Таным

Тегін онлайн курстардың тізімі. #Үйденшықпа

Тегін онлайн білім алыңыз

Тегін онлайн-курстарын табу әдетте қиын. Карантин жариялануына байланысты көпшілігі курстарды тегін қылып жатыр. Ендеше осыны пайдаланып, уақытты дұрыс пайдалану керек. Balbal.kz мотивациялық сайты 2020 жылдың сәуір айында тегін онлайн курстарын өткізетін сайттардың легін жариялайды.

Мектеп бағдарламасы

  1. Учи.ру

Интерактивті білім беру платформасы. Болған жағдайларға байланысты уақытша ақысыз оқуды ұсынады.

  1. 01Математика

Математика пәнін үйрететін жоба. Сайтқа барлық мектеп оқушылары тегін кіре алады.

  1. Алгоритмика

Оқушыларға информатика және бағдарламалауды үйрететін қашықтықтан оқыту бағдарламасы.

  1. Domestika

Балалардың шығармашылық қабілетін шыңдауға көмектесетін сайт. Курс ағылшын тілінде өтеді.

  1. Метод Тичера

Ағылшын тілін басынан бастап үйрететін курс. Онлайн-курс 1 мамырға дейін тегін.

  1. Busuu

Шет тілдерін үйрететін сайт. Курс 5 жастан 14 жасқа дейінгі балалар үшін тегін.

  1. Foxford

Мектеп оқушыларына арналған мектеп базасы жинақталған портал. Оқушылар білім алмай қалмасын деп барлық ақылы платформалар ақысыз түрге ауысқан.

  1. Skills4U

Шеберлік пен қабілетті тез қалыптастыруға үйрететін онлайн платформа. Курс 15 сәуірге дейін тегін.

  1. Просвещение

Ағылшын тілін үйрететін вебинар. Материалдар «Просвещение» баспасынан алынған.

Бизнес, менеджмент, маркетинг

  1. Коллеги

Digital marketing бойынша өтетін конференция. Конференция материалдарын оңай жүктеп алуыңызға болады.

  1. Edunano

Технологиялық кәсіп курсы. Курс 10 сәуірге дейін тегін.

  1. Максим Ильяхов

«Мәтін және ақша» курсы. Мәтін арқылы қалай ақша табуға болатынын үйретеді.

  1. OWOX

Analyze, GoAnalytics, Ecommerce видео-конференцияларына кіруге мүмкіндік беретін сервис.

  1. Нетология

Сайтта маркетинг және менеджмент бойынша мини-курстар жиынтығы сақталған. Платформаға тіркеліп, бір курсты таңдайсыз. Stay home промокодын теріңіз.

Жастарға арналған

  1. Ключевые идеи физики

Әлемнің құрылуы,ғылым туралы көрсетіледі. Физиканы аса білмейтіндер де, жоғары деңгейде меңгергендер де қатыса алады. Онлайн сабақ 6 сәуірде басталады.

  1. Қызмет саласындағы эффективті коммуникация

Онлайн-курс «Открытое образование». Курс 1 сәуірден басталады. Онда сізді тексеріп, баға қойылып отырады.

  1. Coursera

Тікелей оқу орталықтарымен жұмыс істейтін білім беру алаңы. 31 шілдеге дейін тіркелсеңіз, көптеген курстар мен дәрістерге қатыса аласыз.

  1. Universarium

«ХХІ ғасыр заңы» курсында әлемдік құқық, заң туралы айтылады. Құқықтық сауаттылықты арттыруға негізделген.

«Құрылыс саласындағы инженер-техникалық серпілістер» курсы техникаға қызығатындарға арналады.

«Философия: мәселе табу өнері» курсы. Курста философиялық ойларды антикалық кезеңнен бүгінге дейін зерттейді. Курстар 30 наурызда басталған.

  1. ПостНаука

Пайдалы білім беру ресурсы. Сайт кез келген адамды қызықтыра алады.

  1. Stepik

Атақты университеттер мен компания басшыларының өткізетін курстары.

Дизайн, компьютерлік графика, бағдарламалау

  1. SkillShare

Курста фото өңдеу, иллюстрация, анимация, графикалық, т.б. үйретіледі.

  1. Contented

Сайт ашу, жоба құруды үйретеді. Курс практикалық тәжірибе арқылы жүреді.

  1. Bang Bang Education

Дизайн жиынтығы. 17 сәуірге дейін 46 сабақты қарап шыға аласыз.

  1. GeekBrains

Бағдарламалау, дизайн жасау әдістерін нұсқайтын курс.

  1. org

Информатика және бағдарламалау жөніндегі курстар жиынтығы. Курс орыс және ағылшын тілінде өтеді.

  1. Сайт Константина Полякова

Бағдарламаулауға қызығатын және бағдарлама жасайтындар үшін қызықты сайт. Курста кез-келген адам өзіне тың ақпарат ала алады.

Шет тілі

  1. British Council

Ағылшын тілін үйрететін ашық онлайн курс.

  1. Future Learn

Бұл тілдік қабілетті арттыруға көмектесетін курс. Мұнда жұмысқа кіруге, оқуға түсу үшін ағылшын сынағынан қалай өтуге болатынын түсіндіреді.

Одан кейін норвег тілін үйренуге де болады. Бірақ сертификат алу үшін ақша төлеуге тура келеді.

  1. Санкт-Петербург мемлекеттік университеті

Түрік және парсы тілдерін оқытатын курс.

  1. LangMaster

Шет тілдерін оқытатын онлайн курс.

Шығармашылық, хобби, психология

  1. Enterclass

Сурет салу сабағы

  1. Kalasheva School

Сурет салуды үйрететін шеберлік сағаты

  1. Universarium

«Домашняя мультстудия» курсы. Мультипликациялық фильмдерді жасауға үйретеді. Курс 27 сәуірде басталады.

«Готовим по-русски» курсы. Орыстардың ұлттық тағамдарын пісіруді үйретеді. Курс 13 сәуірден басталады.

«Введение практики в осознанности» курсы. Курста зейін қою, өзін-өзі ұстау мен басқару, ойлау және эмоциямен баурау әдістері көрсетіледі. Курс 20 сәуірден басталады.

  1. Headspace

Курста медитация жасайсыз. Сабақ 3 ай өтеді.

  1. Smart Reading кітапханасы

Өзін-өзі дамыту және психологияға қатысты кітаптар легі.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!