Балбал порталы әлемнің 51 тіліне аударылып, 109 мемлекеттің кітап дүкендерінде 27 миллион данасы сатылған «Бай әке, кедей әке» кітабының авторы Роберт Кийосакидің нақыл сөздерін топтастырып, назарларыңызға ұсынады.
«Ертең» деген сөзді көп қолданатын адам – кедей, жолы болмағыш, ауру адам.
Қазіргі күндегі ең басты қатер – әрекетсіздік.
Бос уақытымды тиімді пайдаланғанымның арқасында мен қазір баймын.
Өмір ақша мен уақыттың ойынынан тұрады.
Бастыққа немесе ірі компанияға жұмыс істеу ақша мәселесін шешпейді.
Әрбір адамға жаны қалайтын ісімен айналысу үшін қол, аяқ, бас және аптасына 168 сағат берілген.
Біз – өз әдеттеріміздің құлымыз. Әдебіміз түзелсе, өміріміз де өзгереді.
Адамды кедей қылатын – сылтау.
Ең бағалы нәрсе – уақыт. Адамдардың көбі оны дұрыс пайдалана алмайды. Уақытын өзін емес, өзгені байытуға жұмсайды.
Бүгінде миллиондаған адам болашағы жоқ жұмысқа күш жұмсап, ақшасын бос құртумен айналысуда.
Мен қораның сыртындағы өмірдің қорқыныш тудыратынын білемін. Жұмыстағы қиындықтар, ақшадан тапшылық және мүмкіндік жоқтай көрінеді. Алайда, мен сізді ондағы өмірдің біте қайнасып жатқанына сендіргім келеді. Әрекетке, қуатқа толы. Бар мәселе сіздің қайдан қарап тұрғаныңызда, қораның сыртынан ба, ішінен бе?
Өзгеге берген ақшаң өзіңнен бұрын соларға қызмет атқарады.
Мәселе сіздің қанша ақша тапқаныңызда емес, қанша ақша жинағаныңызда және оның сіздің қанша ұрпағыңыздың пайдасына жарайтындығында.
Нағыз қаржыландырушы өзінің инвестицияларына адал бола бермейді.
Табысқа жетудің кілті – өзгелердің көрмегенін көре білу.
«Мүмкін емес» сөзі сіздің шамаңызға тосқауыл қояды. «Не істесем болады?» деген сұрақ миыңызды жұмыс істетеді.
Сіздің миыңыз барлығын істей алады. Мысалы, қол жаттыға алмайтынын, аяқ әлсіз екенін, іш май басқанын білмейді. Оның бәрін білетін – ми. Сондықтан ең бастысы – өз-өзіңді сендіре білу.
Кәсіби инвестор нарыққа кіру, нарықтан шығу уақытын және өз ақшасын ойын үстелінен қалай алып кетуді білуі керек.
Жеңілістен қорықпаңыз. Жеңімпаздар жеңілуден қорықпайды.
Өміріңді өзгерткің келсе, бірінші ойыңды өзгерт.
Кедей және жағдайы орташа адамдар үшін ақша жинау – жақсы кеңес. Ал байлыққа жетемін деушілер үшін түкке тұрғысыз ақыл.
Адамдар жеңілістен қорыққандықтан жеңіледі.
Біз ең алдымен ақшаның жаман емес екенін түсінуіміз керек. Ақша да қарындаш секілді құрал. Қарындашпен керемет махаббат хатын немесе жұмыстан кету туралы арыз жазуға болады. Оны жазуға ыңғайлы етіп үшкір қылып жасағандықтан көз шұқуға да бейімделген. Мәселе құралда емес, соны қолданатын адамның әрекетінде.
Экономикалық құлдырау кезінде көп адамдар бар тауарын арзан бағада сатады. Көпшілікке танымал емес, бірақ болашақта табысқа жететін инвестицияны іздеу керек. Ең жақсы инвестициялар таныстардың арасында ыңғайлы бағада сатылады.
Сылтау деген өзіңді-өзің алдау. Бала сияқты қыңқылдап, наразылық танытуды доғару керек. Сылтау адамды кедей қылады.
Кәсіби қаржыландырушы тек бір бағытта жұмыс істейтін, қажет кезінде басқа бағытқа шығуға мүмкіндігі жоқ жобаға қаржы салмайды.
Жалдамалы жұмысшыларды өз қаржыларын басқаруға үйретпесе, қартайғанда зейнет көремін деп жинап жүрген ақшасының қайда құйылып жатқанынан бейхабар етсе, онда ол қалайша өз өмірін басқара алады?
Ақшаңды жұмыскеріңдей көріп, оған жұмыс тауып бер. Ақшаға қамқор болсаң, ол да саған адалдығын көрсетеді. Ал, өзін орынсыз шашып, сыйламайтын адамдарға ақша да үйір болмайды.
Егер өз өміріңді басқарғың келсе, ақшаны қалай жұмсағаныңның есебін білуің керек. Егер олай істей алмасаң, ақшаңды басқа біреуге яғни зейнетақы қорына бергенің дұрыс.
Сәтсіздік – сені жетістікке жетелейтін бір жол. Сәтсіздіктен қашатын адамдар жетістіктен де қашады.