Таным

Йеркс-Додсон заңы жайлы не білесіз?

Максималды нәтижеге жету үшін адам қаншалықты мотивациялануы керек?

Йеркс-Додсон заңы «максималды нәтижеге жету үшін адам қаншалықты мотивациялануы керек?» деген сұраққа жауап береді. Көпшілігіміз мотивация көп болған сайын жұмыс сапасы да артады деп есептейміз. Ең жақсы нәтиже мотивацияның жоғарғы деңгейінде ғана мүмкін дейді. Бірақ бұл рас па?

Йеркс-Додсон заңының мәні

Йеркс-Додсон заңы бойынша жақсы нәтиже мотивацияның орта деңгейінде ғана мүмкін деп есептелінеді. Мотивацияның өзіндік шегі болады және осы шекке жеткенде мотивация деңгейі төмендейді. Мұны парабола ретінде көрсетуге болады.
Йеркс-Додсон заңы өзіндік екі заңдылықтан тұрады. Біріншісі жоғарыда айтылып өтті. Ал екінші заңдылық бойынша жұмыс неғұрлым қиындаған сайын оптималды яғни тиімді мотивация деңгейі төмендейді. Сізге күрделі жұмысты атқару үшін минималды мотивация деңгейі қажет.

Йеркс-Додсон заңының жұмысы

1908 жылы Йеркс пен Додсон жануарлармен сынақ жүргізеді. Жануарларға лабиринттен өту үшін мотивацияның орта деңгейі қажет болған (мотивация тоқ соғу арқылы берілген).
Оптимум нүктесіне жету үшін мотивация өсе береді. Міндетті атқару қажеттілігі жоғарылағанда ғана біз бұл тапсырманы жақсы орындаймыз.
Бірақ біз оптимум нүктесіне жеткен соң эмоционалдық қысым көреміз: уайымдаймыз, қысыламыз, стресс аламыз. Осы әсерлердің себебінен бізде жұмыс тиімділігі төмендейді. Демек мотивация оптимум нүктесінен асқан кезде біз жұмысты дұрыс атқара алмаймыз.

Йеркс-Додсон заңының практикадағы қолданысы

Жоғарыда айтып өткендей, Йеркс пен Додсон жануарларға лабиринт арқылы тәжірибе жүргізген. Бұл сынаққа адамдар да қатысады. Сонымен өз мақсатына жету үшін адам қаншалықты мотивациялануы керек? Лабиринттен өтуге мотивация – белгілі материалдық сыйлық. Сыйлық соммасы артқан сайын қатысушылардың қызығушылығы да арта түседі. Лабиринттен де жылдам өтеді Бірақ белгілі межеге дейін.
Сыйақы соммасы үлкен шамаға жеткенде адамдар уайымдай бастайды. Бұл уайым оларға лабиринттен өтуге бөгет жасайды. Дәл осы тәжірибе Йеркс-Додсон заңының жұмысын дәлелдеді.
Сынақ арқылы оптималды мотивация деңгейі 10 балдық шкала бойынша 7-8 балды құраған. Орта деңгейлі міндет үшін 5-6 балл, қиын жұмыс үшін мотивация деңгейі 2-3 баллға тең. Мысалы, сіз бастықсыз делік. Қоластыңызда істейтін жұмысшыға міндетті жүктер кезде сыйақыдан айыру немесе жұмыстан шығару секілді мотивация берудің қажеті жоқ. Мұндай «мотивация» жоғарғы деңгей деп есептелінеді. Бұл жұмыс тиімділігін төмендете түседі.
Сонымен қатар өзіңізге қалай мотивация беретініңізді де бақылауда ұстаңыз. Бәлкім, кей жағдайда тым көп мотивация беретін шығарсыз?! Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін оптимум нүктесінен асып кетпеуді назарыңыздан шығармаңыз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!