Біліп жүр

Шетелде тегін білім алудың 4 жолы

Шетелде тегін білім алғың келе ме?

Шетелде білім алу жастарға үлкен мүмкіндік береді. Жеке қорлар, ірі компаниялар, кей университеттер шетелдік студенттердің тегін білім алуына бар жағдай жасауға дайын. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған талатты жастар мен студенттерді өз қабырғаларында тәрбиелеп, өздеріне жұмысқа тартады. Олардың көмегі грант, стипендия мен жеңілдіктер түрінде де болуы мүмкін.

Гранттар

Халықаралық гранттар – студенттердің (30 жастан аспаған) оқу кезіндегі толық шығынын өтейді. Сонымен қатар тек оқу ақысын қамтитын толық емес грант түрлері де бар. Трансферге қажетті қаражат пен авиабилеттер, тамақтану студенттің өз мойнында болады.

Грант жайдан-жай берілмейді, оны жеңіп алу қажет. Ол үшін:

Өзіңіз қызығатын оқу орынын таңдап, онымен хабарласу. Егер ЖОО грант бөлуге дайын болса, толтыратын құжаттарды жібереді. Бастысы – грантты нене сізге бұйыруы керектігі жайында сауатты хат жазасыз.

Оқығыңыз келетін мемлекет елшілігі арқылы өтініш білдіру. Мемлекеттік гранттарды бөлу қағидасы Білім және ғылым министрліктерінің басқаруымен бекітіледі.

Студент алмасуға бағытталған жобалардың қатысушысы атану. Егер сіз өз еліңізде ЖОО студенті болып табылсаңыз, онда сізге қиындық тудырмауы тиіс. Тек сіздің университетіңіздің қай елдермен байланысы бар екендігін біліп алыңыз.

Өзіңіз қызығатын немесе білім алатын ғылым саласына қолдау көрсететін жеке қорлармен хабарласыңыз. Бұндай қорларды ғаламтор арқылы табу қиын емес. Олардың жеке сайттарынан грант иесі атану үшін қандай талаптардың бар екенін біле аласыз.

Стипендиялар

Стипендияларды жобаларды табу оңай және өзіңізге қажеттісін таңдау қиындықты тудырмайды. Мұндай стипендиялар толық немесе толық емес түрде болуы мүмкін. Стипендия иегері атану үшін де университеттің өзіне немесе елшілікпен байланыс орнатуыңыз қажет.

Алғашқы айда академиялық жоғары нәтиже көрсетсеңіз, мемлекет немесе ЖОО барлық шығындарды қайтарып, алдағы уақытта өзге шығындарды өз мойнына алады.

Гранттан ерекшелігі – стипендияны тек ЖОО студенті ғана емес, оқушылар да жеңіп ала алады.

«FellowShip» жобасы

«FellowShip» — магистрлық немесе докторанттық абитуриенттерге арналған қаржылай көмек. Бұл көмекті алу үшін әр ЖОО бекітілген жас шектеулеріне сәйкес келуіңіз қажет. «FellowShip» ғылыми-зерттеу жұмыстарында тәжірибесі мол түлектерге беріледі. Қоржыныңызда бірнеше ғылыми жұмыс пен мақала болуы шарт. Өтінішті өзіңізді қызықтырған ЖОО арқылы, елшілік немесе жеке қорлар арқылы беруге болады.

Ресми тілді жетік білу

Шетелде тегін білім алудың қарапайым жолдарының бірі. Бұндай әдісті еуропалық белгілі ЖОО-да қолданады. Мысалы, Сорбонна университеті француз тілінен тапсырылған тесттен жоғарғы нәтиже көрсеткен шетелдік студенттерге тегін білім алу мүмкіндігін ұсынады.

Мұндай әдіс голландиялық, чехиялық жоғарғы оқу орындарында бар. Айта кетерлігі, ағылшын тілді жобалар бұл мемлекеттерде ақылы болып табылады. Сонымен қатар мұндай жобаны қолдайтын университеттер саны әзірге өте шектеулі.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!