Біліп жүр

Ұлттық ұлан жауынгерлері халықаралық мергендер сайысында екінші орын алды

«Өткір жүз - 2018»

Қытай Халық Республикасының астанасында халықаралық «Өткір жүз — 2018» мергендер сайысы аяқталды.  Қазақстан атынан жарысқа түскен Ұлттық ұлан «Бүркіт» арнайы жасағының жауынгерлері төрт номинация нәтижесінде бейресми есеп  бойынша   алға қытайлық мергендерді жіберіп, екінші командалық орынға ие болды.

Әлемнің 21 елінен 100 мерген бақ сынаған жарыст қазақстандық мергендер «Кешенді жауынгерлік снайпинг» номинациясы бойынша екінші орынға ие болды. Жаттығулар таулы аймақта өтті, оның барысында мергендер 10-нан бастап 600 метрге дейінгі ара қашықтықта, жеті нүктеден тапанша мен мергендік мылтықтан оқ атты. 37 мергендік жұптан тапсырманы үздік орындаған қытайлық әскерилер болды.

Топтық снайпингте де қазақстандықтар жақсы көрсеткіштер көрсете білді. Ұлттық ұланның мергендері дыбысты тұшалап ату, бақылау және бағыт табу, таңдаулы нысандарды табу және таудағы алыс қашықтықта іздеу жаттығулары бойынша 3-ші және 5-орындарға тұрақтады.

Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы жасағына тұтқындарды босату тапсырмасы бойынша жаттығуда тең келер қарсылас болмады. Қазақстандық команда жылжымалы «лаңкес-тұтқын» нысандарына оқты дәл тигізіп, барлық қатысушылар арасында үздік нәтиже көрсетті. Бұдан бөлек, арнайы жасақ жауынгерлері екі оқпен екі нысанды дәл атып, «Өткір жүз» арнайы жүлдесін де жеңіп алды.

Айтып өту керек, жарысты Қытайдың Халықтық қаруланған полициясы ұйымдастырды. Оның мақсаты әр елдің антитеррорлық күштеріне бір-бірінен үйренуге арналған тәжірибе жинақтау және қарым-қатынас платформасын құру, хабарласу арқылы денгейді көтеру және достықты күшейту болып табылады.

Бұдан бөлек, жарыс лаңкестікпен күрес саласында әлеуетті әрі қарай дамытуға, сондай-ақ, мергендердің жауынгерлік даярлығын және кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталған.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!