Психология

Лоуренс Кольберг және адамның мораль деңгейінде қалыптасу теориясы

Лоуренс Кольберг кім?

Лоуренс Кольберг – америкалық психолог. Ол адамның дамуы жөнінде көптеген зерттеулер жүргізген. Солардың бірі – мораль деңгейінде қалыптасу. Адам бала кезінен бастап тұлға ретінде дамуына дейін бірнеше кезеңдерден өтеді. Balbal.kz Лоуренс Кольберг теориясы жөнінде материал дайындап, назарыңызға ұсынады.

         Конвенционалды кезеңге дейін

Конвенционалды кезеңге дейін адам моральды тек нәтижеге қарап бағалайды. Ол сыртқы факторлар негізінде бой түзейді. Себебі бұл кезеңде ол әлеуметтік норма мен қоғам ұғымы,  жақсы мен жаманның не екенін білмейді. Мысалы, бала велосипедпен келе жатып, жолдың шетіне шығып кетті. Тепе-теңідіктен айрылғанда оны екінші бала жолға шығып кетпеу үшін шетке итеріп құлатып жіберді. Бұл әрекетті конвенционалды кезеңге дейінгі деңгейдегі адам дұрыс бағаламауы мүмкін. Оның ойынша велосипедтегі бала бір жерін жарақаттап алады және ешкімді бұлай итеріп құлатуға болмайды.

Бұл деңгей көбіне балаларға тән. Оның негізгі екі түрі бар:

  • Бала жазадан аулақ болу үшін барлық айтқанды орындайды. Ол «жақсы», «ұят», «дұрыс емес» дегенді түсінбейді. Бірақ «болмайды» және «тоқта» дегенді ұғады. Оның тәртібі жаза мен тыйымдар арқылы ғана бағаланады;
  • Бала белгілі сый алу үшін өзін тәртіпті ұстайды. Дұрыс әрекеттер жасап, өзінің осы үшін марапатталатынын біледі. Ол «дұрыс» деп сыйлық алуға болатын әрекеттерді ғана біледі. Мұндай бала тек өз пайдасы үшін әрекет етеді.

Конвенционалды кезең

Бұл кезеңде адам қоғам ойына қарай әрекет етеді. Мұндай деңгей жасөспірімдер мен кейбір ересектерге тән.

Адам қоғамның заңымен өмір сүреді, мораль заңдарын қадірлеп, белгілі тыйымдарды бұзбауға тырысады. Критикалық ойлау қабілеті мүлде болмайды. Сонымен қатар қоғамның пікірін сараптамайды. Бұл кезеңде адам қоғам қалағандай болуға тырысады. Тіпті өз қызығушылықтарын әлеумет үшін құрбан етеді.

  • Жасөспірім өзіне жан-жағынан қарауды үйренді. Қоғам пікірінің не екенін біледі және ұяттың мағынасын түсінеді. Оның бойында қанағат пен құрмет, алғыс секілді сезімдер қалыптасты. Ендігі мақсаты – көптің көңілінен шығу
  • Жасөспірім тек қоғам пікіріне ғана сүйенбейді. Өз көзқарасын алға тартып, оны қорғайды. Заңды бұзбау керек. Жақсы мен жаманды қоғам белгілегенімен, мораль өз ішінде қалыптасу керектігін біледі.

Постконвенционалды кезең

Моральдық түйіндердің қалыптасатын кезеңі. Адам өзінің қоғамнан бөлек, жеке тұлға екенін түсінеді. Өз пікірі болып, оны қоғамнан жоғары қоюға да болатынын біледі. Бұл деңгейде адам қоғам пікірімен өмір сүруді доғарады. Өзінің жақсы мен жаман туралы ойын қалыптастырып, мораль ережесін жасайды. Кей ғалымдардың айтуы бойынша бұл деңгейге көп адамдар жете бермейді.

  • Адам өзге тараптың ойы мен көзқарасы барын түсінеді. Оларды құрметтеу керек, бірақ соның артынан кетудің қажеті жоқтығын да біледі. Мораль ережесі шартты, жағдайға байланысты өзгеріп те кетуі мүмкін.
  • Адам өзгенің пайдасы мен пікіріне, мораль және заңдық ережелерге бағынуды доғарады. Әрекеті мақсатқа қарай жетелейді. Өзі дұрыс деп тапқан істі ғана жасайды. Қалған факторлар ол үшін маңызды емес.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!