Біліп жүр

Текстиль: Қазақстандағы мақта-мата өндірісі

Қазақстандағы текстиль өндірісімен шұғылданатын компаниялар

Текстиль өндірісі Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін біраз уақытқа тұралап қалды. Елдегі зауыт пен цехтар жабылды. Бірақ бұл Қазақстанда текстиль компаниялары жоқ дегенді білдірмейді. 2000-жылдардан бастап мақта-мата өндірісі қайта жанданды. Balbal.kz сайты отандық текстиль компанияларының шағын тізімін ұсынады.

«AzalaTextile» текстиль компаниясы

«AzalaTextile» компаниясы Түркістан облысы, Шымкент қаласында орналасқан. Кәсіпорын негізін Гүлнара Садыбекова салған. Компания орамалдар, балалар текстилі, дайын мата, төсек-орын жабдығын шығарумен айналысады. Кәсіпорын цехында жыл сайын 2800 тонна жіп орамдары, 14 миллион метр дайын және шикі мата дайындалады.

«AzalaTextile» ЖШС Қазақстандағы алғаш толық циклды кәсіпорын болды.Мұнда өндіріс мақта өңдеуден басталып, қолдануға дайын өнім шығаруға дейін жалғасады

«Caspiy Lana Atyrau» ЖШС

«Caspiy Lana Atyrau» ЖШС 2014 жылдың тамыз айында құрылған. Компания түйе және қой терісін өңдеу, жіп орамдары және жамылғы шығарумен шұғылданады. Мекеменің аумағы барлығы 8878,4 шаршы метрді құрайды. «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС жылына 1000-нан 2000 тоннаға дейін жуылмаған түйе және қой жүнін өңдейді. Компанияны шикізат көзімен Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық қожалықтары қамтамасыз етеді.

«Muhtar Corporation» ЖШС

Компания 2009 жылы ашылған. Кәсіпорын мақта-талшық, жіп орамы және жіп өндірісімен шұғылданады.

«Атамекен-МК» ЖШС

«Атамекен-МК» ЖШС 2004 жылы құрылған. Кәсіпорын мақта өсіруге арналған жер, өндірістік цех және мақта өндірісіне қажетті құрылғылармен қамтылған.

Компания техникалық мақта, медициналық мақта, матрац, ватин, төсек-орын жабдығы, мақта өсірумен шұғылданады.

«Бал Текстиль» компаниясы

Компания жұмысы кілем өндірісі мен оның сатылымына бағытталған. Нарықта 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Ал кәсіби кілем өндірісімен 2013 жылдан бастап шұғылданады. «Бал Текстильдің» өнімдерін Қазақстанның барлық қаласынан сатып алуға болады. Сонымен қатар бұл компания «IKEA» дүкендер желісіне кілем жеткізген алғашқы қазақстандық өнеркәсіп болды.

«Бал Текстиль» компаниясының жеке сайтынан қажетті кілемді таңдауға болады. Онлайн-кеңесші де жұмыс істейді.

«Қуат» ЖШС

Мекеме 1996 жылы құрылған. «Қуат» ЖШС жүн тазалаумен, одеяло өндірісімен, қазақ үйге арналған киіз шығарумен, аяқ-киімге арналған ұлтарақ, пима, жылылауға арналған материал мен ешкі түбітін шығарумен шұғылданады.

«Жейде» Трикотаж факрикасы» ЖШС

«Жейде» Трикотаж факрикасы» ЖШС 2000 жылдың қазан айында құрылған. Кәсіпорын негізінен трикотажды жіп орамдары, трикотаж өнімдерін шығарумен шұғылданады. Өз өнімдерін Қазақстанның барлық және Ресей Федерациясының кебір аймақтарына жібереді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!