Таным

Жарнама немесе тауарды мәтін арқылы сату

Сайтта жарнамалық мәтін жариялаудың жолдары

Жарнама тауар жайлы негізгі ақпарат болып табылады. Сайта жарнамалық мәтін жариялау үшін ол креативті әрі сауатты болуы керек. Тұтынушыны тауарыңызды сатып алуға мәжбүрлей алмайсыз.Бірақ оны өніміңізбен, қызметіңізбен қызықтыра аласыз. Balbal.kz мотивациялық сайты жарнама мәтінін дайындаудың жолдарын ұсынады.

Жарнама өтімді болуы үшін…

Түрлі түсті суреттер, контентті дұрыс жасау немесе мәтінді сауатты жазу сияқты элементтерге ерекше мән беріңіз. Жарнама өтімді болуы үшін мына 3 тәсілді пайдаланыңыз:

  1. Көңіл-күй. Сайтқа кірген тұтынушы өзін қалай сезінеді? Жүйке жүйесі жұқарып, қобалжып кете ме? Әлде өздерін жайлы сезініп, қызықты немесе күлкілі нәрселерді іздей бастай ма? Мұның барлығы мәтін стиліне ерекше әсер етеді.
  2. Басты қызығушылықтар. Аудитория тауар өндірушіден нені талап етеді? Сапалы өнімді ме әлде алтынмен апталған ерекше дизайн ба? Кез келген тауардың өзіне ғана тән «фишкасы» болуы керек
  3. Сөйлеу мәдениеті мен мәтін стилі. Мәтін оңай оқылуы керек. Ол үшін аудиторияның нені қалайтынын анықтап алған жөн. Заманауи сленг, фразалар, қарапайып әрі түсінікті тіл.

Тұтынушының көңіл күйі мен эмоционалды жағдайы

Мәселен, кір жуғыш машина мен тоңазытқыш шығаратын компания жарнамасы туралы айтайық.

Сайтта ешқашан компания мен тауардың тарихына тоқталмауы керек. Оның маңызы туралы, кейін басқа маркалардың кемшілігін тізіп, төмендету – үлкен қателік. Сосын соңында тұтынушыны әрекет етуге, сатып алуға үгіттейді.

Бұл тәсілді пайдаланудың қажеті жоқ. Өзіңізге бір сұрақ қойыңыз «клиент маған қандай көңіл-күйде келді?» Оның дәл қазір кір жуғыш машинасы сынды. Үйді су басып жатыр немесе машинадан жағымсыз дауыс шығып тұр. Оған әуелі көмек және нұсқаулық ауадай қажет.

«Сіздің кір жуғыш машинаңыз бұзылып қалды ма? Уайымдамаңыз. Мына нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз:

— Суық суды жауып тастаңыз;

— Машинаны тоқтан ажыратыңыз;

— Көршілеріңізге су кетпес үшін, еденді жылдам тазалаңыз.

Жарайсыз! Сіздің үйіңіз бен техникаңызға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Біздің маманның көмегі қажет болса, 123-456 нөміріне хабарласа аласыз. Таңдауыңызға күмәнданып тұрсыз ба? Неге біз? Міне, сізге 5 себеп…

Алдымен нұсқаулық ұсынып, сосын өз компанияңызды жарнамалай бастайсыз. Клиент өз-өзіне келіп, сайт арқылы сізге сене бастады. Ол қиын жағдайда сізге көмек беретін нағыз мамандардың бар екеніне көзі жетті.

Клиенттің басты қызығушылығы – тауардың дизайны мен сапасы

Алдымен сізді қажет ететін аудиторияның портретін жасап алыңыз:

  • Ол кім?
  • Немен айналысады?
  • Тауар оған қаншалықты маңызды?
  • Сізден оған не қажет?

Сіздің аудиторияңыз кәсіпкер, студент, үй шаруасымен айналысатын әйелдерден тұрады.Сол үшін мәтін қысқа әрі түсінікті, бірақ клиенттің көңілінен шығатындай әсерлі болуы керек.

Мысал, сіз ұялы телефон сатумен айналысасыз делік. Оны әр қырынан сипаттап беруге болады: техникалық сипаттама, мүмкіндіктері, ерекше функциялары және дизайны. Мәтін жазбас бұрын аудиториядағы ең маңызды топты анықтаңыз.

  • Кәсіпкерлер мен жастар. Қымбат дизайнға және көрнекілігіне, ондағы платиналарға баса назар аудартуға тырысыңыз.
  • Студенттер мен оқушылар, олардың ата-аналары. Оларға бағасы мен сапасы маңызды. Өз бағасын ақтап алатынын, ұзаққа жарайтынын айтыңыз.

Бір тауарды бірнеше топқа әртүрлі тәсілмен сипаттап беруге әбден болады. Ол сіздің шеберлігіңіз бен идеяңызға байланысты.

Мәтін стилі. Тұтынушының жүрегіне жеткізетін жолды іздейміз

Үнемі мәтін бір ғана стильде жазылуы тиіс. Бірінші сөйлеміңіз ұзақ, екіншісі қысқа болсын. Осылай өзгертіп отырыңыз. Бұл аудиторияны жалықтырып алмаудың жолы. Осы тәсіл арқылы олар сөйлемнен сөйлемге секірмей, бастан-аяқ оқып шығады.

Мәселен:

  • кәсіпкерлер мен жастарға тауардың оның жағдайы мен статусына қаншалықты сай келетінін түсіндіріңіз.
  • студенттер мен оқушылар, олардың ата-аналары. Ең қарапайым топ. Техникалық сипаттамалар беріп, мүмкіндіктерін айтыңыз. Үркітіп алмаудың қамын жасаңыз.

Мәтін – маркетингтің маңызды бөлігі. Тұтынушы сайтта жазылған ақпараттың барлығын оқып, соңында «неге алып көрмеске?» деген тоқтамға келуі керек. Одан кейін тапсырыс беруге асығады. Ерекше болуға тырысыңыз. Егер дұрыс жұмыс жасасаңыз, сіз жазған мәтін сізге жұмыс жасайды. Пайда әкеліп, ойыңыздағыны жүзеге асырады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!