Таным

SMM сиқыры

SMM сиқыры неде, ол компанияңызға қалай көмектесе алады?

SMM сиқыры сіз қол жеткізе алмайтын дүние емес. Бір рет SMM тереңдігіне бойлау арқылы сіз өз бизнесіңізді дамытып қана қоймай, өзіңіз де қосымша қаражат таба аласыз. Ең алдымен, SMM ( Social Media Marketing) не екенін біліп алайық. SMM – тауарлар мен қызмет түрлерін әлеуметтік желі арқылы насихаттайтын маркетингтің бір саласы.

SMM сиқыры

Жаңа тауарлар, жеңілдіктер мен акциялар туралы хабарлайды;

Сайтқа трафик тартады;

Жаңа лидтар (leаd) жасайды;

Біле жүріңіз, лид дегеніміз – жарнамаға қызыққан клиенттің әрекеттері.

Жылдам әрі сапалы кері байланыс орнатады;

Компания, қызмет түріне деген сыйластықты, сенімділікті арттырады;

SMM пайдасы

Үлкен аудитория

Әлеуметтік желілердің арасында ең танымал интернет-ресурт – ол Facebook пен ВКонтакте. Ай сайын Facebook-ті 2 миллиард адам көрсе, ВКонтактеге  94 миллион адам қонаққа кіреді екен.

Қанша ақша кетеді?

Әлеуметтік желілерге тіркелу үшін де, сол жерге мағлұматтар жариялап отыру үшін де қаражат кетпейді. Кейбір жағдайларда ауқымды түрде тарату үшін белгілі бір сома (қанша екендігін өзіңіз шешесіз) жұмсайсыз.

Оны кімдер көреді?

Жарнамаңызды сіз көздеген адамдар байқап, қызығушылық танытуы үшін де желі әлемі мүмкіндік жасап қойған. Мысалы, сіздің тауарыңыз, қызметіңіз қай клиентке арналған, соны сараптай отырып қалаға, жас шамасына, мамандығына қарай аудиторияны таңдауға рұқсат.

Өнімнің таралуы

Егер сіздің ұсынған мағлұматыңыз тұтынушыға ұнаса, ол өзі сізді өзінің достарына, таныстарына жарнамалай бастайды. Азғантай уақытта мыңдаған тұтынушы сізді тани бастайды. Бұл секундтардың шаруасы.

SEO ең жақсы көмекші

Әлеуметтік желілерде көп лайк (лүпіл) пен пікір жинасаңыз, Google мен Яндекс –тің бірінші бетінен шығу оп-оңай.

Оқи отырыңыз:«SEO деген не немесе сайт ашқанда жіберілетін 5 қателік«

Әлеуметтік желі бойынша 7 кеңес

  1. Аудиториямен әңгімелесу

Өзіңіздің бастамаңыз туралы ақпаратты аудиторияңызға қарапайым әрі түсінікті тілде айтып беріңіз. Оқырмандарыңызбен танысыңыз, сұрақтарына жауап беріңіз. Сонда олар да сізге жылы шыраймен қарайтын болады.

  1. Қызықты контент жасаңыз

Парақшаңызда конкурстар ұйымдастырыңыз. Сұрақ-жауап алмасыңыз, ұтыстар ойнатыңыз. Осындай іс-әрекет яки контент сіз парақшаңызды дұрыс бағытта дамытып жатырсыз ба, жоқ па, анықтап береді.

  1. #Хештэг қойыңыз

Хештэг жазған постыңыздың қаралымын көбейтеді. Ең бастысы, контентіңізге қатысты дөп түсетін кілт сөздерді тауып, теріп жазып шығуыңыз шарт.

  1. Жарнама жасатыңыз

Жариялаған постыңызға таргет жарнамасын жасатсаңыз бірден қаралым көбейіп, жазылушылар саны да артады.

  1. Жаңа контент жасаңыз

Паракшада оқырман саны көбейгеннен кейін олардың сұранысы да көбейіп, талабы қатаңдай түседі. Сол үшін сізге жаңа бір туынды жасауға тура келеді. Парақшаңызды әдемілеп безендіріп, ауқымды тақырыптарда әңгіме қозғаңыз. Оқырмандарыңызға жақтасуды ұмытып кетпеңіз. Себебі олар сізден мейірім мен адалдықты күтеді.

  1. Арнайы сервистерді пайдаланыңыз

Бірнеше әлеуметтік желілерді бірдей пайдаланатындар үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Бір уақытта бірнеше әлеуметтік желіні пайдаланыңыз. Мысалы: Instagram-ға жазған жазбаңызды Facebook-ке, Вконтактеге бөлісіңіз.

  1. Анализ жасаңыз

Әлеуметтік желідегі арнайы онлайн-инструменттерді пайдалана отырып, статистиканы қараңыз. Өсу бар ма, жоқ па, қанша адам қарады дегендей сандарды бақылауда ұстаңыз. Пікірлер мен лайк санын есептеп, постты қай уақытта жариялаған тиімді екенін қараңыз.

SMM – тұтынушы назарын аудартуға, сатылымды көбейтуге мүмкіндік беретін сиқырлы құрал.

Дайындаған: Орынғали Дидар

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close