Біліп жүр

Қарт әйел 77 жыл бұрын жоғалып кеткен сүйіктісінен хат алды

Ғашықтар соңғы рет 1941 жылы хат алмасқан

Ұлыбританияның 99 жастағы тұрғыны Филлис Понтинг Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде хабарсыз кеткен сүйіктісі Билл Уокерден хат алды, деп жазады The Independent.

Ғашықтар соңғы рет 77 жыл бұрын — 1941 жылы хабарласқан. Ол кезде Үндістанда әскери қызметте жүрген жігіт қызға үйленейік деп ұсыныс айтқан екен. Қыз келісетінін жазып, хат жіберген. Алайда, одан кейін Билл із-түзсіз кеткен. Филлис жігіт өз ойынан айнып, хабарласпауды жөн санаған деп түйген де басқа адамға күйеуге тиген.

Жігіттің хаты Ирландия жағалауларында батып кеткен жүк кемесінен табылды. Оны неміс сүңгуір қайықтарының бірі тапқан. Билл Уокер хатында: «Хатыңды ашар кезде сенің жанымда болғаныңды армандаған едім. Көз жасымды тыя алмадым. Маған қандай бақыт сыйлағаныңды білсең ғой, қымбаттым», — деп ағынан жарылған екен.

Төрт бала тауып, олардан төрт немере, жеті шөбере көріп отырған Филлис Понтинг бұл оқиға жайында былай дейді: «Билл соғыстан аман қалмаған болар. Әйтпесе, ол міндетті түрде мені тауып келер еді. Отау көтерер едік. Ол мені қатты сүйген».

Археологтар Атлант мұхитының түбіне кеткен кемеден Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазылып, діттеген жеріне жетпеген 700-ге жуық хат тапқан. Олар Лондондағы Пошта музейіне қойылды.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!