Таным

Жадыңыз 8 есе жылдам жұмыс істесін десеңіз

Питер Камптың "Жылдам оқу" кітабынан алынған жаттығулар

Қазіргі заманда кітап оқуға уақыт таппай жатамыз. Алайда білімнің бәрі кітапта жатыр. Сол кітапты 2-3 есе тез оқып, әрі жадыңда сақтап қалудың жолы бар. Ол — жылдам оқу. Мен сіздерге Питер Камптың «Жылдам оқу» кітабынан біраз жаттығуларды ұсынамын. Ол  кітабында жадының жылдам жұмыс істеуі және тез оқу техникасының алты айлық курсын жазған. Тапсырмаларды орындау арқылы сіз өз жылдамдығыңызды арттырасыз.

Бірінші мақсат қойыңыз

Ең алдымен іске кіріспес бұрын мақсат қойыңыз:

● бұл қабілетті игеру не үшін керек?
● неше сөз оқуды көздейсіз?
● қанша уақытта нәтижеге қол жеткізгіңіз келеді?

Егер осы сұрақтардың жауабын білмесеңіз еш нәтиже шықпайды.

Сайманыңыз әзір болсын

Жұмысқа кіріспес бұрын курсқа қажетті заттарды дайындаңыз:

1. А4 қағаз
2. Таймер
3. Кітаптар
4. Қалам
1 минутта неше сөз оқитынымызды және есте сақтау қабілетімізді тексеріп аламыз. Ол үшін:

1. Дайындаған кітабымыздың 10 бетін бөліп аламыз;
2. 1 минутқа таймер қойып, оқуды бастаймыз;
3. Біткен соң келген жерге белгі қоямыз;
4. А4 қағазымызға 1 мен 20 аралығындағы сандарды тізіп жазып шығамыз;
5. Кітапты жауып, 6 минут ішінде сан тізбегіне есіңізде қалғанды жазыңыз. Қанша сөз немесе сөйлемді есіңізге түсіре алдыңыз?

30 минутта кітаптың негізгі идеясын түсіну

Кітапты бастамас бұрын мұқабасын, мазмұнын қарап шығыңыз. Кітаптың құрылымын түсінуге тырысыңыз:

● Сөйлемдегі кілтсөздерді қарап шығыңыз — 5 мин;
● Кітаптың басын және соңын оқыңыз, бұл негізгі ойды түсінуге қажет — 10 мин;
● Сізге қажетті жерін оқуға тырысыңыз — 15 мин;
● Толықтай оқып шықсаңыз да артық болмайды. Абзацтарға көз жүгіртіп шығыңыз. Бұл сізге кітапты түсінуге көп көмегін тигізеді — 15 мин.
Сіз осы әдісті қолдану арқылы кітапты 80% түсіне аласыз.

Тік отырып оқу

Орындыққа арқаны тіреп, тік отырып оқу керек. Кітапты өзіңізге 45° бұрышпен ұстаңыз.

Саусақты жүргізіп отырып оқу

Сұқ саусағымызды жүргізіп отырып, оқуға бейімделу керек. Бірінші қатар біткен соң саусақты көтерместен зигзаг жасағандай екінші қатарға түсесіз. 2 минутқа қойып, сұқ саусағыңызды жүгіртіп отырып оқып шығыңыз. Байқасаңыз көз саусаққа ілесіп отырады. Келген жерді белгілеп қойыңыз. Тағы да сол мәтінді 2 минутта оқып көріңіз. Келесі кідіріс жасаған жеріңізді «2» деп белгілеңіз. Әр оқыған сайын мәтін ұзара беретінін байқадыңыз ба? Бұл саусақпен оқудың нәтижесі.

Шегініс жасамау

Оқу барысында алдыңғы сөйлемді немесе сөзді қайталап оқи бермеңіз.Ол сізге кері әсерін тигізеді.

Ешқашан шегініс жасауға болмайды!

Алғашқыда қиын болады, бірақ үйреніп кетесіз.

Бір қарағанда екі-үш сөзді бірден көру

Бұл оңай техника емес. Ол үшін жаттығу керек. Көздің көру аймағын ұлғайтыңыз. 1 сөзді қарауға 4 секунд, онда 1 минутта 240 сөз оқуға кетеді. Егер сөз тіркестерін бірден көріп оқуды үйренсек, 3 есе жылдам оқуға болады.

Шульте кестесі

Шульте кестесі — жылдам оқуға мүмкіндік беретін негізгі жаттығуларының бірі. 5×5 торы бар кестеде 1-ден 25-ке дейін сан бар. Сол сандарды ретімен 20 секунд ішінде тауып шығу керек. Олар ретсіз орналасқандықтан көру аймағын ұлғайтады.

Жылдам оқу процесі кезінде сіз жасаған әрекеттер:

● Мақсат қою;
● Іштей күбірлеуге болмайды;
● Саусақпен жүгіртіп оқу;
● Көру аймағын ұлғайту.

Дайындаған: Сая Серік

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!