер арқылы логотипті жасауға мүмкіндік береді. Өзіңіз сурет немесе өзге элементтерді қосу арқылы өзгерте аласыз.

Ucraft

Ucraft арқылы сайт жасау үш бөліктен тұрады. Бірінші кезеңде дайын иконкалар қосылады. Екінші бөлікте дайын жазу үлгілерін таңдап, қосасыз. Үшінші кезеңде қажет жағдайда қарапайым фигураларды қоса аласыз.

Logo Garden

Logo Garden қарапайым графикалық редакторға ұқсас. Компания атауын енгізсеңіз жеткілікті. Дайын иконкалар мен 30-ға жуық нұсқаны дайындап береді.

Logotype Maker

Logotype Maker артық жұмыссыз логотип жасауға мүмкіндік береді. Сервис бірден түрлі деңгейде жасалған логотиптер үлгісін ұсынады. Оларды өз қалауыңызша өзгерте аласыз. Ұнаған үлгіні ең кішкентай бөлігіне дейін алмастыруға болады.

Looka

Бұл сайт ешбір дизайнерлік білімсіз логотип жасауға мүмкіндік береді. Кәсіп жұмыс жасайтын саланы енгізіңіз. Үлгілер ішінен 5 түрін таңдап алыңыз. Бұдан соң түстерді таңдап, жазу үлгісін белгілеңіз. Бірнеше секундтан соң платформа дайын логотиптер үлігісін ұсынады.

Taylor Brands

Бұл сайтта логотип дайындау қарапайым тәсілмен жүзеге асады. Бірнеше ұнаған үлгісін таңдап алыңыз. Бұдан кейін ондаған логотипті ұсынады. Олар гаджет экранында қалай көрінетінін тексеріңіз. Логотипті жүктеу үшін жазылу міндетті.

Logopony

Платформа сізге арналған логотипті бірнеше секундта дайындап береді. Компания атауы немесе слоганын енгізіңіз. Түстер палитрасын таңдаңыз. Сізге ұсынылған нұсқалардың ішінен ұнағанын таңдап алыңыз. Дайын логотипті визит картасының бетінде, киімде, әлеуметтік желі беттерінде тексеруге мүмкіндік береді.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!