Біліп жүр

Кәсіп жүргізуді үйрететін 6 кино

Кәсіп ашып, оны қалай жүргіземіз?

Кәсіп бастамас бұрын кез келген адам саланы зерттеп, талдау жүргізіп, бизнес жайлы кітап оқып, тренингке қатысады. Бұл қатарға бизнес жүргізу жолын үйрететін кино тізімін қосамыз.

Mad Men (Ессіздер)

Ел: АҚШ, 2007 жыл
Жанр: драма
Ұзақтығы: 92 серия

Сериалдың басты кейіпкері – Дон Дрейпер. АҚШ-тағы «Стерлинг Купер» агенттігінде жарнама бойынша жұмыс істейді. Дон өнімді ұсынуды, адамның эмоциясымен ойнап сату жолын үйретеді. Сонымен қатар Донның әріптестерінің де өнімді сату жолындағы қызықты оқиғалары баяндалады. Кәсібіңіздің өнімін қалай сатып бастаймын деген ой мазаласа, киноны міндетті түрде қараңыз.

Six Feet Under (Клиент әрдайым өлі)

Ел: АҚШ, 2005 жыл
Жанр: драма
Ұзақтығы: 63 серия

Фишер – белгілі кәсіпкер. Қайғылығы оқиғадан көз жұмады. Отбасылық кәсіпті ұлдары жалғастыруы керек. Бұған дейін тату болмаған ағайындылардың қарым-қатынасы осы жағдайдан кейін тіпті шиеленіседі. Фишердің бизнесін жоюға тырысқан компаниялар да пайда болады. Кәсіпті қайта аяққа тұрғыза алады ма әлде құрдымға кетеді ме? Сұрағаңызға жауап алу үшін міндетті түрде киноны көріңіз.

How to Make It in America (Америкада қалай жетістікке жетуге болады)

Ел: АҚШ, 2010 жыл
Жанр: комедия, драма
Ұзақтығы: 16 серия

Кэм және Бен – дизайн, сән әлеміне қызығатын адамдар. Кәсібін бастауға және жеке киім брендін шығаруға шешім қабылдайды. Қаражатты заңсыз жолмен табатын Кэмнің немере ағасы Рэннен алады. Бұл істері кәсібіне кедергі болады ма? Достардың бір-біріне деген адалдығы қалай өрбиді?

Billions (Миллиарды)

Ел: АҚШ, 2016 жыл
Жанр: драма
Ұзақтығы: 55 серия

Миллиардер Бобби Аксельрод пен прокурор Чак Роадс арасындағы қақтығыс. Прокурор Чак Роадс Боббидің қаржы компаниясы заңсыз іспен айналысады және ол миллиардтаған қаражатты адал жолмен таппайды деп айып тағады. Әділдік әлде ақша? Шытырман оқиғаға толы кино кез келген адамды бейжай қалдырмайтыны анық.

Start-Up (Стартап)

Ел: Ресей, 2014 жыл
Жанр: драма
Ұзақтығы: 92 минут

Киноның үш бас кейіпкері – бір-біріне мүлдем ұқсамайтын адамдар. Ник – әкесінің компаниясында жұмыс істейтін қаржыгер. Иззи – бағдарламашы (программист). Ал Роналд – жергілікті бандиттер тобының басшысы. Иззи өзінің жобасы үшін ақша іздейді және оны Никтен алады. Кейін оларға Рональд қосылады. Қылмыстық өмірден алшақтап, отбасының болашағы жарқын болғанын қалайды.

Halt and Catch Fire (Тоқта және күйдір)

Ел: АҚШ, 2014 жыл
Жанр: драма
Ұзақтығы: 44 серия

80-шы жылдағы компьютер индустриясының қалыптасуы жайлы туынды. Джо Макмиланның ойына компьютер құрып, кәсіп бастау идеясы келеді. Ол жаңадан құрған компаниясына өзін түсінетін, идеясын жүзеге асыратын адамдарды іздейді. Көп уақыт өтпей өз ісінің нағыз мамандарын кездестіреді. Әріптестері тынымсыз еңбек етеді. Джо және оның серіктестері IT-саласының үздік мамандарына айнала алады ма?

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!