Біліп жүр
Сауатсыз ересектердің үштен екісі — әйелдер
Жер бетіндегі 781 миллион ересек жазу мен оқуды білмейді
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі басқармасының дайындаған мәліметтеріне сай, Жер планетасының әр оныншы тұрғыны жазу мен оқуды білмейді. Оның үштен екісі — әйелдер. Ал, сауатсыз әйелдердің 30%-ы (187 миллион) Үндістанда тұрады.
Жазу мен оқуды білмейтін ересектер саны бойынша да Үндістан көш бастап тұр. Жер бетіндегі 781 миллион сауатсыз адамның 286 миллионы осы елде өмір сүреді.
Елдер бойынша статистика:
- Үндістан — 286 миллион адам;
- Қытай — 54 миллион адам;
- Пәкістан — 52 миллион адам;
- Бангладеш — 44 миллион;
- Нигерия — 41 миллион;
- Эфиопия — 27 миллион;
- Мысыр — 15 миллион;
- Бразилия — 13 миллион;
- Индонезия — 12 миллион;
- Конго Демократиялық Республикасы — 12 миллион;
Айта кетерлігі, тізімде Қытай екінші орында тұрғанымен 54 миллион адам бұл ел тұрғындарының небәрі 5%-ын құрайды. Сондай-ақ, зерттеушілер ҚХР халқы алдағы жиырма жылда толығымен сауатты болады деген болжам айтуда. Қазірдің өзінде Қытай жастарының сауаттылығы 99,6% деген көрсеткіште.