Таным

Маркетинг туралы үздік 6 кітап

Маркетинг туралы білім жинау үшін кітап оқыңыз

Маркетинг туралы әңгіме қозғау орынды. Себебі маркетинг – кез келген кәсіпті алға жетелейтін жол. Егер сіз бұл саланы арнайы оқымасаңыз, өз біліміңізді толықтырғаныңыз жөн. Себебі бұл саланы меңгеру оңай емес, сонымен қатар бірнеше құпияларды білуді талап етеді. Көптеген танымал маркетологтар өз білгендерімен бөлісіп, кітап жазған. Сол кітаптарды оқып, ойға сіңіру  сіздің маркетинг саласын игеруіңізге септігін тигізеді. Balbal.kz сайты маркетинг туралы үздік кітаптар тізімін назарларыңызға ұсынады.

Мартин Линдстрем. «Buyology. Truth and Lies about Why We Buy»

Кітап авторы 12 жасында Лего компаниясында қызмет етеді. Маркетинг саласына қызығып, анасына да косметика тауарларын сатуға көмектеседі. 40 жасында белгілі маркетолог атанған Мартин Линдстрем өз кітабын жазып шығады. Бұл шығармада Линдстрем бюджетті зерттеу арқылы шығарған шешімдерімен бөліседі. Сатып алуға әсер ететін факторлар мен шешім қабылдаудың себептерін талдайды.

Джо Пулиции. «Epic Content Marketing»

Джо Пулиций – контент-маркетинг институтының негізін салушы. Бұл кітапта ол контент-маркетинг туралы көптеген ақпарат береді. Сатып алушыларға әсер ететін факторлар мен процестерді талдайды. Автор контент жайлы құнды мағлұматтар беріп, контент еш нәрсені сатпауы қажет деп шешім шығарады.

Оливер Бланшар. «Social media ROI»

Оливер Бланшар – бренд жасау және маркетинг саласының жетекші маманы, түрлі медиа бағдарламалар мен жобалар жасаумен айналысады. Блогосферадағы және әлеуметтік желідегі салынған қаражаттың өзін ақтайтындығын қалай анықтауға болатыны жайлы сұрақтардың жауабын дәл осы кітаптан таба аласыздар. Бестселлерден жоспар құру стратегиясы мен сараптама жасау, өлшеудің жолдарын біле аласыз.

Эммануил Розен: «The Anatomy of Buzz Revisited»

Эммануил Розен сарафан радиосы жайлы барлығын біледі. Оны коммерциялық бағытта алғаш қолданады. Розен өз карьерасын копирайтингтен бастаған және өмірінің 9 жылын маркетингтік компанияда вице-президент қызметінде өткізген. Автор кітапта ғаламтор арқылы әлем бойынша тұтынушыларды табу жолымен бөліседі.

Чип Хит, Дэн Хит: «Made to Stick. Why Some Ideas Survive and Others Die»

Дэн Хит әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытумен, ал Чип Стэнфордтың жоғарғы бизнес мектебінде сабақ береді. Бұл кітап идеяның неліктен вирус секілді тарайтынын талдап, өзгелерді жеңу жолын көрсетеді.

Халид Салех, Айят Шукайри. «Conversion Optimization»

Бұл интернет-маркетинг бойнша жетекші құрал болып табылады. Сатып алушыларды тарту мен сату жөнінде бірнеше құнды ақпарат береді. Бұл еңбекте тұтынушыларды тарту мен сатып алушыны көндіру керектігі туралы кеңестер бар.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close