Таным

Мэнни Хошбин: Cізді миллионер атандыратын 5 қасиет

Мэнни Хошбин – жылжымайтын мүлік магнаты

Мэнни Хошбин – мультимиллионер, калифорниялық жылжымайтын мүлік магнаты. Оның жетістікке жету жолы 14 жасында басталған. Осы кезде ата-анасымен бірге Мэнни Хошбин Ирандағы азамат соғысынан қашып, АҚШ-қа қоныс аударады. Оның өмірі жаңа мекенде жаңаша басталды. Бастапқы уақытта пәтер жалдағанға дейін поезд вагондарында ұйықтағанын ол жасырмай айтады. АҚШ-та кедейлікке тап болған Хошбин табыс табуға кіріседі. Асқан қиындықпен жасөспірім супермаркет конвейеріне жұмысқа орналасады. 

Қиялдаудан қорықпа

Ол қандай жағдай болмасын қаржылық жағынан тәуелсіз болуды мақсат етеді. Бұл жолда ол ерінбей еңбек етеді. Еңбекқор жасөспірім осылайша шина шығаратын компанияның үздік қызметкері атанады. Өзінің алғашқы 100 долларын конвертке салып, жинай бастайды. Осылайша бір жылдан соң ол өзінің алғашқы «Хондасын» сатып алады.

Жетістікке жетпей тұрып Мэнни бірнеше сәтсіз кәсіптерді бастап көреді. Өз жанына жақын істі бастамас бұрын көлігінде қонуға да тура келген.

Хошбин жылжымайтын мүлік бойынша коммерциялық лицензия алып, несиелік офицер атанады. Бұдан соң банкке тиесілі объектілерге бағытталған ипотекалық компания ашуды қолға алады.

Мэнни Хошбиннің жетістікке жету жолы осы еді. Бүгінде ол бірнеше гипер-карлардың иесі.

Жалғыз жұлдыз

Әрбір жетістіктің тарихында жолды жарықтандырып тұратын жалғыз жұлдыз болады. Бұл жұлдыз адамды болашаққа жетелеп, мақсатына жеткізеді. Алғашқы миллионға жету жолында Мэнни ешқашан берілмеу керектігін түсінеді. Осының арқасында ол өзінің және отбасының жарқын болашағын жасай алды.

Оның жары Лейла Милани – Торонтолық модель және кино әртісі. Бақыттың жұптың 2 баласы бар:  Присцилла мен Энцо-паша.

Мэннидің күн жоспары

Мэнни ерте тұруды дұрыс деп санайды. Оның жұмыс күні таңғы 04:30-да поштаны қараудан және нарықты зерттеуден басталады. Бұдан соң әлеуметтік желі арқылы өзгелермен әңгіме-дүкен құрады. Ол әдетте өз жазылушыларына жетістікке жетудің құпиялары мен кеңестерін береді.

Ол 10 миллион доллардан тұратын жылжымайтын мүлік портфелін құру жайлы кітаптың авторы. Кітапта жылжымайтын мүлік индустриясы мен стратегиялары жайлы толық ақпарат берілген. Мэнни Хошбиннің өмірбаяны көптеген жас кәсіпкерлер үшін үлгі. Кәсіпкердің айтуы бойынша «Сіз таңертең қандай көңіл-күймен оянатыныңыз маңызды. Көңіл-күйіңіз болмаса, жаттығу жасаңыз, салқын суға шомылып сергіп, музыка тыңдаңыз. Себебі таңды қалай бастасаңыз, күніңіз де солай жалғасады».

Жетістіктің 5 құпиясы

Дәл, анық шешім қабылдау. Жетістікке жету үшін нақ және дәл шешім қабылдаңыз. Өзіңізді  алда немен айналысатыныңызды шешіп, 10-15 жылдан қай жерде болатыныңызды анықтаңыз.

Жоспар құр. Жетістікке жету үшін сіз жоспар құрып үйренуіңіз керек. Себебі А нүктесінен В нүктесіне ешқандай арифметикалық амалсыз жете алмайсыз ғой.

Демалыс жасаңыз. Мэнни әрбір дүйсенбі күні демалыс жариялайды. Бұл өзінің жоспарының орындалуы мен істелінген әрекеттерді саралау үшін қажет.

Жаңа нәрсені үйренуге тырысыңыз. Әрқашан даму және өзіңізді жетілдіру сізді алға жетелейтін баспалдақты құрайды. Қоршаған ортаның қолдауын бағала, бұл саған күш пен жігер сыйлайды.

Ешқашан берілмеңіз! Барлығы қиындап, алдыңызда мәселе туындағанда ісіңізді тастап кетпеңіз. Мэннидің айтуы бойынша, бұндай кезде арманыңыздың басталған күнін еске алыңыз. Бұл сізді қайта жігерлендіреді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!